Об утверждении Правил приема на обучение в Академию правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, реализующую образовательные программы послевузовского образования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Академияның ректоры осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына (бұдан әрі – Академия) магистратура мен докторантураға оқуға түсуге үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.
Тармақ 1-1
1-1. Магистратурада және докторантурада кадрларды даярлау күндізгі оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ қашықтан оқытуды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Академияның магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
Тармақша 2
2) қашықтан оқыту бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітетін қабылдау жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Магистратураға және докторантураға құжаттарды қабылдау күнтізбелік жылдың 23 маусымы мен 25 шілдесі аралығында жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 10 - 20 тамызы аралығында, оқуға қабылдау – күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіледі. Қабылдау туралы Академия ректорының бұйрығы күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.
Тармақ 6
6. Құжаттарды және түсу емтихандарын қабылдау мерзімдері Академия ректорының шешімі бойынша ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
2-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
Тармақ 7
7. Академияның ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша магистратурасына жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады. Академияның бейіндік бағыты бойынша магистратурасына жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады. Қашықтан оқыту бойынша магистратураға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және басқарушылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
Тармақ 8
8. PhD, оның ішінде Академияның қашықтан оқыту бойынша докторантурасына құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және «заң ғылымдарының магистрі» немесе «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген және ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген жағдайда «құқық магистрі» немесе «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі бар адамдар қабылданады. Академияның бейіндік, оның ішінде қашықтан оқыту бойынша докторантурасына құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар және магистратураның білім беру бағдарламаларын немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
Тармақ 9
9. Академияның магистратурасы мен докторантурасына құжаттарды қабылдауды және оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін Академия ректорының бұйрығымен бекітілетін қабылдау комиссиясы құрылады.
Тармақ 10
10. Қабылдау комиссияның құрамы төрағадан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы болып Академияның қызметкері тағайындалады.
Тармақ 11
11. Қабылдау комиссиясы:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында көрсетілген оқуға үміткерлер ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады және үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.
Тармақша 2
Нұқсан келтіретін мәліметтер (әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін өтелмеген жазалар; құқық қорғау қызметінің беделін түсіретін теріс қылықтар жасау, сондай-ақ жүргізіліп жатқан қызметтік тергеулер туралы мәліметтер) болған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсуге үміткерге құжаттарды одан әрі қараусыз қайтарады;
Тармақша 2
2) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен арыздарды қарастырады;
Тармақша 3
3) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін қалыптастырады;
Тармақша 4
4) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистранттары мен докторанттарының санына қабылдау туралы мәселені қарастырады;
Тармақша 5
5) оқуға үміткерлерді қабылдау нәтижелеріне талдау жүргізеді және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Қабылдау комиссиясының жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілікке байланысты жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Қабылдау комиссиясының шешімдері еркін нысандағы хаттамамен рәсімделеді және бекітілген құрамның кемінде үштен екісі болған жағдайда дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 14
14. Академияның магистратурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
Тармақша 2
2) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
Тармақша 3
3) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестаттау парағының көшірмесі;
Тармақша 4
4) тікелей басшысы қол қойған соңғы қызмет орнынан мінездеме;
Тармақша 5
5) кадр қызметі берген құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы анықтама;
Тармақша 6
6) соңғы арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбын беру туралы бұйрықтардан үзінді;
Тармақша 7
7) ішкі (өзіндік) қауіпсіздік қызметінің нұқсан келтіретін мәліметтердің (әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін өтелмеген жазалар; құқық қорғау қызметінің беделін түсіретін теріс қылықтар жасау, сондай-ақ жүргізіліп жатқан қызметтік тергеулер туралы мәліметтер) болмауы туралы қорытындысы;
Тармақша 8
8) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) жоғары білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 10
10) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);
Тармақша 11
11) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар болған жағдайда);
Тармақша 12
12) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар (олар болған жағдайда);
Тармақша 13
13) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Тармақша 14
14) 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
Тармақша 15
15) шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасы.
Тармақ 15
15. Академияның докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 14-тармағының 1)-15) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;
Тармақша 2
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
Тармақша 3
3) негізгі дипломға педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін) ұсынады.
