О ставках земельного налога на земли занятые рынками, автостоянками и автозаправочными станциями Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Базарлар, автотұрақтар мен жанармай станциялары алып жатқан жерлердiң жер салығының ставкалары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 28.09.2005 N 184 шешімімен. "Салықтар және өзге де бюджетке мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырылулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 147-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Алматы қаласының Әкiмiнiң ұсынысына орай ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласындағы жерлердiң мыналардың аумағы үшiн алынған нысандардың базалық ставкаларын көбейтудiң төмендегi көлемдерi белгiленсiн: автотұрақтар - жалдық шарттармен уақытша пайдаланылатын жерлердегi, орындары автокөлiк иелерiне тұрақты бекiтiлген және белгiленген тариф бойынша көрсетiлген қызмет үшiн ай сайын төлем төленiлетiн; - 2 есе; - жалдық шарттармен уақытша пайдаланылатын жерлерде тәулiк бойында бiр орында бiрнеше машина қойылатын және тәулiктiк немесе сағаттық тариф, айыппұл қолданылатын, сондай ақ айыппұл - 10 есе. базарлар - 10001 ш.м. бастап және жоғары - 8 есе; - 5001 ш.м. бастап 10000 ш.м. дейiн - 9 есе; - 5000 ш.м. дейiн - 10 есе. жанармай станциялары - барлық дәрежедегi - 10 есе.
Тармақ 2
2. Автотұрақтар басшыларына Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге тиесiлi автокөлiктердi қою үшiн жер участкелерiн тегiн беру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитет (А.Е. Сапаров), Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитеттi (Б.У. Қалижанов) ақша қаражатының тиiмдi пайдаланылуына, дұрыс есептелiнiлуiне және Алматы қаласының бюджетiне өз уақытында түсуiне бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының тексеру комиссиясына (В.А. Киселев), Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитетiне (А.Е. Сапаров), Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитетiне (Б.У. Қалижанов) жүктелсiн.