Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот на территории города Экибастуза Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы «Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» № 178 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету және спорттық инфрақұрылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Екібастұз қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы «10» шілдедегі № 789/7 қаулысына қосымша Екібастұз қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері № п/п Азаматтар санаты Жеңілдіктер мөлшері 1. 7 жасқа дейінгі балалар Тегін 2. Көп балалы отбасыларынаң оқушы – балалар Тегін 3. Балалар үйлерінен оқушы – балалар Тегін 4. Спорт ардагерлері Тегін 5. Оқушылар Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегіжеңілдік 6. Студенттер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегіжеңілдік 7. Зейнеткерлер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегіжеңілдік Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.