Об установлении ограничительных мероприятий в зимовке «Тогжан» Кызыл кесикского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған
Басқа 0
Тарбағатай ауданы Қызыл кесік
ауылдық округiнiң «Тоғжан»
қыстағына шектеу іс-шарасын
белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 237 ұсынысы негізінде, Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiнiң «Тоғжан» қыстағында жылқы малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
Тармақ 2
2.«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық
аумақтық инспекциясы» М.М басшысы Б.Қажыкенов
«09» шілде 2015 жыл