Об утверждении Правил разработки, согласования и утверждения требований нормативно-технического, санитарно-эпидемиологического и метрологического обеспечения контроля и учета вод Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 15 маусым «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 03 шілде
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінiң 2015 жылғы 01 маусымдағы № 19-2/508 бұйрығымен бекiтілген Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексiнің (бұдан әрі – Кодекс) 83-бабының 3-тармағына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық кодексі) 12-бабының 4-тармағына, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2004 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабына сәйкес әзiрлендi және суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi ұлттық стандарттарды, санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды, өлшемдерді орындау әдістемелерін қамтиды.
Тармақ 3
3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.
Тармақ 6
6. Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнің тiзiлiмiнде тіркелген және салыстырып тексерілген суды бақылау мен есепке алу аспаптарын қолдануға рұқсат етіледі.
Тарау 2. 2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу, бекiту тәртібі
2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу, бекiту тәртібі
Тармақ 7
7. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу Кодекстің 83-бабының 3-тармағына, Денсаулық кодексінің 7-1-бабының 2) тармақшасына, Заңның 5-бабына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу кезiнде ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық, тәжiрибелiк-технологиялық, жобалау жұмыстарының нәтижелерi, патенттiк зерттеулердiң нәтижелерi, отандық және шетелдiк ғылымның, техника мен технологияның заманауи жетiстiктерi туралы ақпарат пайдаланылады.
Тармақ 9
9. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын бекітуді:
Тармақша 1
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосымен келiсiм бойынша жер асты суларын бақылау мен есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосымен келiсiм бойынша жер үсті суларын бақылау мен есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша суларды бақылау мен есепке алуды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеу шеңберінде;
Тармақша 4
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы уәкілетті органмен және техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша судың санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйiн бақылау мен есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары қамтылатын нормативтiк-техникалық актiлер жобаларын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда қарау және келiсу мерзiмi отыз күнтiзбелiк күннен аспайды.