О поощрениях акима области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің мадақтаулары туралы Барлық ұйымдастыру-құқықтық нысандағы кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың ұжымдары мен жекелеген азаматтардың облыс алдындағы сіңірген еңбектері, экономикалық үрдіс пен әлеуметтік саланың дамуына қосқан қомақты үлестері, белсенді қоғамдық, шығармашылық және қайырымдылық қызметтері, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмыстары үшін көтермелеу мақсатында және мерейтойларға байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің мынандай мадақтау түрлері: Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы; Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты; Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты; «Облыс алдында сіңірген еңбегін үшін» (омырауға тағатын) белгісі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мынадай: Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы туралы (1-қосымша); Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты туралы (2-қосымша); Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты туралы (3-қосымша); «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі туралы (4-қосымша) ережелер бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің істері басқармасы облыс әкімі Құрмет грамотасының, Құттықтау хатының, Алғыс хатының, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісінің нобайларын дайындасын және белгіленген тәртіпте олардың дайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мадақтау туралы өтініштерді алын ала қарауды облыс әкіміне өзінің қорытындысын беру құзыреті бойынша облыс әкімі орынбасарларының жүзеге асыратындығы белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы аталған мадақтау түрлерін облыс әкімі, сондай-ақ облыс әкімі уәкіл етіп белгіленген адамдар тапсырады. Тапсыру толық жариялылық жағдайында жүзеге асырылады. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, радио мен теледидардан беріледі.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің мадақтау сыйлықтарын тапсыру облыс әкімінің резиденциясында, еңбек ұжымдарында, мәжілістерді, жиналыстар мен басқа да көпшілік қатысатын шараларда іске асырылады.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Г.И. Бондаренкоға жүктелсін.
Басқа 8. Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы туралы ереже
Облыс әкімінің 2000 жылғы 2 желтоқсан № 290 шешіміне 1-қосымша Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы туралы ереже
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Грамота) облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан, халықтар арасындағы байланысты, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті еңбектері мен облыс алдындағы басқа да қызметтері үшін ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы барлық кәсіпорындардың, мекемелері мен ұйымдардың ұжымдары, фермерлік және шаруа қожалықтары, оқу орындары, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері, құқық қорғау органдары марапатталады.
Тармақ 2
2. Сондай-ақ грамотамен:
Тармақша 1
1) өндірісті ұйымдастыруда жоғары нәтижелерге жеткен, қосымша жұмыс орындарын ашқан, әлеуметтік бағдармалар мен қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға қатысушы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары, кәсіпкерлер мен бизнесшілер;
Тармақша 2
2) Павлодар облысының экономикасына қосқан нақты үлестері, азаматтық ынтымақтастықтың, ұлтаралық келісімнің сақталуына,ғылым, мәдениет, өнер мен спорттың дамуына қосқан жеке үлестері үшін Қазақстанның басқа аймақтарындағы және басқа мемлекеттердегі азаматтар мен ұйымдар, сондай-ақ ұзақ та жемісті атқарған қызмет, кәсіби шеберлігі мен қоғам алдындағы еңбегі үшін мемлекеттік қызметшілер марапатталады.
Тармақ 3
3. Грамотамен марапаттау облыс әкімі шешімінің негізіндегі жүзеге асырылады, оның жобасын түскен ұсыныс бойынша белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.
Тармақ 4
4. Грамотамен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Грамотаны тапсыру үшін белгіленген уақыттан кем дегенде бір ай бұрын, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде облыс мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері береді. Ұсынымға мыналар қоса тіркелуі керек: мадақталатын адамның мінездемесін мен өмірбаяндық анықтамасы; кәсіпорынға немесе мекемеге Грамота тапсыру үшін – қысқаша тарихи анықтамасы.
Тармақ 5
5. Грамотаға облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 6
6. Грамота екінші рет тек ерекше жағдайда ғана беріледі. Грамотамен марапаттаудың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізеді.
Тармақ 7
7. Грамоталардың бланкілері облыс әкімі аппаратының арнайы бөлімінде, қатаң есептегі бланкілер үшін белгіленген тәртіпте сақталады.
Басқа 18. Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты туралы ереже
Облыс әкімінің 2000 жылғы 2 желтоқсан № 290 шешіміне 2-қосымша Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хаты туралы ереже
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімінің Құттықтау хатымен (бұдан әрі – Хат) мерейтойларына байланысты жекелеген азаматтар және облыс алдында сіңірген еңбегі, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан нақты үлесі үшін барлық ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың ұжымдары марапатталады. Ұжымдар кәсіби мерекелеріне, өмірлері мен өндірістік қызметтеріндегі басқа атаулы оқиғаларға байланысты марапаттаулары да мүмкін.
Тармақ 2
2. Хатпен сондай-ақ мерейтойларға немесе салтанатты жағдайларға байланысты Қазақстанның басқа аймақтарының, басқа мемлекеттердің тұрғындары да марапатталуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Марапаттау облыс әкімі шешімінің негізінде жүзеге асырылады, Хаттың мәтінімен бірге оның жобасын түскен өтініштер бойынша белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.
Тармақ 4
4. Хатпен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Хатты тапсыру үшін белгіленген уақыттан кем дегенде бір ай бұрын, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде облыс мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері береді. Ұсынымға мыналар қоса тіркелуі керек: мадақталатын адамның мінездемесі мен өмірбаяндық анықтамасы; кәсіпорынға немесе мекемеге Грамота тапсыру үшін - қысқаша тарихи анықтамасы.
Тармақ 5
5. Хатқа облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 6
6. Хатпен марапатталғандардың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Хаттардың бланкілері облыс әкімі аппаратының арнайы бөлімінде, қатаң есептегі бланкілер үшін белгіленген тәртіпте сақталады.
Басқа 26. Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты туралы ереже
Облыс әкімінің 2000 жылғы 2 желтоқсан № 290 шешіміне 3-қосымша Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты туралы ереже
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты (бұдан әрі – Алғыс хат) облыс әкімінің ресми мадақтауы болып табылады.
Тармақ 2
2. Алғыс хат облыс рәмізі бар арнаулы бланкі де ресімделеді және оған облыс әкімі қол қояды.
Тармақ 3
3. Алғыс хат жекелеген азаматтар мен ұжымдарға әр түрлі маңыздағы іс-қимыл, кәсіби шеберліктері мен көп жылғы адал еңбектері, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін тапсырылады.
Тармақ 4
4. Алғыс хат қатарынан көп дегенде 2 рет тапсырылады. Облыс көлемінде тағы да ерекше көзге түскен азамат (ұжым) одан да жоғары мадақталуға ұсынылады.
Тармақ 5
5. Алғыс хатпен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Алғыс хатты тапсыру үшін белгіленген уақыттан кем дегенде бір ай бұрын, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде облыс мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері ұсынады. Ұсынымға сонымен бірге мадақталушының мінездемесі мен өмірбаяндық анықтамасы қоса тапсырылады.
Тармақ 6
6. Алғыс хатты тапсыру облыс әкімі шешімінің негізінде жүзеге асырылады, Хаттың мәтінімен бірге оның жобасын түскен өтініштер бойынша белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.
Тармақ 7
7. Алғыс хатқа облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 8
8. Алғыс хат тапсырушылардың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Алғыс хаттардың бланкілері облыс әкімі аппаратының арнайы бөлімінде, қатаң есептегі бланкілер үшін белгіленген тәртіпте сақталады.
Басқа 36. «Облыс алдында сіңірген еңбегін үшін» белгісі туралы ереже
Облыс әкімінің 2000 жылғы 2 желтоқсан № 290 шешіміне 4-қосымша «Облыс алдында сіңірген еңбегін үшін» белгісі туралы ереже
Тармақ 1
1. «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі (бұдан әрі – Белгі) облыста және одан тысқары жерлерде де тұратын азаматтарға, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны, сондай-ақ ғылымды, мәдениетті, әдебиетті, өнерді, білім беруді дамытуға қосқан еңбегі, қоғамдағы өзара түсіністікті сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы үлгілі қызметі, белсенді қайрымдылық қызметі мен игілікті ісі үшін тапсырылады.
Тармақ 2
2. Белгі бір реттен артық тапсырылмайды. Бір рет белгіні иеленген азамат, облыс көлемінде тағы да ерекше көзге түскен болса, одан да маңызды мадақтауға ұсынылады.
Тармақ 3
3. Белгімен марапаттау ұсынымдарын облыс әкіміне Белгіні тапсыру туралы өтінішке негіз болған оқиғадан кейін бір жұмадан кешіктірмей тұрып кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары берген өтініштердің негізінде қалалар мен аудандардың әкімдері береді. Ұсынымда мадақталушыға мінездеме беріледі және оның Белгіні тапсыруға негіз болған қызметі аталып өтіледі.
Тармақ 4
4. Белгіні тапсыру туралы облыс әкімінің шешімін түскен өтінішті қоса тіркей отырып, белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелері дайындайды және ұсынады.
Тармақ 5
5. Белгіге марапаттау туралы куәлік толтырылады, оған облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы қол қояды және ол Белгімен бірге тапсырылады.
Тармақ 6
6. Белгі мен куәліктің бланкілері облыс әкімі аппаратының арнаулы бөлімінде сақталады. Марапатталғандардың есебін облыс әкімі аппаратының кадрлар қызметі жүргізіледі.