Об утверждении Перечня материально-технического оснащения, строительства, реконструкции и ремонта зданий и сооружений для оказания содействия местными исполнительными органами территориальным подразделениям и подведомственным государственным учреждениям Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 - бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде бекітілген Тізбені басшылыққа алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 9525 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық –құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында 2014 жылғы 25 маусымда жарияланған «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің аумақтық органдарына және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 234 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі
Тармақ 1
1. Көлік құралдары:
Тармақша 1
1) өрт сөндіру автоцистерналары;
Тармақша 2
2) механикалық сатысы бар өрт сөндіру автоцистерналары;
Тармақша 3
3) газ-сумен (булы-сумен) сөндіру көпфункционалды автомобилі;
Тармақша 4
4) көп мақсатты өрт сөндіру-құтқару автомобилі;
Тармақша 5
5) алғашқы көмек автомобилі;
Тармақша 6
6) жылдам ден қою автомобилі;
Тармақша 7
7) ауа-көбікпен сөндіру автомобилі;
Тармақша 8
8) ұнтақты сөндіру автомобилі;
Тармақша 9
9) газды сөндіру автомобилі;
Тармақша 10
10) аралас сөндіру автомобилі;
Тармақша 11
11) өрт сөндіру-сорғы станциясы;
Тармақша 12
12) сорғы-түтікқұбырлы автомобиль;
Тармақша 13
13) түтікқұбырлы автомобиль;
Тармақша 14
14) автосаты;
Тармақша 15
15) иінді автокөтергіш;
Тармақша 16
16) автокөбік көтергіш;
Тармақша 17
17) авариялық-құтқару автомобилі;
Тармақша 18
18) байланыс және жарықтандыру автомобилі;
Тармақша 19
19) газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі;
Тармақша 20
20) штабтық автомобиль;
Тармақша 21
21) түтінді шығару автомобилі (тіркегіш);
Тармақша 22
22) автоотынқұйғыш;
Тармақша 23
23) бульдозер;
Тармақша 24
24) жаппай тиегіш;
Тармақша 25
25) өзі аударғыш;
Тармақша 26
26) тралы бар тіркегіш;
Тармақша 27
27) экскаватор;
Тармақша 28
28) автокран;
Тармақша 29
29) трактор;
Тармақша 30
30) ассенизаторлық машина;
Тармақша 31
31) ауыз суға арналған автомобиль-цистерна;
Тармақша 32
32) жүк автомобилі;
Тармақша 33
33) шағын автобус;
Тармақша 34
34) автобус;
Тармақша 35
35) үгіттеу автобусы;
Тармақша 36
36) жеңіл жедел автомобиль;
Тармақша 37
37) аралас-көпмақсатты өтімділігі жоғары көлік;
Тармақша 38
38) екі түйінді автотіркеме;
Тармақша 29
29) әмбебап, герметикалық шанағы бар автомобиль (кунг);
Тармақша 40
40) дербес жолаушылар салоны бар өтімділігі жоғары автокөлік (вахтовка);
Тармақша 41
41) роторлы қар тазалағыш;
Тармақша 42
42) жол талғамайтын-қарда жүргіш;
Тармақша 43
43) жылжымалы автожөндеу шеберханасы;
Тармақша 44
44) жылжымалы өрт-техникалық зертхана;
Тармақша 45
45) ілесіп жүретін автомобиль;
Тармақша 46
46) жедел-техникалық автомобиль;
Тармақша 47
47) сүңгуірлік жабдық жиынтығы бар жедел автомобиль;
Тармақша 48
48) жедел-құтқару автомобилі;
Тармақша 49
49) жол талғамайтын-батпақта жүргіш;
Тармақша 50
50) гидроцикл;
Тармақша 51
51) аэробот;
Тармақша 52
52) тасымалдауға арналған тіркемесі бар қарда жүргіш;
Тармақша 53
53) жүзу құралдарын тасымалдауға арналған тіркеме;
Тармақша 54
54) санитарлық автокөлік;
Тармақша 55
55) кинология қызметінің автомобилі;
Тармақша 56
56) арнайы реанимациялық автомобиль;
Тармақша 57
57) медициналық-құтқару реанимобилі;
Тармақша 58
58) жоғары өтімді шассидегі реанимациялық-эвакуациялық автомобиль;
Тармақша 59
59) өрт мотоциклі;
Тармақша 60
60) тіркемесі бар командалық-штабтық машина;
Тармақша 61
61) орталықтан тепкіш өрт сорғылары;
Тармақша 62
62) тіркемелі цистерна;
Тармақша 63
63) автомобильдік сүзу станциясы.
