Қолданыстағы ред. 03.02.2001

Ауылдық елді мекендерін қолдау «Ауыл келбеті» бағдарламасы туралы от 03.02.2001 г. № 413 (Ауылдық елді мекендерін қолдау «Ауыл келбеті» бағдарламасы туралы)

0

Ауылдық елді мекендерін қолдау «Ауыл келбеті» бағдарламасы туралы
«Қазақстан - 2030» Стратегиясын, облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Ауылдық елді мекендері қолдау «Ауыл келбеті» бағдарламасы бекітілсін.

2

2. Ауылдық елді мекендері қолдау «Ауыл келбеті» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.

3

3. Үйлестіру кеңесі 2001 жылдың 20 ақпанына дейін ауылдық елді-мекендерді қолдау «Ауыл келбеті» бағдарламасын іске асыру жөнінде шаралар жоспарын әзірлеп, оны жүзеге асыру үшін мақсатты жұмыс топтарын құрсын және бекітуге ұсынсын.

4

4. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне ауылдық елді мекендері қолдау «Ауыл келбеті» бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы облыстық ауыл шаруашылық департаментіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін хабарлама тапсырсын.

5

5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.