Об упорядочении нормы потребления тепловой энергии в виде отопления Қолданыста
Басқа 0
Жылу энергиясын жылыту түрде тұтыну мөлшерін реттеу туралы
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасы мен төраға орынбасарының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 03-2-10/312 және 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 05-2-3-12/1622, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің 2001 ылғы 18 сәуірдегі № 03/514 ұйғарулары мен ұсыныстарын орындауда ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 586 «Жылу тұтыну мөлшерін бекіту туралы» шешімінің оны қабылдау сәтінен бастап күші жойылсын.
Тармақ 2
2. 1999 жылдың 1 сәуірінде қолданған жылу энергиясын тұтыну нормасы жылу беру маусымында алты айлық мерзімінің есебінде төлеумен бір шаршы метрге 0,024 Гкал мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Атырау ЖЭО» акционерлік қоғамы (М.Қалиев) тұтынушылар тұтынған жылу беру түрінде бір шаршы метр алаңға 0,024 Гкал тұтыну нормасымен алты айлық жылу беру мерзіміне есептеу арқылы есеп айырысу жүргізсін.
Тармақ 4
4. Атырау қаласы әкімі (Д. Тұрғанов.) «Атырау ЖЭО» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып тұргын үйлерде жалпы үйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға шыққан шығындарды бір ай мерзім ішінде есептеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 88 «Жылу энергиясының тұтыну мөлшерін бекіту туралы» шешімі күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Мақашевқа жүктелсін.