Тармақ 2
2. Жүзу құралдары:
Тармақша 1
1) құтқару қайығы (көліктік тіркемесі бар);
Тармақша 2
2) тасымалдауға арналған тіркемесі бар сүңгуірлік бот;
Тармақша 3
3) тасымалдауға арналған тіркемесі бар құтқару катері;
Тармақша 4
4) ескекті қайық;
Тармақша 5
5) үрлемелі қайық;
Тармақша 6
6) құтқару салы;
Тармақша 7
7) аспалы қайық моторы;
Тармақша 8
8) ауа жастығындағы кеме.
Тармақ 3
3. Оқу сыныптарын жарақтауға арналған мүлік:
Тармақша 1
1) интерактивті тақта;
Тармақша 2
2) манекендер;
Тармақша 3
3) спикер мінбері;
Тармақша 4
4) ілгіш;
Тармақша 5
5) айна;
Тармақша 6
6) экран (плазмалық панель);
Тармақша 7
7) ламинатор;
Тармақша 8
8) плоттер;
Тармақша 9
9) түптеу машинасы (брошюрлер);
Тармақша 10
10) жүргізуші (презентацияны басқару құрылғысы);
Тармақша 11
11) акустикалық жүйе;
Тармақша 12
12) күшейткіш;
Тармақша 13
13) жазу құрылғысы (бейне және аудио);
Тармақша 14
14) мұғалімге арналған микрофон;
Тармақша 15
15) лазерлік меңзер;
Тармақша 16
16) бағдарламалық қамтамасыз ету (ZOOM бұлтты онлайн платформасы және т.б);
Тармақша 17
17) радиациялық және химиялық барлау құрылғылары;
Тармақша 18
18) медициналық қорғау және алдын алу құралдары (аптечкалар, таңғыштар және т.б.);
Тармақша 19
19) өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш және т.б.);
Тармақша 20
20) құтқару құралдарының элементтері;
Тармақша 21
21) қорғаныс құрылыстарының үлгілері (паналар, радиацияға қарсы паналар), өртке қарсы объектілер және т.б.
Тармақ 4
4. Өрт-техникалық қару-жарақтар, жабдық және мүкаммал:
Тармақша 1
1) жонғыш-бұрамакескіш станогы;
Тармақша 2
2) автокөтергіштер;
Тармақша 3
3) тегістейтін машианалар;
Тармақша 4
4) жеңіл автомобильдерге арналған дөңгелектердің қирау-қосылуының электронды стенді;
Тармақша 5
5) электр дәнекерлеу аппараттары;
Тармақша 6
6) иінді және гидравликалық қыспақтар;
Тармақша 7
7) аккумуляторларды зарядтауға арналған ток түзегіші;
Тармақша 8
8) ысып жылтырататын машиналар;
Тармақша 9
9) автокөліктің агрегаттарынан пайдаланылған майларды құйып алуға арналған құрылғылар;
Тармақша 10
10) гараж типтес стационарлық компрессор;
Тармақша 11
11) инжекторлы қозғалтқыштардың форсункаларын тазалауға арналған ультрадыбысты ванна;
Тармақша 12
12) авто-электркар;
Тармақша 13
13) қол немесе электр талі (тельфер);
Тармақша 14
14) жылжымалы гаражды типті домкрат;
Тармақша 15
15) 6-12 тонналы гидравликалық жолға арналған домкрат;
Тармақша 16
16) техникалық қызмет көрсетуге арналған жабдықтамалар және құрал-саймандар жинағы;
Тармақша 17
