Об особом статусе города Алматы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретiндегi ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Бап 1. 1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi
1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi
Тармақ 1
1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады. 📌 Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.07 N 570 Заңымен.
Бап 1-1. 1-1-бап. Алматы қаласының өңірлік рәміздемесі
1-1-бап. Алматы қаласының өңірлік рәміздемесі 📌 Ескерту. 1-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Алматы қаласының өз өңірлік рәміздемесі бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының өңірлік рәміздемесінің сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды. 📌 Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.05.07 № 570; өзгерістер енгізілді - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Алматы қаласының аумағы
2-бап. Алматы қаласының аумағы
Тармақ 1
1. Алматы қаласының аумағын жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейтiн және өзгертетiн, Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды.
Тармақ 2
2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын aтаулары мен шекарасы бар аудандар қаланың әкімшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшеліктері, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлік коммуникацияларының орналасуы, өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымының болуы eскеріле отырып құрылады. 📌 Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.12.29 N 512, 2004.05.07 N 570 Заңдарымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Бап 2-1. 2-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттіктер үшiн алып қою (сатып aлу) ерекшеліктері
2-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттіктер үшiн алып қою (сатып aлу) ерекшеліктері 📌 Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.05.07 N 570 Заңымен, алып тасталды - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi
3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi Алматы қаласының өкiлдi органы:
Тармақша 1
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге;
Тармақша 2
2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеуге;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 24.12.2001 № 276 (01.01.2002 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 4
4) аумақтық мемлекеттiк және қоғамдық ескерткiштердi қорғау органдарының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органмен келiсiлген ұсынысы бойынша жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiтуге;
Тармақша 5
5) басқа мемлекеттердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шек пен тәртiп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуының қажеттігі мен шарттары туралы шешімдер қабылдауға;
Тармақша 7
7) атқарушы органның ұсынысы бойынша қаланы басқару схемасын бекiтуге;
Тармақша 8
8) Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекітуге;
Тармақша 8-1
8-1) қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлеуге;
Тармақша 8-2
8-2) "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын белгілеуге және оны беру тәртібі мен шарттарын айқындауға;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 10
10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісуге;
Тармақша 11
11) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекітуге;
Тармақша 12
12) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітуге;
Тармақша 13
13) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты бекітуге;
Тармақша 14
14) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекітуге;
Тармақша 15
15) Алматы қаласының дизайн-кодын бекітуге;
Тармақша 16
16) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияны құруға, оның құрамын және ол туралы ережені бекітуге;
Тармақша 17
17) Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітуге;
Тармақша 18
18) меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын қоғамдық тәртіпті қорғау және ақпараттандыру салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітуге;
Тармақша 19
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қала аумағында құрылыс салу қағидаларын бекітуге;
Тармақша 20
20) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітуге;
Тармақша 21
21) құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін белгілеуге құқылы. 📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.11.20 № 303; 2001.12.24 № 276; 2004.05.07 № 570; 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi
4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi Алматы қаласының атқарушы органы:
Тармақша 1
1) алып тасталды;
Тармақша 2
2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттiк пакеттерiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-тарауында белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады;
Тармақша 4-1
4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерін қалпына келтiрудi қамтамасыз етеді;
Тармақша 4-2
4-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткiзу үшін қажетті жағдайлар жасайды;
Тармақша 4-3
4-3) Алматы қаласы арқылы өтетiн транзиттік автомобиль көлiгінің жүру сызбасын белгiлейдi;
Тармақша 4-4
4-4) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4-5
4-5) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастырады; 4-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 6-1
6-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;
Тармақша 6-2
6-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде Алматы қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда, көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ мұндай қаражатты кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша арнаулы жалпықалалық шотқа жіберуге құқылы;
Тармақша 6-3
6-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 6-4
6-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 6-5
6-5) Алматы қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6-6
6-6) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 6-7
6-7) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 6-9
6-9) ғимараттар мен құрылысжайлардың сейсмикалық орнықтылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарын күрделі объектілерді техникалық жағынан сүйемелдеуге тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6-10
6-10) Алматы қаласының сәулет-құрылыс бақылау органының жергілікті өкілді орган айқындаған тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне баруға құқығы бар;
Тармақша 7
7) жергiлiктi өкiлдi органға жергілiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекiтуге ұсынады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 9-1
9-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;
Тармақша 9-2
9-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Алматы қаласын дамыту мен құрылыс салудың бас жоспарын, Алматы қаласының қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9-3
9-3) Алматы қаласында еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9-4
9-4) Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 9-5
9-5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 9-6
9-6) Алматы қаласының аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9-7
9-7) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту және олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;
Тармақша 9-8
9-8) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 9-9
9-9) коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді және коммуналдық ақылы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға, паркингтерге) сараланған тариф белгілейді;
Тармақша 9-10
9-10) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
Тармақша 9-11
9-11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9-12
9-12) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді;
Тармақша 9-13
9-13) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-14
9-14) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;
Тармақша 9-15
9-15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 9-16
9-16) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-17
9-17) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-18
9-18) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-19
9-19) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;
Тармақша 9-20
9-20) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;
Тармақша 9-21
9-21) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 9-22
9-22) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-23
9-23) Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта Стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-24
9-24) Қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жазғы алаңдарды орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-25
9-25) сыртқы жарықтандыру жүйесін пайдалану бойынша заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 9-26
9-26) жасыл экономика саласындағы жаңа технологияларды ынталандыру шараларын айқындайды;
Тармақша 9-27
9-27) Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-28
9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-29
9-29) Алматы қаласының дизайын-кодын әзірлейді;
Тармақша 9-30
9-30) облыстардың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бастамашылық жасаған жобаларды әзірлеуге, қарауға қатысады, олар бойынша тиісті шешімдерді рекреациялық және туристік қызмет аймақтарында туризмді дамыту бөлігінде келіседі, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқару жоспарларын әзірлеуге, нақтылауға және түзетуге қатысады;
Тармақша 9-31
9-31) туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-32
9-32) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді;
Тармақша 9-33
9-33) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-34
9-34) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-35
9-35) Алматы қаласындағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 9-36
9-36) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді;
Тармақша 9-37
9-37) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;
Тармақша 9-38
9-38) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласында экологиялық ахуалды, атмосфералық ауаның сапасын жақсартуды және қалдықтарды басқаруды қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 9-39
9-39) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Алматы қаласы тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;
Тармақша 9-40
9-40) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлейді;
Тармақша 9-41
9-41) тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 9-42
9-42) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, Алматы қаласының ерекшеліктері ескерілетін қосымша талаптарды ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және Алматы қаласының өкілді органына бекітуге ұсынады;
Тармақша 9-43
9-43) Алматы қаласында және Алматы агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-44
9-44) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру үшін жауап беретін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 9-45
9-45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының аумағында орынтұрақ кеңістіктерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 10
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.06.11 № 207; 2001.06.13 № 212; 2004.05.07 № 570; 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2007.07.20 № 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4-1. 4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия
4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия
Тармақ 1
1. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алмай, өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінде тұлға салған жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы мәселелерді қарайтын, жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның қарауына жататын аумақтар мен объектілерді Алматы қаласының жергілікті өкілді органы бекітеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген аумақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануына берілмейтін жер учаскелері жатқызылмайды.
Тармақ 3
3. Әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады. Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті өкілді органының депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері және өзге де адамдар қатарынан қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Комиссия Алматы қаласының аумағындағы, құқықтары ресімделмеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша қорытынды шығарады. Қорытындыны дайындау кезінде комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәулет, қала құрылысы, құрылыс талаптарына, экологиялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы мәселелерді қарайды. Комиссияның жұмысы туралы ақпарат Алматы қаласы атқарушы органының интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қорытындысына комиссияның барлық мүшесі қол қояды және ол ұсынымдық сипатта болады. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі болған жағдайда, ол қорытындыға қол қоймайды және ерекше пікірі комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынылады.
Тармақ 6
6. Алматы қаласының атқарушы органы комиссияның оң қорытындысы негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы шешім қабылдайды. 📌 Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 4-2. 4-2-бап. Алматы қаласының бюджеті
4-2-бап. Алматы қаласының бюджеті 📌 Ескерту. 4-2-бап алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 4-3. 4-3-бап. Тұрғынжайды реновациялау
4-3-бап. Тұрғынжайды реновациялау 📌 Ескерту. 4-3-бап алып тасталды - ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5. 5-бап.
5-бап. 📌 Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 6. 6-бап. Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қор
6-бап. Алматы қаласының әкiмi жанындағы бюджеттен тыс қор 📌 Ескерту. 6-бап алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 7. 7-бап.
7-бап. 📌 Ескерту. 7-бап алып тасталды - ҚР 1998.12.24 N 334 Заңымен.
Бап 8. 8-бап.
8-бап. 📌 Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 1998.12.24 N 334 Заңымен.