Об упразднении отдельных административно-территориальных единиц Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді жабу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 8.11-баптарына сәйкес және Аршалы, Ақкөл, Бұланды, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын аудандарының әкімдері мен мәслихаттарының бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім қабылдады: - тұрғындары көшіп кетулеріне байланысты, төмендегі елді-мекендер жабылсын және есептеу көрсеткіштерінен шығарылсын: Аршалы ауданы бойынша: Нововладимировское селолық округінің Ақжар селосы; Ақкөл ауданы бойынша Минское селолық округінің Көмей селосы; Искра селолық округінің Подстанция селосы; Трудовое селолық округінің Еңбек және № 32 разъезд селолары; Қырыққұдық селолық округінің Басқұдық селосы; Бұланды ауданы бойынша Капитоновское селолық округінің Қарағаш селосы; Еңбекшілдер ауданы бойынша Еңбекшілдер селолық округінің Абай селосы; Краснофлот селолық округінің Бұлақтышілік және Дальний селолары; Ерейментау ауданы бойынша Бестоғай селолық округінің Нецветаевка селосы; Изобильненское селолық округінің Восточное селосы; Новомарковское селолық округінің Кеңөткел селосы; Селеті селолық округінің Тасқора және Киікбай селолары; Новодолинское селолық округінің Тоқберлі селосы; Павловское селолық округінің Шақшабай селосы; Улентинское селолық округінің Ордабай және Бөгенбай селолары Есіл ауданы бойынша Курское селолық округінің № 19 разъезі; Жақсы ауданы бойынша Терісақан селолық округінің Жұрымсай және Артықбай селолары; Жарқайың ауданы бойынша Нахимовское селолық округінің Обалсай селосы; Баранкөл селолық округінің Бапалақ селосы; Қорғалжын ауданы бойынша Кеңбидайық селолық округінің Қарақоға және Зорман селолары; Қызылсай селолық округінің Қарасор селосы.