17) жылуанықтағыштар;
Тармақша 18
18) тіркемелі мотопомпа;
Тармақша 19
19) тасымалданатын мотопомпа;
Тармақша 20
20) сорғыш жең, ұзындығы 4 м, диаметрі 125 (200) мм, жиынтық;
Тармақша 21
21) сорғыш жең, ұзындығы 4 м, диаметрі 80 мм, жиынтық;
Тармақша 22
22) ұзындығы 20 метр диаметрі 51 мм жиынтық қысымды-сорғыш жең;
Тармақша 23
23) ұзындығы 20 м, диаметрі 77 мм қысымды жең, жиынтық;
Тармақша 24
24) ұзындығы 20 м, диаметрі 66 мм қысымды жең, жиынтық;
Тармақша 25
25) өрт сөндіргіш затты жоғары жылдамдықпен беретін жылжымалы өрт сөндіру құрылғысы (ранц жүйесі): импульстік немесе газдинамикалық жүйе, жиынтық; өрт сөндіру модулі, жұқа бүріккіш су ағыны, жиынтық;
Тармақша 26
26) гидравликалық авариялық-құтқару құралы, жиынтықта: құрама құрал; сорғы станциясы; қайшы кескіш; гидравликалық шланг; ашқыш; гидравликалық домкрат;
Тармақша 27
27) аккумуляторлық авариялық-құтқару құралдарының жиынтығы, жиынтықта: құрама құрал; қайшы кескіш; кескіш; домкрат;
Тармақша 28
28) өрт оқпандары;
Тармақша 29
29) сығылған ауаға аппараттарды ауа толтыруға арналған стационарлық ауа компрессоры;
Тармақша 30
30) электр станциясы (электргенератор);
Тармақша 31
31) қозғалыс датчигі (қозғалмайтын күй дабылы);
Тармақша 32
32) диэлектрлік жиынтық (боттар, кілемше, қайшы, қолғап);
Тармақша 33
33) жылу зеңбіректері.
Тармақ 5
5. Авариялық-құтқару құрал-саймандары, сүңгуірлік жабдықтар мен жарақтар, инженерлік жабдықтар:
Тармақша 1
1) тыныс алу аппараты;
Тармақша 2
2) гидрокостюм (құрғақ және дымқыл типті);
Тармақша 3
3) гидрокомбинезон;
Тармақша 4
4) сүңгуірлік помпа;
Тармақша 5
5) тасымалданатын компрессор;
Тармақша 6
6) бетті толық жабатын сүңгуір бетпердесі;
Тармақша 7
7) эхолот;
Тармақша 8
8) ультрадыбысты жүйе;
Тармақша 9
9) қалқымалық компенсатор;
Тармақша 10
10) су астын жарықтандыру қондырғысы;
Тармақша 11
11) су асты компасы;
Тармақша 12
12) құтқару шеңбері;
Тармақша 13
13) «Александров» жібі;
Тармақша 14
14) сигнал жібі;
Тармақша 15
15) түсіру жібі;
Тармақша 16
16) құтқару кеудешесі;
Тармақша 17
17) жеке сүңгуірлік компьютер;
Тармақша 18
18) сүңгуір етігі;
Тармақша 19
19) ескекаяқ;
Тармақша 20
20) сүңгуір ішкиімі;
Тармақша 21
21) сүңгуір пышағы;
Тармақша 22
Тармақша 23
23) тереңдікті өлшейтін қол құралы;
Тармақша 24
24) арнайы құрал-саймандар жинтығы;
Тармақша 25
25) тыныс алу түтікшесі бар бетке толық киілетін сүңгуір бетпердесі;
Тармақша 26
26) су асты фонары;
Тармақша 27
27) гидравликалық сорғы;
Тармақша 28
28) жақты кеңейткіш;
Тармақша 29
