Об утверждении Инструкции по определению условий для исчисления выслуги лет летному составу Вооруженных Сил Республики Казахстан на льготных условиях при назначении пенсии Күшін жойған
Басқа 0
Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ, әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының
4-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес, жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеуді жүргізу үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштарқұрамына жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын;
Тармақ 3
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы
Қоғаныс министрінің
2015 жылғы 7 шілде № 383
бұйрығымен бекітілген
Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ, әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес әзірленеді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шрттарды нақтылайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамы ұшу уақытының жылдық нормасы тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жедел, жұмылдыру және жауынгерлік даярлығын жоспарлау жөніндегі ұйымдық-әдістемелік нұсқаулармен айқындалады.
Тармақ 4
4. Жыл қорытындылары бойынша тиісті жетекші (Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, әскери бөлім командирі, әскери оқу орнының бастығы) өзіне тиісті билік аумағында ұшу құрамының бекітілген ұшу нормаларын орындағаны жөнінде бұйрықшығырады, ол ұшу жұмысын есепке алу парағына жазылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамы ұшу уақытының нормасын орындаған кезде еңбек сіңірген жылдарын есептеуді жүргізетін республикалық мемлекеттікмекеме жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде еңбек сіңірген жылдарын есептейді.
Тарау 2. 2-тарау. Жеңілдік жағдайларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ұшқыштар құрамының еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттары
2-тарау. Жеңілдік жағдайларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ұшқыштар құрамының еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттары
Тармақ 6
6. Қызметтің бір айын екі ай мерзімге есептеу ұшу уақытының нормасын мыналарда орындау кезінде жүргізіледі:
жойғыш, жойғыш-бомбалаушы, бомбалаушы, шабуылдаушы, барлау авиациясы ұшақтарында және оқу-жаттығу реактивті, турбореактивті ұшақтарда;
реактивті және турбо-винттік қозғалтқыштары бар әскери-көлік, көлік, арнайы ұшақтарда;
турбо-винттік (турбобілікті) қозғалтқыштары бар барлық мақсаттағы тікұшақтарды.
Тармақ 7
7. Қызметтің бір айын бір жарым ай мерзімге есептеу ұшу уақытының нормасын поршеньді қозғалтқышы бар ұшақтарда және ұшқышсыз ұшу аппараттарында орындау кезінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Ұшқыштар құрамы ұшу жұмысында толық күнтізбелік жыл болмаған жағдайларда, ұшу уақытының нормасы ұшу жұмысында нақты болған уақытына үйлесімді түрде айқындалады.