О вопросах областного центра реабилитации Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық сауықтыру орталығының мәселелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Қазақстан Республикасы қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 715 бұйрығымен бекiтiлген Бiртұтас бюджеттiк жiктеу мен Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардаєы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн бекiту туралы" № 135 қаулысын орындау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Облыстық сауықтыру орталығы" мемлекеттiк мекемесiнде медициналық қызмет көрсетiлетiн тұрғындар санаттарының тiзбесi анықталсын (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Облыс денсаулық сақтау департаментi "Облыстық сауықтыру орталығы"
мемлекеттiк мекемесiнде қызмет көрсетiлетiн адамдардың есебiн жүргiзудi
қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 3
3. Халық депутаттары облыстық Кеңесi атқару комитетiнiң 1992 жылғы 10
ақпандағы "Облыстық сауықтыру орталығын құру туралы" № 55/2 шешiмiнiң күшi
жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Б.Н. Түменовқа жүктелсiн.
Басқа 5. "Облыстық сауықтыру орталығы"
мемлекеттiк мекемесiнде емделетiн облыс
тұрғындары санаттарының
тiзбесi
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 24 сәуірдегі № 99
шешiмiне қосымша
"Облыстық сауықтыру орталығы"
мемлекеттiк мекемесiнде емделетiн облыс
тұрғындары санаттарының
тiзбесi
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi.
Тармақ 2
2. Фашистер мен олардың одақтастары екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде ашқан концлагерлер, геттолар мен басқа да ықтиярсыз ұстау орындарындағы бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындар.
Тармақ 3
3. 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери бағыттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен қатерлердiң салдарын жоюға, сондай-ақ тiкелей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдар.
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армияның құрамына енген немесе тиiстi кезеңде қалаларды қорғауға қатысқан уақыты 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап майдандағы армиялардың әскери қызмет етушi бөлiмшелерi үшiн белгiленген жеңiлдiктi жағдайлардағы зейнетақы тағайындау өтiлiне есептелген әскери бөлiмшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiгi әскерлерi мен органдарының жалданбалы құрамындағылар.
Тармақ 5
5. Басқа мемлекеттердiң аумағында болған әскери iс-қимылдарға қатысушылар, атап айтқанда: Кеңес Армиясының, әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы үкiметтiк органдарының шешiмiмен басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы iс-қимылдарға қатысқан бұрынғы КСР Одағы Сыртқы iстер министрлiгiнiң қатардағы және басшы құрамындағы адамдар (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса отырып).
Тармақ 6
6. Әскери жиынға шақырылєан және әскери iс-қимыл жүрген кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; әскери iс-қимыл жүрген кезде Ауғанстан елiне жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға әскери тапсырмамен ұшқан ұшқыштар құрамындағы әскери қызметшiлер.
Тармақ 7
7. Ауғанстандағы кеңесәскерлерiнiң құрамында қызмет көрсеткен, зақым алған және мертiккен немесе әскери iс-қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер.
Тармақ 8
8. Бұрынғы КСР Одаєын қорғағаны, басқа уақыттарда басқадай әскери мiндеттердi орындау кезiнде зақымданудың, мертiгудiң салдарынан мүгедектiкке ұшыраған әскери қызметшiлер.
Тармақ 9
9. "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтар.
Тармақ 10
10. Қайтыс болған соғыс немесе оған теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, жасырын жұмыс жасағандардың әйелдерi (күйеулерi), "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтардың жалпы сырқаттанудан, еңбек жарақатынан немесе басқа себептерден (заңға қайшы келетiндерiнен басқа) мїгедек болды деп танылған, содан кейiн некеге тұрмағандар.
Тармақ 11
11. Облыстық және республикалық деңгейдегi дербес зейнеткерлер. Облыстың құрметтi азаматтары.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының құрметтi атағын иеленген зейнеткерлер.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының наградаларына ие болған зейнеткерлер.