Об утверждении Правил использования средств резервного фонда Акима Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережелерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 06.03.2002 № а-3/23 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 15 қаңтардағы №140-2 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 ақпандағы №230 «Қазақстан Республикасы Үкметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі №1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
- 2001 жылға арналған Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану Ережелері 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге бекітілсін.
- Ақмола облысы әкімінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі №479 «Ақмола облысы әкімінің сақтық, қорындағы қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
Басқа 1
Ақмола облысы әкімінің
2001 жылғы 09. 04. №66
шешіміне № 1 қосымша
2001 жылға арналған Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаражатты пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұл Ережелер Ақмола облысы әкімінің сақтық қорындағы қаржының бөлінуі мен пайдаланылуының ретін анықтайды.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 15 қаңтардағы №140-2 Заңымен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, құрамына ағымдағы қаржы жылындағы облыстық бюджеттің бекітілген шығыстарының енгізілуімен, болжанбаған шығындарды қаржыландыру үшін сақтық қоры құрылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес облыс бюджетінің сақтық қорының құрамында табиғат және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың зардаптарының шығындарын жоюға, сот шешімінің негізінде жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерінің орындалуына, сонымен қатар кассалық алшақтықты жабу үшін төменгі бюджеттерді несиелендіруге арналған қаражат қарастырылады.
Тармақ 3
3. Сақтық қорының мөлшері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі №351-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 3 бабына сәйкес облыстық бюджет түсімі көлемінің 2 пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің сақтық қорынан қаржыландырылатын бір жолғы болжанбаған шығыстарға келесі шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғат және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың зардаптарын жою, оған кіреді:
- төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
- зардап шеккендердің тамақтандырылуын, уақытша баспанамен қамтамасыз етілуін өрістету;
- шұғыл шаралар қабылдайтын апаттан құтқару және қайта құру бөлімшелерін қажетті жарақтармен, құрал-жабдықтармен қосымша жарақтандыру;
- төтенше жағдайлар аймағына құтқарушы күштер мен қажетті құрал-жабдықтардың жеткізілуін қаматамасыз ету;
- қоршаған ортаны сауықтыру шараларын өткізу, азаматтардың, ұйымдардың шаруашылық қызметін жандандыру;
- Материалдық-техникалық, медициналық ресурстардың босалқы қорларын құру, табиғат және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға және одан сақтандыруға қажетті көлік-құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) сот шешімімен анықталған жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерінің орындалуы;
Тармақша 3
3) кассалық алшақтықты жабу үшін төменгі бюджеттерді несиелендіру;
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің сақтық қорынан қаржы бөлу облыстық қаржы басқармасымен қаржы жылындағы облыстық, бюджеттің осы мақсаттарға арналған шығыстары мен несиелерінің бекітілген мөлшерлерінің шегінде жүзеге асырылады. Қаржыландыру қазіргі заңдылықтарға сәйкес бөлінген қаржының мөлшері, алушысы, қаржыны пайдалану мақсаты және де егер қайтарылуға тиіс болса, онда қайтару мерзімі көрсетілген облыс әкімінің шешімінің негізінде орындалады.
Тармақ 6
6. Сақтық қорының қаражаты белгілі бір мақсатпен тағайындалады, осы ережемен және қордан қаржы бөлу туралы облыс әкімінің шешімімен қамтылмаған басқа да мақсаттарға пайдаланылмайды. Облыс әкімінің шешімі қаржы жылының аяқталуына байланысты өз күшін жояды. Қаржының пайдаланылмаған қалдығы қайтарылады.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің сақтық қорынан қаражат бөлу туралы әкімнің шешімі қабылданғанда мына шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттен ағымдағы қаржы жылына қаржының бөлінбегендігі;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржы жылында облыс әкімінің сақтық қорындағы қаржыны қажетсіну мен оның қажеттілігінің тек сот шешімі негізінде өтелуге тиіс міндеттемелер болмаса, алушының басқа міндеттемелеріне қатысы жоқтығы;
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар аймағын және оның жайылу көлемін, обьектірлерге қатыстылығын анықтайды.
Тармақ 9
9. 3аңды тұлғалардың сақтық қорынан қаржы болу туралы өтініштерін облыстық төтенше жағдайлар басқармасы қарап, негізге алынатын материалдардардың тізбесін құрып және оның тапсырылу мерзімін анықтайды.
Тармақ 10
10. Жергілікті көлемдегі төтенше жағдайлар зардаптарын жою қажеттілігі туындаған жағдайда облыстық төтенше жағдайлар басқармасы негізге алынатын есептер қосымшасымен қабылданатын шешімнің жобасын облыстық қаржы басқармасында қаралуға ұсынады. Мақұлданған шешімді облыстық төтенше жағдайлар басқармасы қазіргі заңдылықтарға сәйкес жергілікті атқарушы органға бекітілуге ұсынады.
