Об утверждении регламента акимата Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының регламентін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 20.02.2007 № 61 қаулысымен. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылгы 24 сәуірдегі № 546 қаулысының негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Костанай облысы әкімиятының қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3. Қостанай облысы әкімиятының регламенті
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 4 маусымдағы № 69 қаулысымен бекітілген Қостанай облысы әкімиятының регламенті
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық әкімият Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бipтұтac жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қақамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкім әкімият құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, бірінші басшыларынан құрады. Әкім әкімият мүшелерінің санын айқындайды. Әкім облыстық, әкімияттың дербес құрамын айқындайды және мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
Тармақ 3
3. Әкімият қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Занымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Әкімияттың қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қақамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкімият ic қағаздарын жүргізу және әкімиятқа түсетін хат-хабарларды өндеу аппаратқа жүктеледі және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін әpi облыс әкімі бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімияттың және әкімнің қарауына енгізілетін актілер жобалары өтуінің осы Регламентпен белгіленген тәртібінің сақталуын қақамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Әкімият мүшелерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі әкімият мәжілістерінде қаралатын тиіслердің тоқсан сайынғы тізбесін жасайды. Әкімияттың мәжілістерінде қарауға жоспарланатын тиіслердің тізбесіне әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы қолдарын қояды және оны әкім бекітеді. Бекітілген тізбе әкімият мушелеріне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қалалардың, аудандардың әкімдеріне және басқа да лауазымды адамдарға таратылады. Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде тізбеден жоспарланған тиісні алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібi
3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібi
Тармақ 8
8. Әкімият мәжілістері айына кемінде бip рет өткізіледі және оны әкім шақырады.
Тармақ 9
9. Әкімият мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған кезде әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
Тармақ 10
10. Әкімият мәжілістері, әдетте, ашық болады және мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жүргізіледі. Қажет болған ретте, жекелеген тиіслер жабық, мәжілістерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Әкімият мәжілісі, егер оған әкімият мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Әкімияттың мәжілісінде тиісні қараудың нәтижелері бойынша қабылданады. Қаулы Әкімияттың қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкімияттың мәжілістеріне Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың және қалалардың әкімдері, облыстық; басқару органдарының басшылары сондай-ақ, әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыc құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 13
13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімият мәжілістерінде қарауға тиіслер дайындауы мынадай талапптарды сақтай отырып жүзеге асырылады: әкімият мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам алдын ла бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады; жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиіс; әpбip мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиіс; әкімияттың мәжілісіне енгізілтін материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттык, мәліметтер қоса беріледі; мәселе енгізетін орган немесе аппараттың құрылымдық бөлімшесі талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айқындайды және нақтылайды. Қаралатын мәселеге қатысы бар құрылымдық бөлімше немесе апараттың жауапты қызметкері шақырылғандардың келуін қамтамасыз етеді. Мәжіліске қатысушыларды тіркеуді аппараттың ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Облыс әкімі аппаратының жалпы болімі мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен, не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды әкімият мүшелеріне және шақырылғандарга, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға аппарат басшысы бекіткен жіберілім сілтемесіне сәйкес мәжіліске дейін үш күн калғанда таратады. Тиісті органдар материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақтылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жуктеледі. Әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкімият мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткзілетін күні енгізілуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Әкімият мәжілісінде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің аты және мәнжайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сойлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімият мүшелері қабылдаған қаулы көрсетіледі Әдетте, мәжілістің аудиожазу жүргізіледі, мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздеріне жазылады. Аппараттың жалпы бөлімі әкімият мәжілісі аякталған күннен бастап уш күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама кояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды. Әкімият мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлері беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күні әкімият мүшелеріне, ал қажет болған ретте, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тізбесін аппарат басшысы бекітеді. Әкімият мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады. Әкімият мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
Тарау 4. 4. Әкімият және әкім ақтілерінің жобаларын дайындау мен ресімдеу тәртібі
4. Әкімият және әкім ақтілерінің жобаларын дайындау мен ресімдеу тәртібі
Тармақ 16
16. Атқарушы органдар әкімият тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімияттың құзыретіне кіргенде;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
Тармақша 3
3) мәселенің шешілуі жергілікті атқарушы органдарды және орталық атқарушы органдар аумақтық, бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап еткенде.
Тармақ 17
17. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әpi - жобалар) дайындауды «Нормативтік құқықтық актілер туралы», "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. Мүдделі органдармен, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады. Жобаға "ескертулермен" келісу болған кезде келіспеушіліктер туралы бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажетті түсіндірмелер берілген анықтама тіркеледі. Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы құзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен ресімделеді. Келіспеушіліктер жойылған кезде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келісімге қол жетпеген жағдайда, әкімнің орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын адамға ақпарат береді.
