Об установлении ограничительных мероприятий в зимовке «Боктер» Екпинского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған
Басқа 0
Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық
округiнiң «Бөктер» қыстағына шектеу
іс-шарасын белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 07 шілдедегі № 425 ұсынысы негізінде, Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң «Бөктер» қыстағында мүйізді ұсақ малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
Тармақ 2
2.«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі басшысы Б. Қажыкенов
«19» шілде 2015 жыл