29) жақты кескіш;
Тармақша 30
30) жақты комбикескіш;
Тармақша 31
31) теміржол домкраты;
Тармақша 32
32) домкрат тіреуі;
Тармақша 33
33) шағын кескіш;
Тармақша 34
34) А жиынтықтағы сыналар мен блоктар;
Тармақша 35
35) пневматикалық жастықтар;
Тармақша 36
36) резервуарларды бекітуге арналған жиынтық;
Тармақша 37
37) ағуды герметикалауға арналған жабдық (вакуумдық сору);
Тармақша 38
38) бензинмен жұмыс істейтін ара;
Тармақша 39
39) дискі кескіш;
Тармақша 40
40) темір арқан мен арматураларды кескіш;
Тармақша 41
41) электр тойтарғыш;
Тармақша 42
42) электр перфоратор;
Тармақша 43
43) автономды жетегі бар сорғы станциясы;
Тармақша 44
44)токарлық бұрандалы шапқы станогы (шынжырды егеуге арналған);
Тармақша 45
45)жиналатын сөмке (жиынтықта);
Тармақша 46
46)тасымалданатын электр дәнекерлеу агрегаты (автомобильдік);
Тармақша 47
47) электр станциясы;
Тармақша 48
48) жоғары қысымдағы компрессор;
Тармақша 49
49) автономды жетегі бар компрессор;
Тармақша 50
50) аккумуляторларды зарядтауға арналған далада зарядтау құрылғысы;
Тармақша 51
51) темір арқан шығыры;
Тармақша 52
52) желдетілетін сүңгуірлік құралы;
Тармақша 53
53) су асты теле және бейнежүйесі;
Тармақша 54
54) қысқы құтқару мүкәммалы;
Тармақша 55
55) индикаторлық түтікше жинағы бар портативті (әуе) газ талдағыш;
Тармақша 56
56) цифрлық қашықтық өлшегіші бар түнде іздеуге және табуға арналған автономды аспап;
Тармақша 57
57) сүңгуірлік телефон станциясы;
Тармақша 58
58) стационарлық электр компрессоры;
Тармақша 59
59) гидравликалық есік ашқыш;
Тармақша 60
60) мотопомпа;
Тармақша 61
61) токарь станогы;
Тармақша 62
62) фрезерлік станок;
Тармақша 63
63) пресс;
Тармақша 64
64) бұрғылау станогы;
Тармақша 65
65) дөңгелек жөндеу жабдығы;
Тармақша 66
66) зардап шеккендерді іздеуге құралы;
Тармақша 67
67) автономды жетегі бар жинақтағы компрессор;
Тармақша 68
68) дүрбі;
Тармақша 69
69) термометр;
Тармақша 70
70) шанақты аспап;
Тармақша 71
71) инженерлік жабдық;
Тармақша 73
73) жылудан қорғайтын экран;
Тармақша 74
74) брондалған дулыға;
Тармақша 75
75) оқ өтпейтін жилет;
Тармақша 76
76) күрек
Тармақша 77
77) сүймен;
Тармақша 78
78) қайла;
Тармақша 79
79) балға;
Тармақша 79
79) сейсмотренажер.
Тармақ 6
6. Ұйымдастыру техникасы:
Тармақша 1
1) жинақтағы дербес компьютер (монитор, процессор, принтер, пернетақта, тінтуір, бағандар);
Тармақша 2
2) ноутбук;
Тармақша 3
3) цифрлық фотоаппарат;
Тармақша 4
4) теледидар;
Тармақша 5
5) планшет;
Тармақша 6
6) цифрлық бейнекамера;
Тармақша 7
7) бейнепроектр.
Тармақ 7
7. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жарағы мен құралдары:
Тармақша 1
1) газсыздандыратын кабина;
Тармақша 2
2) жоғары уытты химиялық заттардан қорғайтын жиынтық;
Тармақша 3
3) химиялық қорғайтын жаттығу костюмі;
Тармақша 4
4) агрессивті сұйықтықпен және заттармен жұмыс істеуге арналған қорғайтын, герметикалық көзілдірік;
Тармақша 5
5) панорамалық бетпердесі бар оқшаулаушы газқағар;
Тармақша 6
6) сығылған ауада тыныс алу аппараты;
Тармақша 7
7) оттекті тыныс алу аппараты;
Тармақша 8
8) оттекті өзін-өзі құтқарғыш;
Тармақша 9
9) радиациялық сәулеленуді анықтауға арналған өлшеуіш-сигнализатор;
Тармақша 10
10) жеке газ талдағыш;
Тармақша 11
11) химиялық костюмдердің герметикалығын анықтайтын аспап;
Тармақша 12
12) химиялық заттарды анықтайтын аспап;
Тармақша 13
13) химиялық барлау аспабы;
Тармақша 14
14) газсыздандыратын және дезинфекция жүргізетін арнайы құралдар жиынтығы;
Тармақша 15
15) іздеуші өлшеуіш-сигнализатор;
Тармақша 16
16) сүзгіш респиратор;
Тармақша 17
17) 4 сағаттық қорғаныс әрекеті бар газқағарлар;
Тармақша 18
18) сығылған ауада аппараттар үшін әуе (мобильді), стационарлы (бір резервті) компрессор;
Тармақша 19
19) әуе баллондарын сынауға арналған стенд;
Тармақша 20
20) қозғалмайтын жай-күйдегі сигнализаторы;
Тармақша 21
21) резеңкелі электр қорғаныш қолғаптар;
Тармақша 22
22) өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі;
Тармақша 23
23) сүзгіш газқағар;
Тармақша 24
24) радиациялық барлау құрал;
Тармақша 25
25) оқшаулағыш түрдегі қорғау костюмі;
Тармақша 26
26) радиациядан қорғайтын киім;
Тармақша 27
27) қайта пайдалануға болатын биологиялық қорғау костюмі;
Тармақша 28
28) сүзгілеу-желдету агрегаты (қондырғы);
Тармақша 29
29) ) дозаның қуат өлшегіші, стационарлық;
Тармақша 30
30) биологиялық барлау (тасымалды) аспабы;
Тармақша 31
31) жеке дозиметр;
Тармақша 32
32) радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудың ұшқышсыз ұшу аппараты;
Тармақша 33
33) роботтандырылған радиациялық, химиялық және биологиялық барлау кешені.
Тармақ 8
8. Тіршілікті қамтамасыз ету құралдары:
Тармақша 1
1) 5, 10, 20-орынды штабты шатыр;
Тармақша 2
2) далада душ қабылдайтын қондырғы;
Тармақша 3
3) далалық ас үй;
Тармақша 4
4) алынып-салынатын ангар.
Тармақ 9
9. Психологиялық диагностикалауға және жеңілдетуге арналған бөлме үшін медициналық жабдық, мүкәммал және мүлік:
Тармақша 1
1) емделушінің мониторы;
Тармақша 2
2) дефибриллятор монитор;
Тармақша 3
3) өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат портативті қорғаныш қапта;
Тармақша 4
4) электрокардиограф;
Тармақша 5
5) оттекті ингалятор;
Тармақша 6
6) электрсорғыш;
Тармақша 7
7) глюкометр;
Тармақша 8
8) пульсоксиметр;
Тармақша 9
9) артериялық қысымды өлшеуге арналған жиынтық (тонометр және фонендоскоп);
Тармақша 10
10) медициналық газдарға арналған 10 литрлік оттекті баллон;
Тармақша 11
11) бактерицидтік сәулелегіш;