Тармақ 18
18. Жобалардың уақтылы, сапалы әзірленуіне және әкімиятка белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнұсқалығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі
Тармақша 1
1) Құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән-жайы ескеріле отырып, белгіленеді;
Тармақша 2
2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз eтiлyi мәселелері бойынша;
Тармақша 3
3) экономика саласындағы тиісті атқарушы органмен — экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі мәселелері бойынша.
Тармақ 20
20. Жобаны әзірлеуші жобаның көшірмелерін бip мезгілде барлық мүдделі атқарушы органдарға жібереді. Бұл ретте атқарушы органдарда келісу Мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың, тускен әрі тіркелген кезінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады. Әкімнің, әкім орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжілісте) қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның басшысына баяндайды. Жобаның көшірмесін келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардьң алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ, басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
Тармақ 21
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірiн әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобада бұрыштама болады);
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келісілді (жобада ескертулерімен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) жобаға келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
Тармақ 22
22. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте, түпкілікті нұсқаны дайындау процесінде өзi келіскен атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды. Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізу кезінде мүддесі осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерін (мұндай факт болған жағдайда) түсіндірме жазбада міндетті турде көрсетеді, бұл ретте, енгізілген материалдарға тиісті органға келісу үшін енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі. Қажет болған ретте, әкімнің, әкім орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
Тармақ 23
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, ол қабылдаған жағдайда, әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны icкe асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімияттың және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді. Егер актілердің жобалары нормативтік сипатта болса және (немесе) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді козғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты мақсаттарды, күтіліп отырған нәтижелердің мерзімдерін және енгізіліп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкімият немесе әкім қабылдаған жағдайда, оларды icкe асыру қорытындылары бойынша әзірлеуші, актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес олардын, қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиіс. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиic.
Тармақ 24
24. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімият қаулыларын және әкім шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде норма көздейді және нақты мерзімдер белгілей отырып, оларды сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді.
Тармақ 25
25. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірre) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі - сараптама) облыс әкімнің аппаратына енгізіледі. Аппаратта тіркелер алдында жобаның ic қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі жалпы бөліммен тексеріледі. Жобаның ic қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған ретте, облыс әкімінің аппараты жалпы бөлімінің меңгерушісі жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы. Жоба аппараттың жалпы бөліміде тіркелгеннен кейін оның мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнұсқалылығы тексеріледі және облыс әкімі аппаратының заң бөлімінде және құрылымдық бөлімшесінде немесе қаралатын мәселе құзырына қатысты жауапты қызметкерінде сараптамадан өтеді. Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның аппаратта тіркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Аппарат мәтіндердің түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнұсқалы еместігі;
Тармақша 2
2) оның Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келмейтіндегі;
Тармақша 3
3) осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы. Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 26
26. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін мәселе құзырына жататын әкімнің орынбасары немесе аппарат басшысы ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын адамға баяндайды. Қаулының жобасы әкімнің бұрыштамасымен мәжілістің күн тәртібінде қаралатын мәселеге енгізу үшін жалпы бөлімге туседі немесе пысықтау және қосымша келісу үшін тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.
Тармақ 27
27. Әкімияттың қаулыларына, әкімнің шешімдері мен әкімдеріне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейін олардың түпнұсқаларына тузетулер енгізілмейді.
Тармақ 28
28. Аппарат әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады. Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімияттың және әкімнің актілері алушыларға тіркелгеннен кейін таратылады. Әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары аппараттың жалпы бөлімінде сақталады. Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтілетін алушыларға таратылуы үшін жауапкершілік аппараттың жалпы бөліміне жүктеледі.
Тармақ 29
29. Техникалық қателері болған ретте әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған кұжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.
Тармақ 30
30. Аппараттың жалпы бөлімі әкімият және әкім қабылдаған актілердің есебін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізуді, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді әзірлеушілер немесе олардың орындалуы үшін жауаптылар жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Әкімияттың және әкімнің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актісі әділет органдарында тіркеуге және ресми жариялау үшін мәслихат пен әкім айқындаған газеттерде және өзге мерзімді басылымдарда міндетті түрде жариялауға жатады.
Тармақ 32
32. Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімият және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі адамдарға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібi
5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібi
Тармақ 34
34. Заң актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімият және әкім актілерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қол қоюға дайындау, келісу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылгы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың, әкімнің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жауапкершілік осылар орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 37
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күннен есептелетін орындаудьң бір айлық мерзімі, ал "шуғыл" деген белгі болған жағдайда — он күндік мерзім белгіленеді.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) кідірудің ceбептеpi туралы хабарлауға және оны орындау мерзімін ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтініш бepyi тиic. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Зан актілерінің Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Аппараттың ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімі заң актілерінің, Республика Президентінің Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің aктілepi мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі турде хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді. Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілерін, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.