Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Ринат» на животноводческой летней точке «Балапан» Ерназаровского сельского округа Бескарагайского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің «Ринат» шаруа қожалығындағы «Балапан» жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2- тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 13 шілдедегі №150 ұсынысы негізінде Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малдардан құтырма ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің «Ринат» шаруа қожалығындағы «Балапан» жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Тендыске осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.