Об утверждении Типового положения о егерской службе субъектов охотничьего хозяйств Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-03/124 бұйрығымен бекітілген Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 218) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорықшылық қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі (бұдан әрі – қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 3
3. Қорықшылық қызметі аңшылық шаруашылығы субъектісі директорының бұйрығымен құрылады және оған (басшылыққа) бағынады.
Тармақ 4
4. Қорықшылық қызметке аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері: аңшылық шаруашылығы директорлары, аға қорықшылар (болған жағдайда), қорықшылар жатады.
Тармақ 5
5. Қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылығы субъектілері өз қаражаты есебінен құрады.
Тармақ 6
6. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің жұмысы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына, Үлгілік ережеге және лауазымды нұсқауларға негізделеді.
Тармақ 7
7. Қорықшылық қызметі қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын аңшылық шаруашылығы субъектiсі әзiрлейдi және бекiтедi.
Тармақ 8
8. Аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегіз жасқа толған тұлғалар қабылданады.
Тармақ 9
9. Аңшылық шаруашылығының субъектілері қорықшылық қызмет құрылғаннан немесе оның құрамы өзгергеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне тиісті ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қызметтік куәлігінің және омырауға тағатын белгісінің нөмірі көрсетілген қызметкерлердің тізімі) ұсынады.
Тарау 2. 2. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің өкілеттігi және оның қызметінде пайдаланылатын құжаттары
2. Қорықшылық қызметі қызметкерлерінің өкілеттігi және оның қызметінде пайдаланылатын құжаттары
Тармақ 10
10. Қорықшының құқықтары мен міндеттері: Қорықшының:
Тармақша 1
1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
Тармақша 2
2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;
Тармақша 4
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға;
Тармақша 6
6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының аумағында көлік құралдарын тоқтатуға құқығы бар. Қорықшы:
Тармақша 1
1) бекiтілiп берiлген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) аң аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;
Тармақша 4
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 5
5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргізуге;
Тармақша 6
6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;
Тармақша 7
7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 11
11. Қорықшылық қызметінің жұмысында мынадай құжаттар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) директор: облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешімінің көшірмесі; аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт; «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) нысан бойынша аңшылық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы; аңшылық алқабының карта-схемасы; аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары; жануарларды есепке алу материалдары;
Тармақша 2
2) аға қорықшы (бар болса), қорықшы: аңшылық шаруашылығы субъектісі, олардың бірлестіктері (аңшылар бірлестіктерін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік; қорықшыға қорық учаскесін (айналымды) бекітіп беру туралы аңшылық шаруашылығы субъектілері бұйрығының көшірмесі және оның карта-схемасы; қызметтік қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат.
Тармақ 12
12. Қорықшылық қызметінің жұмысында мынадай құжаттар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) директор: облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқапты немесе балық шаруашылығының су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің көшірмесі; аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт; шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастырудың материалдары (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін); Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 қазандағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» № 114 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9869 тіркелген) нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы» № 1507 қаулысымен бекітілген нысан бойынша аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы; аңшылық шаруашылығының паспорты; аңшылық алқабының карта-схемасы; аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары; жануарларды есепке алу материалдары; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы «Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 тіркелген) нысан бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал);
Тармақша 2
2) аға қорықшы (болған жағдайда), қорықшы: аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтары субъектілері, олардың бірлестіктері (аңшылар мен балықшылар бірлестіктерін қоса алғанда) берген қызметтік куәлік; қорықшыға қорық учаскесін (айналымды) бекітіп беру туралы аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтары субъектілері бұйрығының көшірмесі және оның карта-схемасы; қызметтік қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсат.