Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Күшін жойған
Басқа 0
Орта білім беру ұйымдарында
психологиялық қызметтің
жұмыс істеу Қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-6) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 шілдедегі
№ 254 қаулысымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің қағидалары (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-тармағындағы 24-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысы орта білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ осы Қағидалардың аясында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 4
4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне және педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
Тармақ 5
5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
Тармақша 1
1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудың осы қағидаларын;
Тармақша 2
2) орта білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
Тармақша 3
3) орта білім беру ұйымдарының басшымен бекітілетін психологиялық диагностикалау (бұдан әрі - психодиагностикалау), психологиялық тренингтердің, дамыту және түзету жұмыстарының бағдарламаларын;
Тармақша 4
4) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
Тармақша 5
5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін;
Тармақша 6
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық дамуы туралы жеке карталарын топтық психологиялық портреттерін;
Тармақша 7
7) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын;
Тармақша 8
8) орта білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
Тармақша 9
9) белгіленген кезеңдерде (жартыжылдық, жылдық) Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалы есептерді қамтиды.
Бөлім 2. 2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 6
6. Психологиялық қызметтің мақсаты – орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Тармақ 7
7. Психологиялық қызметтің міндеттері:
Тармақша 1
1) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан көмек көрсету;
Тармақша 3
3) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
Тармақша 5
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың және тәрбиеленушілердің мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар (заңды өкілдіктер) мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Тармақ 8
8. Психологиялық қызмет өз қызметін психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Психодиагностикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық диагностикалау;
Тармақша 2
2) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
Тармақша 3
3) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
Тармақ 10
10. Консультациялық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналар (заңды өкілдіктер) мен педагогтарға олардың сұранысы бойынша консультация беру;
Тармақша 2
2) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналар (заңды өкілдіктер) мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау мәселелері және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультацияжүргізу;
Тармақша 3
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық қолдаукөрсету;
Тармақша 4
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Тармақ 11
11. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және педагогтардың өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
Тармақша 2
2) білім алушылар, тәрбиеленушілер бейімсіздігінің психологиялық алдыналу;
Тармақша 3
3) педагогтарды аттестаттауда әлеуметтік-психологиялық қолдау;
Тармақша 4
4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық - педагогикалық консилиумдарының жұмысынаықпалету.
Тармақ 12
12. Түзету-дамытушылық бағыттар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
Тармақша 2
2) білім алушылар, тәрбиеленушілер мен педагогтардың тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) тұлғааралық жанжалдық қатынастарды түзету.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
Тармақша 1
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері аясында шығатын мәселелерді шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға тағы басқа) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
Тармақша 2
2) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
Тармақ 14
14. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы уәкілетті орган үйлестіреді.
Тармақ 15
15. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен өзара әрекеттеседі.
Тармақ 17
17. Психологиялық қызметтің педагог-психологі өз қызметінде:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;
Тармақша 4
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
Тармақша 5
5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланысының әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетуді заманауи әдістерін біледі;
Тармақша 6
6) барлық оқу кезеңінде білім алушының, тәрбиеленушінің жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
Тармақша 7
7) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
Тармақша 8
8) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға (заңды өкілдіктеріне) жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
Тармақша 9
9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайдағы педагогтарға, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
Тармақша 12
12) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
Тармақша 14
14) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
Тармақша 15
15) білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (заңды өкілдіктер) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
Тармақша 16
16) білім алушылармен, ата-аналармен (заңды өкілдіктермен) және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;
Тармақша 17
17) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың жеке істерімен танысады;
Тармақша 18
18) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;
Тармақша 19
19) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
Тармақша 20
20) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығады;
Тармақша 21
21) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады.
Тармақ 18
18. Педагогикалық қызметтің педагог-психолог мамандығы бойынша жоғары білімі болуы керек.
Тармақ 19
19. Педагогикалық қызметтің педагог-психологі:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
Тармақша 2
2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын;
Тармақша 3
3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын қадағалайды.
Бөлім 3. 3. Қорытынды ереже
3. Қорытынды ереже
Тармақ 20
20. Психологиялық қызметтің жұмысын орта білім беру ұйымының басшысы қамтамасыз етеді және бақылайды.