Тармақша 12
12) тоңазытқыш;
Тармақша 13
13) электр плиткасы;
Тармақша 14
14) негатоскоп;
Тармақша 15
15) алкотестер;
Тармақша 16
16) «ауыз-құрылғы-ауыз» жасанды тыныс алуды өткізу құрылғысы;
Тармақша 17
17) тыныс алу қол аппараты – Амбу қабы;
Тармақша 18
18) үстел;
Тармақша 19
19) орындықтар;
Тармақша 20
20) таңу үстелі;
Тармақша 21
21) медициналық төсек;
Тармақша 22
22) киімге арналған шкаф;
Тармақша 23
23) құжаттарға арналған шкаф;
Тармақша 24
24) дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға арналған шкаф;
Тармақша 25
25) бойөлшеуіш;
Тармақша 26
26) едендік таразы;
Тармақша 27
27) медициналық қалқа;
Тармақша 28
28) үстел лампасы;
Тармақша 29
29) жалюзи, перделер;
Тармақша 30
30) есепке алуға жататын дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған сейф;
Тармақша 31
31) полиграф;
Тармақша 32
32) әмбебап психодиагностикалық кешен, мобильді нұсқа;
Тармақша 33
33) ноутбук немесе стационарлы компьютер (монитор және жүйелік блок);
Тармақша 34
34) принтер;
Тармақша 35
35) сканер-көшіргіш;
Тармақша 36
36) музыкалық орталық;
Тармақша 37
37) цифрлық фотоаппарат;
Тармақша 38
38) цифрлық бейнекамера;
Тармақша 39
39) цифрлық бейнепроектор;
Тармақша 40
40) проекциялық экран;
Тармақша 41
41) диагоналі 72 см кем емес с/к экраны бар түрлі-түсті теледидар;
Тармақша 42
42) DVD ойнатқышы;
Тармақша 43
43) аэратор – озонатор немесе ауа ионизаторы;
Тармақша 44
44) кресло – массажер;
Тармақша 45
45) ультракүлгін сәулеленудің тасымалданатын лампасы;
Тармақша 46
46) ауабаптағыш;
Тармақша 47
47) жұмсақ жиһаз (диван және 2 кресло);
Тармақша 48
48) журнал үстелі;
Тармақша 49
49) аквариум, оның жабдығы;
Тармақша 50
50) еденге немесе үстелге қоятын жасанды су бұрқағы;
Тармақша 51
51) релаксациялық және психологиялық жабдық;
Тармақша 52
52) ауа-көпіршікті панель немесе құбыр;
Тармақша 53
53) психофизиологиялық жүйе;
Тармақша 54
54) психикалық түзетуге арналған портативті аспап;
Тармақша 55
55) психофизиологиялық талдағыш;
Тармақша 56
56) аппараттық-бағдарламалық психодиагностикалық кешен;
Тармақша 57
57) фибероптикалық модуль;
Тармақша 58
58) әлсіз дәл электрлі төмен жиілікті импульстарды пайдаланып, босаңсуға арналған аппарат;
Тармақша 59
59) биологиялық кері байланыс аппараты;
Тармақша 60
60) биобасқарудың психологиялық және психофизиологиялық диагностикасы мен тренингтеріне арналған бағдарламалық-аппараттық жиынтық;
Тармақша 61
61) кереует (жинамалы төсек);
Тармақша 62
62) кереует жанындағы тумбочка;
Тармақша 63
63) алты орындық жиналмалы үстел;
Тармақша 64
64) үш орындық бар жиналмалы отырған;
Тармақша 65
65) жартылай жүн көрпе;
Тармақша 66
66) мақта матрацтары;
Тармақша 67
67) жастық;
Тармақша 68
68) ақжайма;
Тармақша 69
69) жастықтың тысы;
Тармақша 70
70) қол жуғыш (20 адамға);
Тармақша 71
71) биодәретхана;
Тармақша 72
72) дала ас үйлері (25 адамға арналған);
Тармақша 73
73) прожектор;
Тармақша 74
74) өрт қалқандары.
