Об утверждении Правил государственной регистрации залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, с специальных машин повышенной проходимости Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі __________ Ә. Исекешев 2015 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________ Е. Досаев 2015 жылғы « »
Басқа 0. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және «Жылжымалы мүлік кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан – әрі машина) кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу және «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) кепілді электрондық тіркеу – бірыңғай тізілім арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын машиналар кепілін тіркеу;
Тармақша 3
3) тіркеуші орган – машиналардың кепілін тіркеуді, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші)).
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз нысанында көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) не Мемлекеттік корпорация не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) портал не Мемлекеттік корпорация арқылы не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметті көрсету тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) өтініш қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданғанда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қабылданғаны туралы қол хат беріледі. Қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес тіркеуші органға жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Тармақ 8
8. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде, жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жақын арадағы жұмыс күні жүзеге асырылады. Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты), өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрамның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды қабылдаған күні ұсынылған құжаттардың толықтығын және/немесе өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді және өтінім беруші толық емес құжаттарды, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, электрондық нысанда тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жолдайды.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қабылдаған күні тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысын (бұдан әрі – инженер-инспектор) анықтайды. Инженер-инспектор өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын және өтініштің Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Инженер-инспектор өтініштегі мәліметтерді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепiлінің тiзiлiмiне енгізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – машиналардың кепілін тіркеу туралы куәлікті немесе машиналардың кепілін тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе кепілді тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстерді, толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу), тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанда жіберіледі.
Тармақ 11
11. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды қажет етпейді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
Тармақша 2
2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адамның жүгінуі;
Тармақша 4
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжаттың болмауы.
Тармақ 13
13. Кепіл шартының қолданылуын тоқтатуды тіркеуді тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) машиналар кепілі тізілімінде кепіл туралы жазбаны жою жолымен жүргізеді.
Тармақ 14
14. Машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жойылған (жоғалған, бүлінген) жағдайда, машиналар кепілі тізілімінде тиісті мәліметтер енгізіле отырып, телнұсқа беріледі.
Тармақ 15
15. Машиналардың кепілін тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу туралы мәліметтердің қолжетімділігін және ақпараттың берілуін Заңның 18-бабына сәйкес тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру, өзгерiстер мен толықтыруларды және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу кезінде машиналар кепілі тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметті енгізеді.
Тармақ 17
17. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) және (немесе) оның лауазымды адамының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) және (немесе) оның лауазымды адамының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) және (немесе) лауазымды адамға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын, қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес: жергілікті атқарушы орган тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. Өтініш
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Өтініш Кепіл беруші___________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) Кепіл ұстаушы ________________________________________________ _________________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН-сы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы; заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) ____________________________________________________________сұраймын (кепілді мемлекеттік тіркеуді, машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асыруды) ____________________________________________________________________ (шарттың нөмірі, кепіл туралы шарттың немесе кепіл туралы талаптарды қамтыған өзге де шарттың жасалған күні мен орны) ____________________________________________________________________ (кепіл заты болып табылатын жылжымалы мүліктің тізбесі (машиналар тізімі) және сипаттауы (машинаның маркасы, тіркеу құжатының нөмірі және сериясы, МТНБ) немесе кепіл туралы шарт тараптарының келісімінде көзделген кепілді қамтамасыз етудің нақты сипаттауы талап етілмей кепіл затының жалпы сипаттауы) ____________________________________________________________________ (кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы) ___________________________________________________________________ (міндеттеме кепілімен қамтамасыз етілген қолданылу мерзімі) ___________________________________________________________________ (кепілге салынған мүліктің қай тарапта екенін көрсету, оны пайдалануға жол беру және қайта кепілге салу туралы мәліметтер). __________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының электрондық почтасының мекенжайы (бар болса)) Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ___________________________________________________ Өтініш беру күні: 20__жылғы _________________ Өтінішті қабылдау күні: 20__жылғы________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ___________________________________________________ Уақыты: ___ сағат_____ минут Тіркеушінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ________________________ _____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Өтінішке «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті тіркеуші органға және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берген кезде жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Басқа 2. Өтініш
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Өтініш Кепіл беруші___________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) Кепіл ұстаушы ________________________________________________ _________________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы; заңды тұлғаның БСН, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) ____________________________________________________________сұраймын ___________________________________________________________________ (өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, одан кейінгі кепіл (кепілге қайта салу)) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату) ________________________________________________________________________________ (бастапқы тіркелген кепілге нұсқау, кепіл туралы шартқа өзгерістер мен толықтыруларды сипаттау (меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және кейіннен кепілге салу (кепілге қайта салу), тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату негіздері) ________________________________________________________________________________ (кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарттың не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарттың (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың) қол қойылған күні және нөмірі) _______________________________________________________________________________ (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі) ________________________________________________________________________________ (енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәліметтері мен сипаттауы (машина маркасын, тіркеу құжатының нөмірі мен сериясын және МТНБ көрсете отырып)) ________________________________________________________________________________ (алдыңғы кепіл ұстаушылардың келісімі туралы мәліметтер (кейіннен машиналарды кепілге (қайта кепілге) салған жағдайда)) Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы _____________________________________________________________________ Кепіл ұстаушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы _____________________________________________________________________ * Кепіл шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде – жаңа кепіл ұстаушының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ғана, сондай-ақ құқықты (талапты) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім. Өтініш беру күні: 20__ жылғы__________________ Өтінішті қабылдау күні: 20__ жылғы__________________ Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы _____________Уақыты: ___ сағат_____ минут Тіркеушінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ________________________ _____________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Өтінішке «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі. Тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Басқа 3. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 3-қосымша «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Трак­тор­лар­дың және олар­дың ба­за­сын­да жа­сал­ған өзді­гі­нен жү­ре­тін шас­си­лер мен ме­ха­низмдер­дің, мон­таж­дал­ған ар­найы жабды­ғы бар тір­ке­ме­лер­ді қо­са ал­ған­да, олар­дың тір­ке­ме­ле­рі­нің, өзді­гі­нен жү­ре­тін ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ме­ли­о­ра­тив­тік және жол-құ­ры­лыс ма­ши­на­ла­ры мен ме­ха­низмде­рі­нің, жү­ріп өту мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры ар­найы ма­ши­на­лар­дың ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу (тір­ке­уден алу), өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­ды (оның ішін­де, мен­шік құқы­ғы­ның бас­қа адам­ға ауы­суы, та­лап ету құқы­ғын бас­қа­ға бе­ру, кей­ін­нен ке­пі­л­ге (қай­та­ла­ма ке­пі­л­ге) са­лу) тір­кеу және тір­кел­ген ке­піл­дің қол­да­ны­сын тоқ­та­ту, сон­дай-ақ ке­піл­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се тел­нұс­қа­ны бе­ру» 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші). 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі; 2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция); 3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал). 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 2 (екі) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Ма­ши­на­лар­дың ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті неме­се тел­нұс­қа­ны бе­ру неме­се ке­піл­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу (тір­ке­уден алу), өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­ды (оның ішін­де, мен­шік құқы­ғы­ның бас­қа адам­ға ауы­суы, та­лап ету құқы­ғын бас­қа­ға бе­ру, кей­ін­нен ке­пі­л­ге (қай­та­ла­ма ке­пі­л­ге) са­лу) тір­кеу, тір­кел­ген ке­піл­дің қол­да­ны­сын тоқ­та­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап­ты бе­ру. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі күн­де­рі са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға жол бе­рі­ле­ді; 3) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және мей­рам күн­де­рі жү­гін­ген­де жол­да­ным­дар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының, не өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (бірдейлендіру үшін); 2) порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы; 2) ке­піл­ді тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш­тің «Жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін тір­кеу ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 9-ба­бы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі; 3) ке­піл­ді тір­кеу ту­ра­лы өті­ні­шпен ти­іс­ті емес адам­ның жү­гі­нуі; 4) жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­ке­ге­ні үшін бюд­жет­ке алым тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың бол­мауы. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік құ­пи­я­сө­зді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­я­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​gov.​kz мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да­ғы ин­тер­нет-ре­сур­ста көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 4. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 4-қосымша Нысан Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, тіркеуші орган _________ және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ____________________ мекенжайы бойынша орналасқан №_______ филиалының бөлімі Сіздің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: 1) _________________________________________; 2) _________________________________________; 3) _________________________________________ ұсынбауыңызға байланысты «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстерді, толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) Орындаушы: _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Телефоны ________________ Алдым: ___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы) 20__ жылғы «___» _________
Басқа 5. Машиналар кепілінің тізілімі
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 5-қосымша Нысан №_________ парақ №_________ тіркеу ісі Машиналар кепілінің тізілімі Жазба № Тізілім № Кепіл нысанасы Кепіл ұстаушы Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, туған күні мен жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы Кепіл беруші Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, туған күні мен, жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы Кепіл сомасы 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы: Шарттың қолданылуы Ауыртпалықтың пайда болуы Ауыртпалықтың тоқтатылуы Тіркеушінің ерекше белгілері Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, және қолы Күні және уақыты (сағаты мен минуты) Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы Күні және уақыты (сағаты мен минуты) 7 8 9 10 11 12 Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба _______________________________ Жазбаларды жалғастыруды (жалғастыру кезінде) тоқтату үшін негіз Көшірілген (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалар (жалғастыру кезінде) тізбесі Парақ нөмірі Күні, уақыты (сағаты, минуты) Тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы 13 14 15 16 17
Басқа 6. Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 20 ____ жылғы «___» _____________ №_________
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 6-қосымша Нысан Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 20 ____ жылғы «___» _____________ №_________ _________________________________________________________________ (кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері) ___________________________________________________________ берілді Жылжымалы мүлікке қатысты растау: Мүлік түрі Тізілімдік нөмірі Кепіл нысанасының сипаты Саны Құны Ескертпе 1 2 3 4 5 6 _________________________________________________________________ ____________________________________________________кепілі тіркелді __________________________________________________ кепіл ұстаушының _______________________________________________________________ (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы) құқығы____________________________________________________________ __________________________________________________________________ _________________________________________ (кепіл нысанасының сипаты) _______________________________ тіркелген және мынадай негізгі (тіркелген күні және нөмірі) шарттарды қамтитын _________________________________________________ ____________________________________________________________________ (негізгі міндеттеменің мөлшері, орындау мерзімі және кепілдің басқа да шарттары) ____________________________________________________________________ (шарттың жасалған күні) кепіл туралы шарт негізінде туындады. Кепіл берушінің ____________________________________ құқығы_________________________________________________________ құқық түрі_______________________________________________________ ____________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы, атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі расталды) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (атауы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі мен күні) ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (кепіл нысанасына құқық белгілеу құжаты) Тіркеуші _________________________________________________________ _________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Басқа 7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 7-қосымша Нысан Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркеуші орган _________________________________________________________________ (атауы мен мекенжайы көрсетіледі) _________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Бас тарту үшін негіздер: _______________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (тіркеуші орган басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы) 20__ жылғы «___» _________