Тармақ 16
16. Қабылдау комиссиясының хатшысы үміткерге құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ереженің 3- қосымшасына сәйкес нысанда қолхат береді.
Тармақ 17
17. Қағидалардың 14-15-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы үміткерлерден құжаттарды қабылдамайды.
Тарау 3. 3-тарау. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
3-тарау. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
Тармақ 18
18. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде Академияда емтихан комиссиясы құрылады.
Тармақ 19
19. Емтихан комиссиясы магистратураның, докторантураның кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша емтихан өткізу үшін құрылады және комиссия төрағасынан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады, олардың екеуі ғылым кандидаттары немесе докторлары немесе философия докторлары (PhD) санынан тағайындалады. Емтихан комиссиясының құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 20
20. Академияға магистратураға және докторантураға түсетін үміткерлер келесі түсу емтихандарын тапсырады:
Тармақша 1
1) шетел тілінен (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз тілі).
Тармақша 2
2) мамандығы бойынша. Мамандығы бойынша емтиханға шетел тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.
Тармақ 21
Тармақ 22
22. Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуіне ие үміткерлер магистратураға және докторантураға шетел тілі бойынша түсу емтиханынан мынадай тілдер бойынша босатылады: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – магистратураға шекті балл - кемінде 163 балл; докторантураға - кемінде 138 балл; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл магистратураға - кемінде 46 балл; докторантураға - кемінде 32 балл; Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) магистратураға шекті балл - кемінде 453 балл; докторантураға - кемінде 400; Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – магистратураға шекті балл - кемінде 65 балл; докторантураға - кемінде 47 балл; International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), магистратураға шекті балл - кемінде 5,5 балл; докторантураға – кемінде 4.5; неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган): магистратураға (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі); докторантураға (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі); француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) магистратураға және докторантураға – кемінде 400 балл.
Тармақ 23
23. Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) 5 жыл ішінде білім алған адамдар:
Тармақша 1
1) қазақ немесе орыс тілінде білім беретін магистратураға шет тілі (ағылшын тілі) бойынша түсу емтихандарынан босатылады;
Тармақша 2
Тармақ 24
24. Магистратураға, докторантураға түсушілер үшін білім беру бағдарламалары бойынша емтихан білім берудің алдыңғы деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханын өткізу бағдарламасын және кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, өткізу орны) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және түсу емтиханы басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын үміткерлердің назарына жеткізіледі. Магистратураға, докторантураға түсу емтихандарының бағдарламасын Академия өздігінше қалыптастырады және ол Академия Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Тармақ 24-1
24-1. Түсу емтихандарының нәтижелері оларды өткізген күні хабарланады.
Тармақ 25
25. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 26
26. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссия магистратураға, докторантураға оқуға түсетін үміткерлердің, емтихан материалдарының мазмұнымен, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін арыздарды қабылдайды және қарайды.
Тармақ 27
27. Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнгi сағат 13:00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде қарастырады.
Тармақ 27-1
27-1. Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Тармақ 28
28. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 29
29. Емтихан және апелляция комиссияларының хаттамалары отырыс өткізілген кезден бір жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
4-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
Тармақ 30
30. Магистратураға, докторантураға оқуға білім беру бағдарламалары бойынша түсу емтихандарының нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес 100 балдық бағалау жүйесі шкаласына сәйкес шекті балл жинаған үміткерлер конкурстық негіз бойынша қабылданады. Шекті балл жыл сайын Академия Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Тармақ 31
31. Балл жиынтығы тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жоғары үміткерлер басым құқыққа ие болады. Одан кейін таңдап алынған бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері есепке алынады: ғылыми жарияланымдары, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы; ғылыми зерттемелері туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар берілгендігі туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар.
Тармақ 32
32. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 33
33. Академияға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін магистратураға, докторантураға қабылданған қызметкерлермен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Білім беру қызметтерін көрсетуге келісімшарт (магистратура/докторантура) жасасады. Келісімшартқа Академия ректоры, магистратураға немесе докторантураға оқуға қабылданған қызметкер қол қояды.
Тармақ 34
34. Қабылдау комиссиясы жұмысын аяқтаған соң Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылдау нәтижелері бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн жолдайды.
