Об утверждении Правил использования сетей телерадиовещания для оповещения населения об угрозе жизни, здоровью людей и порядке действий в сложившейся обстановке при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера, а также в интересах обороны, национальной безопасности и охраны правопорядка Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ___________ И. Тасмағамбетов 2015 жылғы 30 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ____________ Н. Әбіқаев 2015 жылғы 24 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы ____________ Р. Жақыпов 2015 жылғы 23 шілде
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 763 бұйрығымен бекітілген Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Халықты хабардар ету адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, шаруашылық объектілері мен қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық тәртіпті қолдауға қажетті жүріс-тұрыс қағидалары, іс-қимылдар мен шаралар тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Халықты хабардар ету үшін телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану ағымдағы теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтатып, телерадио хабарларын таратудың барлық желілері мен арналары арқылы бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламаларды беру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдаланып халықты хабардар етуді:
Тармақша 1
1) азаматтық қорғау аясындағы уәкілетті орган «Азаматтық қорғау туралы» 2015 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
Тармақша 2
2) ұлттық қауіпсіздік органдары «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
Тармақша 3
3) «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалатын жергілікті жердің коменданты жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, барлық теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары үшін міндетті болып табылады.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібі
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану тәртібі
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген уәкілетті органдар мен лауазымдық тұлғалар телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радио компанияларына табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мүдделерінде бейне, мәтіндік және дыбыстық хабарламалардан тұратын ақпарат тасымалдағыштарды және хабардар ету техникалық құралдарын ұсынады.
Тармақ 7
7. Телерадио хабарларын тарату операторлары мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимылдар тәртібі телерадио хабарларын тарату операторы уәкілетті органдармен бірлесіп әзiрлейтін және бекiтетін тиісті регламенттерде айқындалады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органдардың жедел кезекшілерінен хабар алғаннан кейін телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиокомпаниялар жедел түрде теле-, радиобағдарламалардың таралуын тоқтатуды жүзеге асырады және ақпарат тасығышпен тиісті ақпаратты халыққа таратуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Кейінге қалдыру мүмкін емес айрықша жағдайларда төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделеріне қауіп төндіретін жағдайлар туралы халықты жедел хабарландыру үшін ведомстволық техникалық теле-, радиобағдарламаларын таратуды тоқтату құралдарымен жабдықталған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жедел кезекшілердің жұмыс орнынан, кейіннен тиісті телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпанияларға ауызша (таратуды тоқтатқан сәттен бастап он минуттан кешіктірмей) және бес жұмыс күннің ішінде жазбаша мәлімдей отырып, тікелей тоқтатылады. Ағымдық телерадио хабарларын таратуды тоқтатудың біржолғы ұзақтығы бір сағат iшiнде екi-үш рет қайталануы кезінде бес минуттан аспайды.
Тармақ 10
10. Теледидар және радио бағдарламаларын таратуды тоқтату кезінде тікелей эфирде дыбыстық хабарламаларды беруді уәкілетті органдардың жедел кезекшілері не телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар дикторлары жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Азаматтық қорғау аясындағы уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-, радиокомпаниялармен бірлесіп, тоқсанына кемінде бір рет техникалық құралдардың теледидар және радио хабарларын таратуды тоқтатуға әзірлігін тексеруді жүзеге асырады.