Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по городу Атырау для кандидатов в акимы Атырауского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Атырау қаласы бойынша
Атырау ауылдық округі
әкіміне кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орынын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағын басшылыққа алып, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қаласы бойынша Атырау ауылдық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы П.Хасановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша) А.Абдолов
«6» тамыз 2015 ж.
Басқа 4
Қалалық әкiмдіктің
2015 жылғы «6» тамыздағы
№1384 қаулысына қосымша
Атырау қаласы бойынша Атырау ауылдық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны
№
Елді мекен атауы
Орналастыру орыны
Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі, Құрманғазы ауылы
Құрманғазы ауылы, №1 б, «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Дамбы дәрігерлік амбулаториясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд