Об утверждении формы заключения об обязательном экологическом аудите Күшін жойған
Басқа 0
Міндетті экологиялық аудит
жүргізу туралы қорытындының
нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17 бабының
14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 43-ө бұйрығының (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2007 жыл, сәуір № 4, 109-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 23 маусым
Басқа 10. Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытынды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 12 мамырдағы
№ 343 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы
қорытынды
20__ жылғы «___» ____________ № ______
_____________________________________________________басшысына
(аудитке жататын субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) немесе толық атауы (жеке немесе заңды тұлға)
БСН (ЖСН)* ___________________________________________________
Мекен-жайы ___________________________________________________
Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытынды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (аумақтық бөлімше)
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
17-бабындағы 14) тармақшасына сәйкес _________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
(аудитке жататын субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы)
міндетті экологиялық аудит өткізу туралы шешім қабылдады.
Аудитке жататын субъектінің мекен-жайы: ______________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
Аудитке жататын субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен
байланысты қоршаған орта үшін болатын мүмкін қауіп-қатерлердің сипаты:
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
Міндетті экологиялық аудит өткізу үшін негіздер:
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға міндетті
экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есеп
берудің (алған кезден бастап алты айдан аспайтын) мерзімі:___________________________________
______________________________________________________________________________________________
Ескертпе:
Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытынды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ресми бланкінде ресімделеді.