Об установлении карантина в селе Ахметбулак Жанаауылского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округiнiң Ахметбұлақ ауылында карантин белгiлеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабаныың 2-тармағына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 231 ұсынысы негiзiнде Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округiнiң Ахметбұлақ ауылына мүйізді ұсақ малдарынан шешек ауруының шығуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажекенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысы Б.Қажыкенов «25» мамыр 2015 жыл