Об установлении ограничительных мероприятий в зимовке «Жыланды» Кумкольского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған
Басқа 0
Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық
округiнiң «Жыланды» қыстағына
шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 404 ұсынысы негізінде, Құмкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округiнiң «Жыланды» қыстағында қой малынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі басшысы Б.Қажыкенов
«17» шілде 2015 жыл