Тармақ 10
10. Байланыс, ақпараттандыру және есептеу техникасының жабдығы
Тармақша 1
1) бейнеқабырға;
Тармақша 2
2) жергілікті есептеу желісі (құрылымданған кабельдік желі);
Тармақша 3
3) жұмыс станциясы (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір, акустикалық жүйе, үздіксіз қуаттандырғыш көзі, желілік сүзгі);
Тармақша 4
4) перифериялық құрылғы (сканер, принтер, көп функционалды құрылғы);
Тармақша 5
5) қорғалған корпустағы тасымалды компьютер;
Тармақша 6
6) электрондық құжат айналымының сервері жиынтықта;
Тармақша 7
7) бейнемен сүйемелдеуді және ілеспе аударманы қамтамасыз ететін конференц жүйе;
Тармақша 8
8) бейнеконференция байланысының абоненттік терминалы;
Тармақша 9
9) бейнебақылау жүйесі;
Тармақша 10
10) цифрлық коммутатор;
Тармақша 11
11) позициялаудың ғаламдық жүйесін қабылдағыш;
Тармақша 12
12) 1 000 Вт дейінгі қысқы толқынды стационарлы радиостанция (деректер жіберу функциясы бар);
Тармақша 13
13) 1 000 Вт дейінгі қысқа толқынды радиостанция (мобильді);
Тармақша 14
14) 1 000 Вт дейінгі тасымалды қысқа толқынды радиостанция (алып жүретін);
Тармақша 15
15) ультра қысқа толқынды диапазондағы репитер;
Тармақша 16
16) радиоұзартқыш;
Тармақша 17
17) ультрақысқа толқынды транкингтік/конвенциалды радиостанция (мобильді, стационарлы, алып жүретін);
Тармақша 18
18) автоматты телефон станциясы;
Тармақша 19
19) құлақтандыру жүйесі;
Тармақша 20
20) өтімділігі жоғары автомобиль негізіндегі электрмен қуаттандырғыш станция;
Тармақша 21
21) телефонмен және радио сөйлесулерді жазу, үлкен көлемдегі сөйлесу мұрағатын сақтау жүйесі;
Тармақша 22
22) автомобильдік бейнетіркегіш;
Тармақша 23
23) жарық-сигналды дауыс зорайтқыш қондырғы;
Тармақша 24
24) навигациялық аспап;
Тармақша 25
25) топтық зарядтық құрылғылар;
Тармақша 26
26) серверлік үй-жайлардың ауасын баптау жүйесі;
Тармақша 27
27) ультра қысқа диапозон радиостанциялары (алып жүретін, мобильді);
Тармақша 28
28) ультра қысқа және қысқа толқынды радистанцияларды өлшеу, баптау және жөндеу жинағы;
Тармақша 29
29) планшетті компьютер;
Тармақша 30
30) жер бетінің мониторингі кешені (пилотсыз ұшу аппараты, киілетін жерүсті басқару пункті, техникалық қызмет көрсету құралдары);
Тармақша 31
31) қаламмен графикалық қолтаңба планшеті (стилус);
Тармақша 32
32) дербес бейнетіркегіш;
Тармақша 33
33) қоңырауларды автоматтандырылған өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешені (диспетчердің автоматтандырыған жұмыс орны, жұмыс станциясы, қоңырауларды анықтау және келіссөздерді жазу опциялары бар шағын автоматты телефон станциясы, жүйелік телефония);
Тармақша 34
34) стационарлық зарядтау терминалы деректерді мұрағаттау және сақтау;
Тармақша 35
35) термопринтер;
Тармақша 36
36) экшн-бейнекамера;
Тармақша 37
37) спутниктік телефон.
Тармақша 38
38) бағдарламалық-аппараттық кешен;
Тармақша 39
39) биометриалық саусақ ізін оқу құрылғысы;
Тармақша 40
40) өрт орнын тексеруге арналған өрт сөндіру криминалистикалық чемоданы.
Тармақ 11
11. Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын салу, реконструкциялау және жөндеу:
Тармақша 1
1) өрт сөндіру депосын, оқу-жаттығу орталықтарын (спорт кешендерін - манеждерді), өрт-техникалық зертханаларды, техникаға арналған гараждар мен қалқалар салу;
Тармақша 2
2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, оның ішінде үлгілік жобаны байланыстыру өрт сөндіру деполарын, оқу-жаттығу орталықтарын, өрт-техникалық зертханаларды, техникаға арналған гараждар мен шатырларды салуға;
Тармақша 3
3) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салу;
Тармақша 4
4) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
Тармақша 5
5) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және құтқарушы-сүңгуірлер жаттығуы үшін бассейндер салу;
Тармақша 6
6) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және бассейндер салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 7) құтқару станцияларының ғимараттары мен құрылыстары кешендерін салу; 8) «Құтқару станцияларының ғимараттары мен құрылыстары кешендерін салу» үлгілік жобасын құрылыстың нақты алаңына байланыстыру;
Тармақша 9
9) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
Тармақша 10
10) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу мен реконструкциялау;
Тармақша 11
11) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, ұзақ мерзімді сақтауға арналған қойма үй-жайларын күрделі жөндеу бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары;
Тармақша 12
12) «Өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциялары объектілеріне коммуникациялық құрылыстарды салу, реконструкциялау, жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу» үлгілік жобасын құрылыстың нақты алаңына байланыстыру;
Тармақша 13
13) бақылау-өткізу пунктін салу;
Тармақша 14
14) өрт сөндіру бөлімшелерін газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
Тармақша 15
15) өрт сөндіру депосының ғимараттарына ағымдағы жөндеу жүргізу;
Тармақша 16
16) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;
Тармақша 17
17) өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды тактикалық және психологиялық даярлауға арналған атыс полигоны;
Тармақша 18
18) жылу-түтін камерасы;
Тармақша 19
19) жиналмалы ангар;
Тармақша 20
20) апаттар медицинасы орталығының ғимараттарын, техникаға арналған гараждар мен шатырларды салу;
Тармақша 21
21) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, оның ішінде апаттар медицинасы орталығының ғимараттарын, техникаға арналған гараждар мен шатырларды салуға үлгілік жобаны байланыстыру.
Тармақ 12
12. Террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық құралдары және қауіпсіздік жүйелері:
Тармақша 1
1) дабыл сигнализациясы жүйесі;
Тармақша 2
2) күзет сигнализациясы жүйесі;
Тармақша 3
3) өрт-сөндіру сигнализациясы жүйесі;
Тармақша 4
4) бөгеуші құрылғы;
Тармақша 5
5) автоматты шлагбаум;
Тармақша 6
6) автокөлік құралдарын тексеретін жабдық;
Тармақша 7
7) келушілерді тексеретін жабдық;
Тармақша 8
8) қол жүгі мен багажды тексеретін жабдық;
Тармақша 9
9) автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғы, турникеттер, қақпалар;
Тармақша 10
10) периметр бойынша қоршаулар;
Тармақша 11
11) нығайтылған есіктер;
Тармақша 12
12) терезелерге арналған қорғаныш конструкциялар;
Тармақша 13
13) кіруді бақылау және басқару жүйесі;
Тармақша 14
14) жедел байланыс жүйесі;
Тармақша 15
15) күзеттік жарықтандыру желісі;
Тармақша 16
16) дербес резервтік электрмен қоректендіру көзі.
Тармақ 13
13 тармақ Өрт-құтқару спортына арналған спорттық жабдықтар:
Тармақша 1
1) 2, 4 жүгіру жолына арналған құрама-жиналмалы оқу-жаттығу мұнарасы подиуммен;
Тармақша 2
2) өрт эстафетасына арналған спорт үйі;
Тармақша 3
3) реттелетін спорттық қоршау;
Тармақша 4
4) бум спорттық реттелетін;
Тармақша 5
5) спорттық мотопома;
Тармақша 6
6) спорттық өрт сөндіру оқпандары;
Тармақша 7
7) спорттық шабуыл сатысы;
Тармақша 8
8) баспалдақ-таяқ;
Тармақша 9
9) экраны бар электрондық хронометраж жүйесі;
Тармақша 10
10) бастапқы тапанша;
Тармақша 11
11) бастапқы төсемдер;
Тармақша 12
12) төбесі бар секундометрлік шкаф;
Тармақша 13
13) шатыры бар стартер шкафы;
Тармақша 14
14) 3 жүрісті спорттық тармақталу;
Тармақша 15
15) сақтандыру торы;
Тармақша 16
16) бастапқы төсемдер;
Тармақша 17
17) ұнтақты өрт сөндіргіштер;
Тармақша 18
18) өрт-құтқару спорты бойынша жарыстардың нәтижелерін өңдеудің автоматтандырылған электрондық жүйесі.