Тармақ 35
35. Осы Ережеде реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіпте шешеді.
Басқа 1. Баянат
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры __________________________ (ректордың Т.А.Ә. (болған кезде) ____________________________ (оқуға түсуге үміткердің Т.А.Ә. (болған кезде), сыныптық шені/біліктілік сыныбы/арнайы атағы, лауазымы, телефоны) Баянат Сізден Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ________________________________________________ білім беру бағдарламасы бойынша ________________________________________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша ______________________________________________ (білім беру бағдарламасының, кадрларды даярлау бағытының коды және атауы) ____________________________________________________ оқыту мерзімімен _______________________________________________________________________________ (күндізгі оқыту /қашықтан оқыту нысаны бойынша) _____________________________________________________ оқыту нысаны бойынша магистратурасына/докторантурасына (керегінің асты сызылсын) оқуға түсу үшін түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын. Шет тілі бойынша емтихан тапсыру тілі ___________________________________________ (емтихан тапсыру тілі көрсетілсін) _____________________________ (оқуға үміткердің қолы, күні) Келісілді ____________________________________________________________________________ (оқуға үміткердің тікелей басшысының Т.А.Ә. (болған кезде), қолы)
Басқа 0-1
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларына 1-1 қосымша
Басқа 2. Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидаларына 2-қосымша Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме
Басқа 3
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидаларына 3-қосымша Нысан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 14, 15-тармақтарына сәйкес ____________ ______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) жеке басты куәландыратын құжат №______________________________________________ келесі құжаттар қабылданды: 1. _______________________________________ - ___ парақ саны. 2. _______________________________________ - ___ парақ саны. 3. _______________________________________- ___ парақ саны. 4. _______________________________________ - ___ парақ саны. 5. _______________________________________ - ___ парақ саны. Құжаттарды қабылдады: Қабылдау комиссиясының хатшысы __________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы) 20__ жылғы ___ ___________ Қолхатты алдым_____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда), құжат тапсырушының қолы) Ескертпе: қолхат 2 данада жасалады, 1- данасы құжат тапсырған адамға қол қою негізінде тапсырылады, 2- данасы оқуға түсуге үміткердің оқу ісіне тіркеледі.
Басқа 4. 100-балдық бағалау жүйесiнің шкаласы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидаларына 4-қосымша 100-балдық бағалау жүйесiнің шкаласы 100-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар 4-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар 95-100 Өте жақсы (5) 90-94 85-89 Жақсы (4) 80-84 75-79 70-74 Қанағаттанарлық (3) 65-69 60-64 55-59 50-54 30-49 Қанағаттанарлықсыз (2) 0-29
Басқа 5
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларына 5-қосымша Нысан 20__ жылғы «__» __________ Осы Білім беру қызметтерін көрсетуге келісімшарт (магистратура/докторантура) (бұдан әрі – Келісімшарт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім беру қызметтерін көрсетуге (магистратура/докторантура (қажеттісінің астын сызу) бір тараптан Жарғы негізінде әрекет ететін, Академия ректоры_________________________________________ ______________________________________________________________________ (лауазымы, сыныптық шені / арнаулы атағы / біліктілік сыныбы, тегі, _______________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) атынан, ________________________________мекен-жайында орналасқан (мемлекеттік тіркеу туралы _________________ № __________ анықтама, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген _________________ № ____________ лицензия) бұдан әрі «Академия» деп аталатын Академия және екінші тараптан бұдан әрі «магистрант/ докторант» деп аталатын, құқық қорғау органының қызметкері ________________________________________________________________________ (лауазымы, сыныптық шені/арнаулы атағы / біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))_________________________________________________________ арасында төмендегілер туралы жасалды:
Тарау 1
Тармақ 1
1. Академия күндізгі оқыту нысаны/қашықтан оқыту бойынша білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша магистрантты/докторантты оқытуды ұйымдастыру бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайды. Білім беру бағдарламасының (кадрларды даярлау бағыты) коды мен атауы: ________________________________________________________________________________ Мерзімі ___________________________________________________________________
Тарау 2
Тармақ 2
2. Академия:
Тармақша 1
1) конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына сай/Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілейтін қабылдау жоспарына сәйкес магистрантты/докторантты қабылдауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес магистрантты/докторантты оқытуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын (қашықтан оқитын білім алушылардан басқа) магистрантқа/докторантқа оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы (уақытша атқарылмайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн қосымша ақы төлеуге міндетті.
