Об утверждении формы представления отчетности организатора игорного бизнеса, Правил осуществления сбора и анализа отчетности, представляемой организатором игорного бизнеса Қолданыста
Басқа 0
Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 8-бабының 7-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мына:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істер комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн мерзім ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралар орындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақпен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2015 жылғы
17 шілдедегі № 249
бұйрығына 1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.tsm.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-(ОИБ)
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: ________ 20__жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсанына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей.
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде (бар болса)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
№
Ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі
Ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы
Қызмет түрі
Заңды мекен-жайы
Ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны, адам
Есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың саны, адам
Есепті кезеңнің соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың саны, адам
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны*
Есепті кезеңде құмар ойындарға бірдей қатысушылардың ойын мекемелеріне бару саны
есепті кезеңнің басында
есепті кезеңнің соңына
резиденттер
резидент емес
резиденттер
резидент емес
адам
10-нан аз келу
10-нан астам келу
50-ден астам келу
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Кестенің жалғасы
Есептілікті ұсынған күнгі жағдай бойынша банкте (банктерде) нақты орналастырылған міндетті резервтердің сомалары туралы мәліметтер**
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төленген жалпы сомалары туралы мәліметтер
Есепті кезеңде алынған мөлшерлемердың жалпы сомасы
Ойын жабдығының атауы және түрі
теңге
теңге
теңге
16
17
18
19
кестенің жалғасы
Ойын жабдығының саны
Ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі
Өндіруші
Ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі (жаңа/ қолданылған)
Жабдықты тестілеу күні (жаңа ойын автоматтары үшін)
Технологиялық тұрғыдан ойын автоматына салынған ұтыстың белгіленген пайызы (ойын автоматтары залы үшін)
Бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер
Касса (лар) туралы деректер, оның ішінде кассаның түрі, саны және орналасқан жері (мекен-жайы)
Мемлекеттік кіріс органдарында салық салу объектілерді/ касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер
Үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер
Ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер
дана
%
Бейне жазу жүйесінің атауы
Саны, дана
Техникалық жағдайы
Жабдықты тестілеу күні
Ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі
Лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны
ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
* КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңы – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
** Міндетті резервтердің болуын растау мақсатында есептілікке банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы анықтама қоса беріледі
Ұйымның атауы _________________________________________________________
Ойын мекемесінің немесе тауар белгісінің атауы (бар болса) ______________________
Заңды мекен-жайы ________________________________________________________
Қызмет түрі _____________________________________________________________
Телефон ____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Интернет-ресурс (бар болса) __________________________________________
Берілген лицензияның нөмірі мен күні __________________________________
________________ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады: осы есептілікте көрсетілген барлық мәліметтер және қоса беріліп
отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
Орындаушы ___________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
«Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Индекс: 1 - (ОИБ), кезеңділігі: тоқсан сайын
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар) толтырады және ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 3
3. Нысан ойын бизнесін ұйымдастырушы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен (міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып), сондай-ақ ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Тармақ 4
4. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 5
5. 1-бағанда реттік нөмірі толтырылады.
Тармақ 6
6. 2-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 4-бағанда қызмет түрі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 5-бағанда заңды мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 6, 7-бағандарда есепті кезеңнің басында және соңында ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 8, 9-бағандарда есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер, резиденттер емес) қатысушылардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 10, 11-бағандарда есепті кезеңнің соңында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер, резиденттер емес) саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 12-бағанда «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 13, 14, 15-бағандарда есепті кезеңде құмар ойындардың сол қатысушыларының ойын мекемелеріне бару саны туралы мәліметтер көрсетіледі (10-нан аз бару, 10-нан астам бару, 50-ден астам бару).
Тармақ 15
15. 16-бағанда есептілікті ұсынған күнгі жағдай бойынша банкте (банктерде) нақты орналастырылған «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 17-бағанда құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төленген ақша қаражатының сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 18-бағанда құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардан ойын бизнесін ұйымдастырушылар алған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 19-бағанда ойын жабдығының атауы мен түрі көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 20-бағанда ойын жабдықтарының саны көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 21-бағанда ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 22-бағанда ойын жабдықтарын өндіруші көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 23-бағанда ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі көрсетіледі (жаңа/қолданылған).
