Об изменении подчиненности села Сольветка города Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласы Сольветка селосының бағыныштылығын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 11
бабына сәйкес және Ақсу қалалық мәслихаты мен Ақсу қаласының әкiмi берген
материалдардың негiзiнде ШЕШIМ ЕТЕМIЗ:
Тармақ 1
1. Сольветка селосы Ақсу қаласы Қалқаман кентiнiң әкiмшiлiк және
аумақтық бағыныштылығынан Ақсу қаласының Евгеньевка селосының әкiмшiлiк
және аумақтық бағыныштылығына берiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Сольветка селосының аумағы қосылып, Евгеньевка селосының шекарасы;
Сольветка селосының аумағы алынып, Қалқаман кентiнiң шекарасы
өзгертiлсiн.
Тармақ 3
3. Евгеньевка селосы орталық болып, құрамында Евгеньевка және
Сольветка елдi мекендерi кiретiн Евгеньевка селолық округi құрылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiм Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзiлсiн.