Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында автомобиль
тасымалдарының рұқсат беру жүйесін
халықаралық қатынаста қолдану
қағидаларын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырыуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 29 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 маусым
Басқа 0. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 353 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелік ететін отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады:
Тармақша 1
1) автобустар, шағын автобустар;
Тармақша 2
2) жүк автомобильдерi (тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);
Тармақша 3
3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);
Тармақша 4
4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбінесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып автокөлiк құралдарына рұқсат беру карточкасы (бұдан әрі – рұқсат беру карточкасы) – автокөлiк құралын жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретiн құжат;
Тармақша 2
2) жолсапар – автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне жүруi және жөнелту пунктiне керi оралуы;
Тармақша 3
3) жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру куәлiгi (бұдан әрі – рұқсат беру куәлiгi) – Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретiн құжат;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
Тармақша 6
6) отандық рұқсат – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар);
Тармақша 7
7) отандық тасымалдаушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 8
8) рейс – автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне дейiн жүрiп өтуi;
Тармақша 9
9) рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, арнайы рұқсат);
Тармақша 10
10) рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасы (бұдан әрi – алмасу квотасы) – шет мемлекеттермен алмасу үшiн келiсiлген шетелдiк рұқсаттардың саны;
Тармақша 11
11) транзиттiк жүрiп өту (транзит) – жөнелту және межелi пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан мемлекеттiң аумағы арқылы жүкпен немесе жүксiз автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi;
Тармақша 12
12) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;
Тармақша 13
13) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» және «Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін автоматты өңдеуді және қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 14
14) үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар – автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын екi мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау;
Тармақша 15
15) шетелдiк рұқсат – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағымен жүріп өтуіне рұқсат қағаз және электронды түрде болып бөлінеді (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдар);
Тармақша 16
16) шетелдік тасымалдаушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
Тармақша 17
17) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 18
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру жүйесi Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрi - Келiсiм) және осы Қағидаларда айқындалады.
Тармақ 5
5. Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шет мемлекеттiң аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi мынадай түрлердегi шетелдiк рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жүктерді тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;
Тармақша 2
2) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;
Тармақша 3
3) күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар.
Тармақ 6
6. 2023 жылғы 17 мамырдағы жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар:
Тармақша 1
1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен «А» түрiнiң рұқсаты;
Тармақша 2
2) баратын және керi қайтатын бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде «В» түрiнiң рұқсаты;
Тармақша 3
3) екі жақты және транзиттік қатынастарда жүктерді тасымалдау үшін «С» түрiнiң рұқсаты;
Тармақша 4
4) үшінші елдерге/елдерден жүктерді тасымалдау үшін «D» түрiнiң рұқсаты.
«А», «В», «С», «D» түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын айқындау
1-параграф. Шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын айқындау
Тармақ 7
7. Алмасу квотасы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 8
8. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісім бойынша жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті алушы шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы шетелдік рұқсатты беру және пайдалану статистикасы негізінде жалпы жиынтық деректерді қалыптастырады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат құжаттармен алмасу квотасын және олардың қолданылу мерзімін келіседі.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына отандық рұқсат бланкiлерiн беруді отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсаттарды шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісілген мөлшерде алуды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Шетелдiк рұқсаттар өткен жылы пайдалануын ескере отырып, көрсетілетін қызметті беруші тарапынан автоматты режимде АЖ арқылы бөлінеді.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды береді.
Тармақ 13
13. Министрліктің интернет-ресурсына күнделікті отандық тасымалдаушыларға берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттардың санын көрсете отырып, рұқсаттар туралы деректер орналастырылады.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушылар шетелдiк рұқсаттардың белгіленген алмасу квотасынан тыс қажеттілігі туындаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттiң құзыретті органдарымен ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсаттарды алмасу квотасын келiседi.
Тармақ 2. 2-параграф. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру
2-параграф. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру
Тармақ 15
15. Шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.
Тармақ 16
16.
Көрсетілетін қызметті алушы «Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін Портал арқылы осы
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты емес
тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға сұрау салуды (бұдан
әрі-сұрау салу) толтырады.
Мемлекеттік
қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік
қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік
қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін
қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті
берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс
графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап
етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден
бас тарту осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің
аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін
қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу
толтырылады.
Көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік корпорацияда оның нәтижесінің мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы не оны қабылдаудан бас тарту туралы мәртебе көрсетіледі.
Отандық тасымалдаушы сұрау салуда ұсынылатын
мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Шетелдік рұқсат алуға сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі.
Тармақ 17
17. Сұрау салуды қарауды АЖ жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) шетелдік рұқсаттардың сұратылатын түрлері болған кезде;
Тармақша 2
2) жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның бар болған кезде;
Тармақша 3
3) сұратылған шетелдік рұқсаттар түрлерінің жиынтығы болған кезде (бір автокөлік құралына шетелдік рұқсаттардың бірнеше түріне өтініш берген жағдайда);
Тармақша 4
4) қолданыстағы рұқсат куәлігі болған кезінде;
Тармақша 5
5) ұсынылған автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат беру карточкасы болған кезінде;
Тармақша 6
6) соңғы он екі айда сұрау салуда көрсетілген автокөлік құралдарына алынған қайтарылмаған шетелдік рұқсаттар бойынша мәліметтер болмаған кезде;
Тармақша 7
7) соңғы алты айда сұрау салуда көрсетілген автокөлік құралының осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету кезінде;
Тармақша 8
8) көрсетілетін қызметті алушы соңғы үш ай ішінде осы Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) 29-тармағында белгіленген талаптарды үш реттен артық бұзуға жол бермеген кезде;
Тармақша 9
9) көрсетілетін қызметті алушы соңғы алты айда бұрын алған шетелдік рұқсаттарды қайтарылмаған және (немесе) пайдаланылмаған фактілері болмаған кезде;
Тармақша 10
10) көрсетілетін қызметті алушының соңғы жиырма айда осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші абзацының талаптарын сақтамау фактілері болмаған кезде.
Бұл ретте, шетелдік рұқсат алуға сұрау салу басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаты пайдаланылған автокөлік құралына, сондай-ақ шетелдік рұқсатты басқа отандық тасымалдаушыға берген көрсетілген қызметті алушының автокөлік құралдарына АЖ-дан бас тартылады.
Осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларының талаптары жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қолданылмайды.
Электрондық түрдегі шетелдік рұқсаттар рұқсат беру куәлігі мен рұқсат карточкасы түріне қарамастан беріледі.
Автокөлік құралдарын есепке алу, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарының бұзылуын тіркеу ИАЖ арқылы автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі (VIN) бойынша жүргізіледі.
Тармақ 17-1
17-1. Осы Қағидалардың 17-тармағының 6) және 10) тармақшаларында көрсетілген мерзімдерді есептеу кері тәртіппен жүргізіледі және мерзім сұрау салу келіп түскен күннен басталып, соңғы айдың тиісті күнімен аяқталады, ал егер соңғы айда мұндай күн болмаса, мерзім сол айдың соңғы күнінде аяқталады.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті алушыға бұрын шетелдік рұқсаттар алынған автокөлік құралын ауыстыруға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 50 (елу) күн ішінде осы Қағидалардың 34-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацының талаптарын ескере отырып жол беріледі. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрын берілген шетелдік рұқсатқа автокөлік құралын ауыстыруға сұрау салуды толтыруы қажет.
Автокөлік құралын ауыстыру осы автокөлік құралына рұқсат карточкасын алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан жалға алу құқығындағы автокөлік құралына ауыстыруға сұрау салу берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 50 (елу) күн бұрын немесе көрсетілетін қызметті алушының теңгеріміндегі автокөлік құралына жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзім, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан автокөлік құралына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы автокөлік құралын ауыстыру кезінде осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген мерзім өзгермейді.
Тармақ 19
19. Осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша екі қосымша өтінімге дейін беруге және олар бойынша жиынтығында жүктерді тасымалдауға төрт шетелдік рұқсаттан аспайтын рұқсат алуға жол беріледі.
Тармақ 19-1
19-1. Осы Қағидалардың 28-тармағының талаптары сақталған кезде, шет мемлекеттердің шекарасы жабылған, автокөлік құралының шет мемлекеттің аумағы арқылы өту қозғалысы шектелген немесе қамауға алынған жағдайларда пайдаланылмай қайтарылған шетелдік рұқсаттар, АЖ-ға қайтарылған ретінде есепке алынады.
Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының жазбаша өтініші негізінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайларды растау үшін шет мемлекеттің уәкілетті органына немесе Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктеріне сұрау салуды жібереді және растауды алғанға дейін АЖ-дағы шетелдік рұқсаттар қайтарылған ретінде есепке алынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген фактілерді растау болмаған кезде АЖ-ға бұрын қайтарылған шетелдік рұқсаттарға «пайдаланылмаған» мәртебесі беріледі.
Тармақ 20
20. Осы Қағидалардың 17 және 19-тармақтарында көзделген мәліметтер сәйкес келген және болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға алым сомасын төлеу үшін шот қойылады.
Төлем ЭҮТШ арқылы шетелдік рұқсаттың бар екендігі туралы АЖ расталған кезден бастап, 3 (үш) сағат ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Көрсетілетін қызметті беруші жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен кезде бір жұмыс күні ішінде ресімдейді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Сағат 16:00-ден кейін АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен кезде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар ресімделеді және осындай хабарлама келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Тармақ 22
22. Жүктерді тасымалдау үшін бір сұрау салуға жол жүру бағыты бойынша әртүрлі түрлері 9 (тоғыз) шетелдік рұқсаттан және электрондық шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, бір түрдегі 2 (екі) шетелдік рұқсаттан артық емес рұқсат беріледі.
Тармақ 23
23.
Шетелдік рұқсаттар автокөлік құралдарына беріледі, жүкті
түсіру үшін механикалық еңкейтілетін тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және
өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмағанда.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарламаға автоматты түрде қол қойылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының, оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 25
25. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Мемлекеттік корпорация және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 27
27. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне, сол сияқты отандық тасымалдаушының басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін пайдалануына жол берілмейді.
Отандық тасымалдаушының осы тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына (тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоспағанда) шетелдік рұқсаттарды пайдалануына, тазартылатын автокөлік құралдарынан басқа жол берілмейді.
Осы тармақтың талаптары бұзылған кезде АЖ-дағы шетелдік рұқсаттар басқа тасымалдаушыға берілген ретінде есепке алынады.
Тармақ 28
28. Шетелдік рұқсаттар рәсімделген автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы (Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өткізу пункттерін қоспағанда) шығу мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама қызмет алушының жеке кабинетіне жіберілген күннен бастап күнтізбелік 50 (елу) күннен аспауға тиіс.
Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан, шетелдік рұқсаттар алынған және олардың пайдалану мерзімі өткен автокөлік құралдарына, сондай-ақ осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберілген күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан шыққан автокөлік құралдарына қолданылмайды.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында орналасқан жолаушыларды, багажды және жүктерді тұрақты емес тасымалдауға арналған пайдаланылған шетелдік рұқсаттар, өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік рұқсаттар ресімделген автокөлік құралы кірген сәттен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірілмей, көрсетілетін қызметті берушіге жеке түрде берілген жері бойынша қайтарылуға жатады.
Тармақ 30
30. Электрондық рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
Аумақтық органдарға қайтарылған шетелдік рұқсаттар ай сайын 5-ші күнге дейін уәкілетті органға беріледі және олардың қолданылу мерзімі аяқталған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.
Тармақ 31
31. Көрсетілетін қызметті беруші АЖ қайтарылған шетелдік рұқсаттарды – олардың нөмірі бойынша тасымалдаушылар бөлінісінде келесі мәліметтерді көрсете отырып есебін жүргізеді:
көрсетілетін қызметті алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;
түрі, қолданылу мерзімі, шетелдік рұқсаттың қайтару күні және шетелдік рұқсаттың нөмірі;
шетелдік рұқсат пайдаланылған автокөлік құралының (тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралын кесіп өту (кіру/шығу) өткізу пунктінің атауы.
Мемлекеттік тіркеу нөмірімен тасымалдаушының белгісіне және атауына мәліметтерді түзету тазарту және сызып тастау белгілері бар шетелдік рұқсаттар қайтарылған жағдайда АЖ-ға түзетілген мәртебе қойылады.
Осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген жағдайларда қайтарылмаған шетелдік рұқсаттар қайтарылған ретінде есепке алынады.
Тармақ 32
32. Көрсетілетін қызметті алушы жоғалтқан, автокөлік құралын тұтану кезінде жою не оны шет мемлекеттердің бақылаушы органдары алып қою салдарынан жоғалған шетелдік рұқсаттар АЖ-да осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарын бұзбай қайтарылған ретінде есепке алынады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайлардың туындағаны туралы олар туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мынадай құжаттарды қоса бере отырып, аумақтық органға жазбаша хабардар етеді:
Тармақша 1
1) құзыретті органдар шетелдік рұқсатты алып қойған кезде – алып қою актісі немесе хаттама;
Тармақша 2
2) автокөлік құралының өртенуі салдарынан шетелдік рұқсат жойылған кезде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызметінен не шет мемлекеттің құзыретті органынан автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тіркей отырып, оның фотосуретін қоса бере отырып, анықтама;
Тармақша 3
3) шетелдік рұқсат жоғалған кезде – жоғалған рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулардың орналастырылғанын растайтын полиция органдарында тіркелген өтініштердің және құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып.
Күнтізбелік жыл ішінде қайтарылған шетелдік рұқсаттар осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарын АЖ-да бұзбай қайтарылған болып ескеріледі:
онға дейін теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – үш шетелдік рұқсат;
он бірден жиырмаға дейін теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – алты шетелдік рұқсат;
жиырма бірден отызға дейін теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – тоғыз шетелдік рұқсат;
отыз бірден аса теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – он екі шетелдік рұқсат;
Қайтаруға рұқсат етілген шетелдік рұқсат құжаттарының есебі осы тармақтың талаптары бұзылмаған жағдайда, пайдаланушы автокөліктерінің саны мен шетелдік рұқсат беру қолдануға жарамды рұқсат беру карточкаларының негізінде, жылдық күнтүзбелік 1 қаңтарындағы жай-күйі бойынша жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгеннен асатын жоғалған шетелдік рұқсаттар, АЖ-да қайтарылмағандар ретінде есепке алынады.
Тармақ 33
33. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттарды көрсетілетін қызметті бершіге қайтаруы осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде кіріс хат-хабарларды қабылдауды жүзеге асыратын адам ілеспе хаттың көшірмесіне қабылдау күні мен уақыты, сондай-ақ қайтарылатын шетелдік рұқсаттардың саны көрсетіле отырып, оны қабылдағаны туралы жазба қояды.
Аумақтық орган жалпы кіріс хат-хабарларды тіркеудің ақпараттық жүйесінде шетелдік рұқсаттарды қайтару туралы ілеспе хатты тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде АЖ-ға қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы мәліметтерді енгізеді.
Қайтаруды жүзеге асыру кезінде сағат 16:00-ден кейін қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы мәліметтер АЖ-ға келесі жұмыс күні енгізіледі.
Осы Қағидалардың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер сәйкес келмеген кезде қайтарылған шетелдік рұқсаттарда АЖ-да шетелдік рұқсаттарды алуға арналған сұрау салуда көрсетілген мәліметтермен, сондай-ақ түзетулер белгілерінің болуы кезінде мұндай рұқсаттар АЖ-да қайтарылмаған ретінде есепке алынады және бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны 5 (бес) жұмысшы ішінде жазбаша хабардар етеді олар қайтарылған күннен бастап күндер.
Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шетелдік рұқсаттар, сондай-ақ АЖ-да пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар қайтарылмаған ретінде есепке алынады.
Тармақ 34
34. Көрсетілетін қызметті беруші, шетелдік рұқсатты беру үшін шетелдік рұқсатты ресімдеген кезінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағандарына жазылады (қойылады):
Тармақша 1
1) тасымалдаушының атауы және заңды мекенжайы (шарикті қаламсаппен, қара көк түсті, баспа әріптері бар өшірілмейтін сиямен жазылады);
Тармақша 2
2) шетелдік рұқсат берілген күні және берген аумақтық органның мөрі;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын адамның қолы қойылады;
Тармақша 4
4) шетелдік рұқсат берілген автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі (шарикті қаламсаппен, қара көк түсті, баспа әріптері бар өшірілмейтін сиямен жазылады).
Осы тармақтың 4) тармақшасының күші белгілі бір түрдегі және елдегі шетелдік рұқсаттарға қолданылады, оларды пайдалану үшін өткен жылы АЖ деректері бойынша алынған олардың жалпы санының 70 және одан да көп пайызын құрады және көрсетілген қызметті алушыға қатысты ғана осындай шетелдік рұқсаттарды қайтару пайызы 60 %-дан аз құрайды.
Осы тармақтың 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа түзетулерге және (немесе) өзгерістерге, егер олар көрсетілетін қызметті беруші куәландырған жағдайда, мұндай түзетулерді және (немесе) өзгерістерді енгізу тиісті шет мемлекеттің көлік саласындағы құзыретті органымен жазбаша түрде және (немесе) халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері бойынша келіссөздер барысында келісілген және келіссөздер хаттамасында көрсетілген жағдайда жол беріледі.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Тармақша 1
1) Министрліктің – www.transport.gov.kz «Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
Тармақша 2
2) «Электрондық үкіметтің» вэб-порталы.
Тармақша 3
3) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Тармақша 4
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Тармақша 5
5) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру
3-параграф. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру
Тармақ 36
36. Шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді – Мемлекеттік корпорация.
Тармақ 37
37. Көрсетілетін
қызметті алушы «Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен
тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша, күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен
багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсатқа отандық
тасымалдаушыларға алуға сұрау салуды (бұдан әрі - шетелдік рұқсат алуға сұрау салу),
алуға Портал арқылы толтырады.
Мемлекеттік
қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын,мемлекеттік
қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік
қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін
қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті
берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс
графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап
етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден
бас тарту осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес «Халықаралық қатынаста
жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына
(аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.
Портал арқылы көрсетілетін
қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы шетелдік рұқсат алуға сұрау салу толтырылады.
Мемлекеттік қызмет
көрсету туралы хабарламаға автоматты түрде қол қойылады және аумақтық орган
басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық
құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Шетелдік рұқсат алуға
сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі.
Тармақ 38
38. Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану
мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк
рұқсатты алуға сұрау салуды қарастыруды АЖ және порталда мәліметтер
болған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1)
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарты;
Тармақша 2
2) сұрау салынатын түрдегі
шетелдік рұқсаттар;
Тармақша 3
3) жолаушыларды облысаралық қалааралық,
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы;
Тармақша 4
4) алым сомасы төленген.
Көрсетілетін қызметті беруші жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылға ресімдейді және АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Сұрау салу кезігде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы,
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық
белгілейтін құжаттар, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына
лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты
тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін
растайтын құжат туралы мәліметті тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден
«электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген мәліметтер сәйкес келген және болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға алым сомасын төлеу үшін шот қойылады.
Төлем ЭҮТШ арқылы шетелдік рұқсаттың бар екендігі туралы АЖ расталған кезден бастап, 3 (үш) сағат ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама автоматты түрде қол қойылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының, оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын тұлғаның, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 41
41. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Мемлекеттік корпорация және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Тармақ 42
42. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 43
43. Отандық тасымалдаушының күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар аумақтық органға қайтаруға жатпайды.
Тармақ 44
44. Көрсетілетін қызметті беруші АЖ берілген шетелдік рұқсаттар олардың нөмірі бойынша тасымалдаушылар бөлінісінде есебін жүргізеді.
Тармақ 45
45.
Көрсетілетін қызметті
беруші шетелдік рұқсатты беру үшін шетелдік рұқсатты ресімдеген кезде тиісті бағандарына жазылады (қойылады):
Тармақша 1
1) тасымалдаушының атауы және заңды
мекенжайы;
Тармақша 2
2) шетелдік рұқсат берген аумақтық органның
берілген күні және мөрі;
Тармақша 3
3)
аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын адамның қолы;
Тармақша 4
4) шетелдік
рұқсат берілген автокөлік құралының
мемлекеттік тіркеу нөмірі.
Шетелдік рұқсаттарда
түзетуге жол берілмейді.
Тармақ 46
46. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Тармақша 1
1) Министрліктің – www.transport.gov.kz «Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
Тармақша 2
2) «Электрондық үкіметтің» вэб-порталы.
Тармақша 3
3) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Тармақша 4
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Тармақша 5
5) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Тармақ 4. 4-параграф. Шетелдiк тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру
4-параграф. Шетелдiк тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру
Тармақ 47
47. Отандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары тиісті жылға айырбасталған рұқсаттардың ішінен береді.
Отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескертілмесе, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.
Шетелдік рұқсаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес айқындалған.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген, тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары:
Тармақша 1
1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
Тармақша 2
2) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;
Тармақша 3
3) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттер арасында рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.
Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 48
48. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.
Тармақ 49
49. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында iлеспе жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн қосымша рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етiледi.
Егер автокөлік құралы тіркелген елге тасымалдау жоспарланған болса, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған қосымша отандық рұқсаттың болуы қажет.
Егер тасымалдау үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына жоспарланған жағдайда тасымалдауларға, қосымша рұқсаттың болуы қажет.
Тармақ 50
50. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, осы Қағидаларың 49-тармағында көзделген тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.
Тармақ 51
51. Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында жүкті қайта тиеп (тиеп/түсіріп), тасымалдау үшінші елдерге/елдерден рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.
Тармақ 52
52. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес құрылған және тіркелген, үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:
халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);
тауардың шығарылуы туралы сертификаты;
жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;
шот-фактура (инвойс);
ветеринариялық сертификат, фитосанитариялық сертификат, өнімдердің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сәйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.
Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 53
53. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа (әуе, теміржол, теңіз) көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыру кезінде пайдаланылатын және автокөлік құралын тиеу орнын растайтын және осындай тасымалдауда оларға еріп жүретін басқа да құжаттар) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағаз талап етілмейді. Бұл ретте осы тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағына кіруге арналған отандық рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 54
54. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.
Тармақ 55
55. Осы Қағидалардың 51-тармағының екінші бөлігінің және 54-тармағының талаптары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарына паромдармен келетін, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына бару үшін;
Тармақша 2
2) халықаралық автомобильдік жүк тасымалдары саласындағы үкіметаралық келісімдер жасалмаған елдерден/елдерге;
Тармақша 3
3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін беруді көздейтін Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісімдер жасасқан елдерден/елдерге жүкті халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын отандық тасымалдаушыларға қолданылмайды.
Тармақ 56
56. 01.01.2025 дейін қолданыста болды - ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 № 239 бұйрығымен.
Тармақ 56-1
56-1. Осы Қағидалардың 51 тармағының екінші бөлігінің және 54 тармағының талаптары:
Тармақша 1
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда;
Тармақша 2
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттардың түпнұсқасын немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасын ұсынған кезде қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ аумағының шегінен тыс қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) тартқышты ауыстыру (қайта тіркеу) арқылы жүзеге асырған жағдайда қолданылмайды.
📌 Ескерту. 56-1-тармақ 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР Көлік министрінің 08.01.2026 № 1 бұйрығымен.
Тармақ 57
57. Шетелдік тасымалдаушыда тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің құзыретті органы растаған рұқсат бланкісі болмаған жағдайда, автокөлік құралының одан әрі жүруіне жаңа отандық рұқсат берілгеннен кейін не әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалғаннан кейін отандық көлік құралына жүкті қайта тиеп немесе қайта тіркей отырып жол беріледі.
Тармақ 58
58. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келіспесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілген автокөлік құралдарымен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктерді немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты қоспағанда, отандық тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған автокөлік құралдарын, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.
Тармақ 59
59. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, соның ішінде халықаралық теңіз өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 60
60. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістің аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде аумақтық органдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын шығу мерзімін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.
Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері баратын және кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.
Тармақ 61
61. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсаттарда жол жүрер алдында мыналарды толтырады:
Тармақша 1
1) тасымалдаушының атауы;
Тармақша 2
2) автокөлік құралының нөмірі;
Тармақша 3
3) жүкті тиеу елі;
Тармақша 4
4) жүкті түсіру елі;
Тармақша 5
5) тасымалданатын жүктің атауы;
Тармақша 6
6) тасымалданатын жүктің салмағы;
Тармақша 7
7) шекарадағы өткізу орны;
Тармақша 8
8) тиеу қаласы;
Тармақша 9
9) түсіру қаласы.
Отандық рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.
Отандық рұқсат бланкісінде мәліметтерді түзетулер, өшірулер не өшірілетін сиямен жазу құралдарын қолдана отырып толтырылған болса, рұқсат жарамсыз болып есептеледі, сол сияқты оның болмауы.
Отандық рұқсат бланкісінің тармақтары толтырылмаған кезде, сондай-ақ егер рұқсатта көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіргені не оның Қазақстан Республикасының аумағынан кеткені туралы белгілер қойылмаса, рұқсат осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделмеген болып есептеледі.
Тармақ 62
62. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
Тармақ 63
63. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында берілген көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті көліктік бақылау органы берген хабарлама орандалмаған кезде халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға және хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқуға жол берілмейді.
Тармақ 64
64. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне жақын көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға қажетті ілеспе құжаттар (халықаралық көлік жүкқұжаты (СМR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жол тасымалдау кітапшасы және тағы басқа құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына талаптарына сәйкес болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша жүргізушілер ұсынылуы тиіс.
Тармақ 65
65. Егер Келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейдi.
Халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын сондай-ақ шетелдік автокөлік құралдарының транзитін, үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларды тіркеу, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды) шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.
Журналда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
Тармақша 1
1) шетел тасымалдаушысының атауы;
Тармақша 2
2) тасымалдаушының елi;
Тармақша 3
3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;
Тармақша 4
4) жөнелту елi;
Тармақша 5
5) межелі елi;
Тармақша 6
6) қатынау маршруты;
Тармақша 7
7) автокөлiк құралының типi, маркасы;
Тармақша 8
8) автокөлiк құралының және тiркемесiнiң нөмiрi;
Тармақша 9
9) рұқсат түрi;
Тармақша 10
10) рұқсатты қолдану мерзiмi;
Тармақша 11
11) рұқсаттың берiлген күнi және нөмiрi (сериясы);
Тармақша 12
12) рұқсатты алған күнi (рұқсат берiлген кезде);
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (бар болса) және күнi, алым сомасы (рұқсат берiлген кезде);
Тармақша 14
14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрiнде рұқсат берiлген кезде).
Тармақ 66
66. Отандық рұқсаттар бланкiлерiнің нысандары баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.
Тармақ 67
67. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкiсiнде мынадай деректемелер болады:
Тармақша 1
1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрi;
Тармақша 2
2) сериясы мен нөмiрi;
Тармақша 3
3) қолданылу мерзiмi;
Тармақша 4
4) тасымалдаушының деректемелерi;
Тармақша 5
5) берiлген орны және күнi;
Тармақша 6
6) құзыреттi органның қолы мен мөрi;
Тармақша 7
7) қозғалыс маршруты;
Тармақша 8
8) автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi;
Тармақша 9
9) жүктiң атауы;
Тармақша 10
10) автокөлiк құралының жүксiз жабдықталған салмағы;
Тармақша 11
11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкiнiң үзбелік бөлiгiнде орналасқан белгiлерi мен мөрiне арналған орындар;
Тармақша 12
12) бланкiнi пайдалану бойынша негiзгi нұсқаулар;
Тармақша 13
13) бланкінің негізгі және үзбелі бөліктеріндегі штрих-коды.
Тармақ 68
68. Автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi кезiнде бақылаушы органның белгiсi бар отандық рұқсат бланкiсiнiң үзбелі бөлiгi бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жiберiледi.
Тармақ 69
69. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсат бланкiлерiн беру сенiмхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (серияларын және шетелдiк рұқсаттардың нөмiрлерiн көрсете отырып) жүзеге асырылады.
Тармақ 70
70. Жыл сайын 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орны бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.
Тармақ 71
71. Мемлекеттік аумақтық кірістер органдары ай сайын үшінші күннен кешіктірмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуі бойынша есепті және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегені туралы түбіртектері бар жүкқұжаттардың көшірмелерін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
1-қосымша
Нысаны_____________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға
шетелдік рұқсатты алуға сұрау салу
___________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН_________________________________________________________
Жолаушыларды облысаралық,
ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ
жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның болуы: лицензия №________,
берілген күні ___________
РКу №__________ қолданылу
мерзімі __________
РК №__________ қолданылу
мерзімі __________
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға
және жүктерді тасымалдауға мынадай шетелдік рұқсаттар беруіңізді сұраймын:
№ р/с
Ел
Рұқсат түрі
Рұқсат жылы
Рұқсат саны
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
(VIN) КҚ сәйкестендіру нөмірі
Мекенжайы______________________________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және
көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға
(БСН____________) беруге үшінші
тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды тұрақты емес
тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды
алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
Дербес деректердің
трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес
деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің
тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы
_________________________________________________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатураларды
ашып жазу:
Т.А.Ә.
(ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру
нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
РКу- жүктерді
халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру
(жүктерді тасымалдау үшін);
РК - ұсынылған автокөлік құралына
рұқсат карточкасы (жүктерді тасымалдау үшін);
VIN – Ккөлік құралының
сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 1-1. 20__жылға арналған шетелдік рұқсаттарды айырбастау квотасы
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін қолдану
қағидаларына 1-1-қосымша
20__жылға арналған шетелдік рұқсаттарды айырбастау квотасы
№
Ел
ҚР тасымалдаушыларына
Шетелдік тасымалдаушыларға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) «Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға» бланкілер беру;
2) «Жүк тасымалдарына» бланкілер беру.
1
Көрсетілетін қызметті беруші
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Барлық кіші түрлері бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы.
Барлық кіші түрлері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» комерциалық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы беру.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы хабарлама – 20-40 минут ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға шетелдік рұқсатты ресімдеу және беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (жартылай автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат қағаз немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 2-тармағында белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленеді және алым соммасы келесі көрсеткішті құрайды: 1-еселенген мөлшері айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
Алым сомасын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
7
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі
1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация-дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салу.
Автокөлік құралы ауыстырылған жағдайда бұрын берілген шетелдік рұқсатқа осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер талап етіледі.
Жүктерді тасымалдауға қосымша шетелдік рұқсат қажет болған жағдайда бұрын берілген шетелдік рұқсатқа осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер талап етіледі.
Сұрау салу кезінде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ЭҮТШ төлеген жағдайда алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады».
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Басқа 3
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
3-қосымша
Нысаны _____________________________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Бұрын берілген шетелдік рұқсатқа автокөлік құралын ауыстыруға сұрау салу
______________________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә.немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН________________________________________________________
Бұрын алынған шетелдік
рұқсатты сұрау салудың №_____________________
Ұсынылған автокөлік
құралына РК№______ қолданылу мерзімі _______
Автокөлік құралын
ауыстыруды сұраймын МТНБ -*_________ арналған МТНБ________ с VIN _______:
№ р/с
Ел
Рұқсат түрі*
Рұқсат жылы*
Рұқсат саны*
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі*
(VIN)* КҚ сәйкестендіру нөмірі
* Мәліметтер бұрын мақұлданған сұраудан алынады
Мекенжайы_________________________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік
министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________
аумақтық органға (БСН____________)
беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды
тұрақты емес тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік
рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға
қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын
деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы
_________________________________________________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатураларды
ашып жазу:
Т.А.Ә.
(ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру
нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
РКу- жүктерді
халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру
(жүктерді тасымалдау үшін);
РК - ұсынылған автокөлік құралына
рұқсат карточкасы (жүктерді тасымалдау үшін);
МТНБ – мемлекеттік тіркеу
нөмерлік белгісі;
VIN –көлік құралының
сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 4
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
4-қосымша
Нысаны ______________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Жүктерді тасымалдауға қосымша шетелдік рұқсат алу туралы сұрау салу
________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН_______________________________________
Бұрын алынған шетелдік рұқсатты сұрау салудың
№_____________________
Жүк автокөлік құралына жүктерді тасымалдауға келесі шетелдік
рұқсаттарды қосымша беруіңізді сұраймын МТНБ ___________ VIN* _________:
р/с №
Ел
Рұқсат түрі
Рұқсат жылы
(Рұқсаттар саны (төрттен көп емес)
* Мәліметтер бұрын мақұлданған сұраудан алынады
Мекенжайы _____________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік
министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің
_______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші
тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды тұрақты емес
тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік
рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ
жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы
хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы
_______________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
РК – рұқсат куәліктері;
РК – рұқсат карточкасы
МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісі;
VIN – көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 4-1
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін қолдану
қағидаларына
4-1-қосымша
қала/облысы бойынша
Көліктік бақылау инспекция
РММ басшысына
кімнен: ЖК «_ _ _ _» немесе
«____» ЖШС
ЖСН/БСН__________________
Сізден 20__жылғы үлгідегі пайдаланылған шетелдік рұқсаттарды қабылдауыңызды сұраймын.
Ел
ШР нөмірі
ШР
түрі
ШР
Жарамдылық мерзімі
АКҚ МТНБ
ҚР шығу пунктінің атауы
ҚР кіру пунктінің атауы
Шығу күні
Кіру күні
Мәртебесі пайдаланылды
Басшы/Директор Т. А. Ә.
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ШР – шетелдік рұқсат;
РММ – көліктік бақылау инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ЖК – жеке кәсіпкер;
АТС – автокөлік құралы;
МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;
ҚР – Қазақстан Республикасы.
Басқа 5
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат беру
жүйесін қолдану қағидаларына
5-қосымша
Нысаны _____________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты
тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға сұрау салу
______________________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН__________________________________________________________
Шетелдік тасымалдаушымен
бірлескен қызмет туралы шарт: шарттың №________ және жасалған күні ____________
Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және
халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына
лицензияның болуы: лицензия №________, берілген күні ___________
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға
мынадай шетелдік рұқсаттар беруіңізді сұраймын:
№ р/с
Маршрут
Көлік құралының түрі/(класс)
Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Мекенжайы__________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік
министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________
аумақтық органға (БСН____________)
беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін және күнтiзбелiк бiр жылға
қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған
шетелдік рұқсат алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға
қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу
мекенжайы
______________________________________________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатураларды
ашып жазу:
Т.А.Ә.
(ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру
нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 6
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
6-қосымша
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру».
1
Көрсетілетін қызметті беруші
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкімет» порталы арқылы.
«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциалық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы беру.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы хабарлама – 20-40 минут ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға шетелдік рұқсатты ресімдеу және беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (жартылай автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 2-тармағында белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленеді және алым соммасы келесі көрсеткішті құрайды: 10-еселенген мөлшері айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алым сомасын төлеу.
7
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сұрау салу.
Сұрау салу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады».
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Басқа 7
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
7-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің аумақтық органдары.
Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерi бойынша есеп.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): О7
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20 ____ жылғы __ (ай)
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі әрбір айдың 3-күніне дейін.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық
Есепті ай ішінде
Жиыны
KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар
Үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген)
KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар
Үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген)
Шетел мемлекетіне квота бойынша берілген
Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген
Шетел мемлекетіне квота бойынша берілген
Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген
кіруге/ шығуға
транзит
транзит
ҚР-ға жүктің кіруіне
ҚР-дан жүктің шығуына
кіруге/ шығуға
транзит
транзит
ҚР-ға жүктің кіруіне
ҚР-дан жүктің шығуына
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Австрия
Әзербайжан
Ангилья
Армения
Ауғанстан
Беларусь
Бельгия
Болгария
Венгрия
Германия
Греция
Грузия
Дания
Испания
Иран
Италия
Қытай
«А»
«В»
«С»
Қырғызстан
Латвия
Литва
Молдавия
Нидерланды
Норвегия
Польша
Ресей Федерациясы
Румыния
Словакия
Словения
Тәжікстан
Түркіменстан
Түркия
Өзбекстан
Украина
Франция
Финляндия
Хорватия
Чехия
Швейцария
Швеция
Эстония
Атауы_____________________
___________________________________
Мекенжайы________________
____________________________
Телефон______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_________________________________________
Орындаушы___________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын адамдарды қоспағанда)
___________________________________________
Басқа 7.1
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерi бойынша есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс – О7 айлық кезеңділік)
Нысанның 1-бағанында шет мемлекеттерге квота бойынша берілген және мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар көрсетіледі.
Нысанның 2-бағанында үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген) көрсетіледі.
Нысанның 3-бағанында, шет мемлекеттерге квота бойынша берілген және мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері берген KZ түріндегі әмбебап рұқсаттар көрсетіледі.
Нысанның 4-бағанында үшінші елден/елге жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар (квота бойынша берілген) көрсетіледі.