О тарифах на услуги железной дороги Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темiр жол қызметiне арналған тарифтер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.03.2003 № 258 қаулысымен. "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 56 қаулысын орындау үшiн /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-бап/ Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1996-1997 жылдары мемлекетаралық және республикаiшiлiк қатынастарда темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған бiрыңғай тарифтерге кезең-кезеңмен өтудi қамтамасыз етсiн. Республикаiшiлiк қатынастардағы темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған тарифтер: I кезең : 1996 жылғы 1 қазаннан бастап - 9 процентке; II кезең : 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9 процентке; III кезең : 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап - 9 процентке; IҮ кезең : 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап - 7 процентке; Ү кезең : 1997 жылғы 1 қазаннан бастап - 8 процентке өсiрiлсiн.