Об утверждении квалификационных требований к внутрифирменным системам экспортного контроля участников внешнеэкономической деятельности (заявителей) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (өтініш берушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6– бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (өтініш берушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың  орындалуы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 30 маусым
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығымен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптары Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді:
Тармақша 1
1) бұйрық (өтініш, меморандум) нысанында көрініс табатын экспорттық бақылау талаптарын сақтау жөніндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) міндеттемелері;
Тармақша 2
2) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Тармақша 3
3) басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылы тәртібін көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылауының ұйымдастырушылық құрылымының, сондай-ақ өнімді экспортқа жеткізуге арналған тапсырыстарды өңдеудің схемасы;
Тармақша 4
4) сыртқы экономикалық қызметтің мәселелерімен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) персоналын оқыту жоспары;
Тармақша 5
5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жоспары;
Тармақша 6
6) экспорттық бақылауға жататын өніммен сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу жүйесі.