Тармақ 11
11. Облыстық бюджет бағдарламаларына жүктелген, сот шешімінің негізінде атқарылуы тиіс жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері, соттың орындау құжаттары болған жағдайда, облыс әкімінің сақтық қорының есебінен орындалады.
Облыс әкімінің сақтық, қордан қаражат бөлу туралы шешімі облыстық қаржы басқармасымен дайындалады.
Тармақ 12
12. Кассалық алшақтықты жабу мақсатында төменгі бюджеттерді несиелендіруге арнайы қордан қаржы бөлу үшін аудан (қала) әкімдері облыстық қаржы басқармасына негіздемелері мен есептері көрсетілген облыс әкімінің сақтық қорынан қаржы бөлу туралы өтініштерін тапсырады.
Облыстық қаржы басқармасы тапсырылған өтініш негізінде және әкімнің осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдері мен төменгі бюджеттерге бөлінген несиелер жөніндегі мәліметтерге сүйене отырып, кассалық алшақтықты жабу үшін төменгі бюджеттерді несиелендіруге арнайы қордан қаржының бөлінуі, не бөлінбеуі туралы тұжырымын жасайды.
Кассалық алшақтықты жабу мақсатында төменгі бюджеттерді несиелендіруге арнайы қордан қаржы бөлінуі үшін міндетті шарттар:
Тармақша 1
1) облыс бюджетінде аудандық (қалалық) бюджеттерді несиелендіруге арналған қаржының болуы;
Тармақша 2
2) бөлінетін қаржының жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бекітілген жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыруға жұмсалуы және жергілікті бюджеттің ағымдағы түсіммен, белгілі бір есеп беру кезеңі бойынша жергілікті бюджет тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеуі;
Тармақша 3
3) облыс бюджетінен бұрын бөлінген несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектердің болмауы;
Тармақша 4
4) бөлінетін несие мөлшері ағымдағы бюджет жылында облыс әкімімен тағайындалған жергілікті атқарушы органдардың қарызға алған лимиттерінің мөлшерінен аспауы тиіс;
аудан (қала) әкімінің өтініші бойынша оң тұжырымдама жасалса, төменгі бюджетті несиелендіруге арнайы қордан қаржы бөлу туралы шешімнің жобасын облыстық қаржы басқармасы облыс әкімінің қарауына ұсынады;
арнайы қордан кассалық алшақтықты жабуға несие бөлу және оны қайтару тәртібі мен шарттары облыс әкімімен тағайындалады.
Тармақ 13
13. Табиғат және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға, жергілікті атқарушы органдардың сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындауға, кассалық алшақтықты жабу үшін төменгі бюджеттерді несиелендіруге арналған облыс әкімінің арнайы қорының қаражатын үнемді пайдалану мақсатында, аталған шығындарға ағымдағы қаржы жылында облыс әкімінің сақтық қорынан әрбір тоқсан сайын бөлінетін қаржы мөлшері осы шараларды қаржыландыруға облыстық бюджетте қарастырылған жылдық мөлшердің 25 пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 14
14. Кезек күттірмейтін шараларды шұғыл түрде сақтық қорынан қаржыландыру міндеттемелері туындаған жағдайда қаражат бөлу облыстық бюджетте қамтылған қаржы жылында қаржыландыру шегінде және осы ережеге сәйкес басым тәртіпте орындалады.
Тармақ 15
15. Егер бюджеттің атқарылу үдерісінде шығыс түсетін кірістен асып кеткен болса немесе бюджетке түсетін табыс өте азайып кетсе, онда облыс әкімі сақтық қорының шығыстарын шектеуге құқылы.
Тармақ 16
16. Сақтық қорынан қаражат алушылар қаржының қайда жұмсалғаны туралы, орындалған жұмыстың көлемі мен төленетін ақысы жөнінде облыстық қаржы басқармасымен тағайындалған тәртіпте және мерзімінде есеп беруі тиіс.
Тармақ 17
17. Облыстық қаржы басқармасы облыстық әкімшілікке сақтық қорындағы қаржының пайдаланылуы жөнінде және тиісті кезеңдегі оның қалдықтары жөнінде ай сайын ақпарат беріп отырады.
Тармақ 18
18. Бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалғандығы үшін жауапкершілік қазіргі заңдылықтарға сәйкес алушыға жүктеледі.
Тармақ 19
19. Облыстық қаржы басқармасы облыс әкімінің сақтық қорындағы қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды.