О преобразовании и изменении границ Аршалынского поселкового и Акбулакского сельского округов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы поселкелік және Ақбұлақ селолық округтерінің шекаралырын өзгерту және қайта құру туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру мақсаттарында, тұрғындардың ұсыныстарын және Аршалы аудандық мәслихаты мен аудан әкімінің бірлескен шешімін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім қабылдады: - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: Аршалы ауданы бойынша:
Тармақ 1
1. Аршалы поселкелік және Ақбұлақ селолық округінің шекаралары өзгертілсін, Аршалы поселкелік округінің құрамындағы Ақтасты селосы Ақбұлақ селолық округінің құрамына берілсін.
Тармақ 2
2. Аршалы поселкелік округі Аршалы поселкесі болып өзгертілсін.