Об установлении ограничительных мероприятий на осеннем пастбище «Заманбек» Кокжиринского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған
Басқа 0
Тарбағатай ауданының Көкжыра
ауылдық округiнің «Заманбек»
күзегіне шектеу іс-шарасын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 12 маусым № 361 ұсынысы негiзiнде Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкжыра ауылдық округiнің «Заманбек» күзегінде ірі кара малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2.«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажыкенов), тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау Комитетінің
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі басшысы Б.Қажыкенов
« 10» шілде 2015 жыл