О работе городского пассажирского транспорта по перевозке населения в период дачного сезона Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық жолаушылар көлігінің саяжай маусымы кезеңінде тұрғындарды тасу жөніндегі жұмысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Тұрєғындардың әлеуметтiк-осал санаттарын қолдау үшiн ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы саяжай маусымы кезеңiнде тұрғын орындары бойынша зейнеткерлер мен мектеп жасындағы балаларға қалалық автобус баєыттарында жүруге:
зейнеткерлерге 1 мамырдан 30 қыркүйекке дейiн тарифтiң 50 пайызын төлеу (зейнеткерлiк куәлiгi болған жағдайда);
мектеп жасындағы балаларға 1 маусымнан 30 тамызға дейiн тарифтiң 50 пайызын төлеу белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қалалардың әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiпте тасушыларға тарифтер арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшiн жергiлiктi бюджеттерден ақшалай қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiнiң бастығы Қ.Қ. Кәпеновке жүктелсiн.