Тармақ 23
23. 24-бағанда ойын жабдығын тестілеу күні көрсетіледі (жаңа ойын автоматтары үшін).
Тармақ 24
24. 25-бағанда технологиялық тұрғыдан ойын автоматына (ойын автоматтары залы үшін) салынған ұтыстың белгіленген пайызы көрсетіледі.
Тармақ 25
25. 26, 27, 28, 29-бағандарда бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, саны, техникалық жай-күйі, жабдықты тестілеу күні көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 30-бағанда касса (лар) туралы деректер, оның ішінде кассаның түрі, саны, орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 31-бағанда мемлекеттік кіріс органдарында салық салу объектілерін/касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 28
28. 32, 33, 34-бағандарда үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі, лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдерінің саны, ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 29
29. 35-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 249 бұйрығына 2-қосымша
Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды
және талдауды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау және талдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Есептілікті жинаудың және талдаудың мақсаты ойын бизнесі субъектілері қызметінің ойын бизнесі туралы заңнамаға сәйкестігіне мониторинг жүргізу болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Есептілікті жинауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Есептілікті жинауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Есептілікті жинау осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті (бұдан әрі – есептілік) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Есептілік қағаз немесе электронды түрде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын беріледі.
Тармақ 5
5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
Тармақша 3
3) қызмет түрі;
Тармақша 4
4) заңды мекенжайы;
Тармақша 5
5) есепті кезеңнің басындағы ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) есепті кезеңнің соңындағы ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер) саны туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер емес) саны туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер) қатысушылардың саны туралы мәліметтер;
Тармақша 10
10) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер емес) саны туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңның негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны туралы мәліметтер;
Тармақша 12
12) есепті кезеңде құмар ойындардың сол қатысушыларының ойын мекемелеріне бару саны туралы мәліметтер (10-нан аз бару, 10-нан астам бару, 50-ден астам бару);
Тармақша 13
13) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер;
Тармақша 14
14) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төленген ұтыстардың сомалары туралы мәліметтер;
Тармақша 15
15) ойын бизнесін ұйымдастырушының құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардан алған ақша қаражаттарының сомасы туралы мәліметтер;
Тармақша 16
16) ойын жабдығының атауы және түрі;
Тармақша 17
17) ойын жабдығының саны;
Тармақша 18
18) ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;
Тармақша 19
19) ойын жабдығын өндіруші туралы мәліметтер;
Тармақша 20
20) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
Тармақша 21
21) технологиялық тұрғыдан ойын автоматына салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәліметтер;
Тармақша 22
22) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, тестілеу күні туралы мәліметтер;
Тармақша 23
23) касса (лар) туралы, оның ішінде кассаның түрі, саны және орналасқан жері туралы мәліметтер (мекен-жайы);
Тармақша 24
24) мемлекеттік кірістер органдарында салық салу объектілерін/касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер;
Тармақша 25
25) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;
Тармақша 26
26) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы, оның ішінде лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдерінің саны туралы мәліметтер;
Тармақша 27
27) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат;
Тармақша 28
28) ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер.
Тармақ 6
6. Есептілік ойын бизнесін ұйымдастырушы басшының не оны алмастыратын тұлғаның (міндеттерді жүктеу туралы бұйрық көшірмесін қоса беріп) қолымен, сондай-ақ ұйымның мөрімен куәландырылады (болған жағдайда) және уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 7
7. Ұсынылған есептілік уәкілетті органда тіркеледі және оны оның тиісті құрылымдық бөлімшесі қарайды.
Тарау 3. 3-тарау. Есептілікті талдауды жүзеге асыру тәртібі
3-тарау. Есептілікті талдауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган ұсынылған есептіліктің негізінде барлық қажетті деректердің болуына және толықтығына талдауды жүзеге асырады.
Ұсынылған есептілікті талдауға мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келу тұрғысына қарау;
Тармақша 2
2) есептілікті тапсырмау немесе толық тапсырмау бойынша мәліметтерді қалыптастыру.
Тармақ 9
9. Талдау нәтижелері ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу кезінде пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган есептілікті жинау, қорытындылау және талдау жолымен ойын бизнесі ұйымдастырушыларының біліктілік талаптарды сақтауы туралы мәліметтерді қалыптастырады.