Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативтерін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 358-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкері нормативіне кіретін ағымдағы шығындар тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы жыл сайын қаржы жылына бюджетті құрау кезінде ағымдағы шығындар нормативіне Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін тиісті тұтыну бағаларының индекстерін қолданатын болсын.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы
Қызылорда облысы әкімінің
2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 380
шешімімен бекітілген
1 қосымша
2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативі
1 қызметкерге ағымдағы шығындар нормативі (мың теңге)
Мемлекеттік органның облыстық аппараты үшін
Мемлекеттік органның аудандық және Қызылорда қалалық аппараттары үшін
Мемлекеттік органның Арал және Қазалы аудандық аппараттары үшін
Мемлекеттік органның ауылдық және
Қыстақтық аппараттары үшін
Мемлекеттік органның Арал және Қазалы аудандарындағы ауылдық, қыстақтық және қалалық аппараттары үшін
Норматив
411
295
331
211
246
Жергілікті органдарды ұстауға кететін шығындар былайша анықталады
Е = N х L
L - жергілікті органдардың қызметкерлерінің штаттық санының лимиті
М - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне ағымдағы шығындар нормативі
Басқа 5
Қазақстан Республикасы
Қызылорда облысы әкімінің
2000 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 380 шешімімен бекітілген
2 қосымша
2001 жылға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкері нормативіне кіретін ағымдағы шығындар тізбесі
Тармақ 111
111. Негізгі жалақы
Тармақ 112
112. Қосымша ақшалай төлемдер
Тармақ 113
113. Жеңілдіктер бойынша өтемақы төлемдері
Тармақ 121
121. Әлеуметтік салық
Тармақ 133
133. Ағымдағы шаруашылық мақсатқа құралдар мен материалдар сатып алу
Тармақ 134
134. Жұмсақ бұйымдар мен киім-кешек сатып алу
Тармақ 136
136. Іс сапар шығыны
Тармақ 138
138. Ғимарат жалдау төлемі
Тармақ 141
141. Коммуналдық қызметтер төлемі
Тармақ 142
142. Байланыс қызметтері төлемі
Тармақ 144
144. Электр энергиясы төлемі
Тармақ 145
145. Жылу төлемі
Тармақ 146
146. Ғимараттық қызметтер бойынша төлем
Тармақ 147
147. Көлік қызметтері
Тармақ 151
151. Жабдықтар мен бұйымдарды ұстау және ағымдағы жөндеу
Тармақ 152
152. Ғимараттарды, үйлерді ұстау және ағымдағы жөндеу
Тармақ 159
159. Басқалай ағымдағы шығындар