Тармақ 3
3. Академия:
Тармақша 1
1) магистранттан/докторанттан осы Келісімшартқа, Ішкі тәртіп қағидаларына және Академия Жарғысына сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды талап етуге;
Тармақша 2
2) магистранттардың/докторанттардың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын анықтауға;
Тармақша 3
3) магистрантты/докторантты академиялық үлгермегені, академиялық адалдық қағидаттарын, Ішкі тәртіп қағидаларын, Академия Жарғысын және осы Келісімшарттың шарттарын бұзғаны үшін оқудан шығаруға құқылы.
Тармақ 4
4. Магистрант / докторант:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары көлемінде білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;
Тармақша 2
2) Академиялық адалдық принциптерін сақтауға және Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғы мен Ішкі тәртіп қағидаларын және осы Келісімшарттың шарттарын орындауға;
Тармақша 3
3) магистратурада/докторантурада оқу кезеңінде: ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі мен нысаны); практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі мен нысаны); негіздемесі мен құрылымы бар диссертация (жоба) тақырыбы; диссертацияны (жобаны) орындау жоспары; ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық) конференцияларға қатысу және басқа. белгіленген мерзімде МЖЖЖ/ДЖЖЖ орындалуы туралы белгі; диссертацияны (жобаны) дайындау; диссертацияның (жобаның) нәтижелерін практикалық, педагогикалық және ғылыми қызметке енгізу; ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, диссертацияны (жобаны) қорғау бөлімдерін және басқаны қамтитын жеке жұмыс жоспарын орындауға;
Тармақша 4
4) отбасы жағдайы, тұрғылықты жері, телефоны өзгерген кезде жоғарыда көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы хабарлауға;
Тармақша 5
5) әрбір білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында кемінде үш күнтізбелік жыл жұмыс істеуге (қашықтан оқитын білім алушыларды қоспағанда) міндетті. 5. Магистрант / докторант: 1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында Академияның материалдық-техникалық жарақтандырылуын пайдалануға; 2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысуға, өз жұмыстарын жариялауға, оның ішінде Академия басылымдарына ұсынуға; 3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тарау 3
Тармақ 6
6. Осы Келісімшартта көзделмеген жағдайларда, тараптардың өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін олар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Академия Жарғысына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 7
7. Магистрант/докторант мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша/Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілеген қабылдау жоспарына сәйкес оқу құқығынан ол оқудан шығарылған немесе ауыстырылған жағдайда айырылады.
Тармақ 8
8. Осы Келісімшарттың 4-тармағының 5) тармақшасын орындамағаны үшін магистрант/докторант Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығындарды мемлекетке өтейді.
Тармақ 9
9. Магистратурадан/докторантурадан академиялық үлгерімінің болмағаны, Академияның Ішкі тәртіп қағидаларын және Жарғысын бұзғаны үшін шығарылған жағдайда магистрант/докторант (қашықтан оқитын білім алушылардан басқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығыстарды мемлекетке өтейді. Ұстауға жататын сома Академияда болған әрбір толық айға барабар есептеледі.
Тармақ 10
10. Магистратурадан/докторантурадан өз еркімен шығарылған жағдайларда магистрант/докторант (қашықтан оқитын білім алушылардан басқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығыстарды өтейді.
Тарау 4
Тармақ 11
11. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тараптар тікелей қарайды.
Тармақ 12
12. Тараптардың келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу жолымен шешілмеген мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 5
Тармақ 13
13. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және Келісімшартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды.
Тармақ 14
14. Билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы Келісімшарттың міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады.
Тармақ 15
15. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.
Тарау 6
Тармақ 16
16. Осы Келісімшарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқу аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдарында үш жыл қызмет атқару уақыты өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
Тармақ 17
17. Осы Келісімшарттың шарттары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 18
18. Осы Келісімшарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік/орыс тілдерінде 3 данада жасалады. Бір данасы Академияда қалады, екінші данасы магистранттың/докторанттың жеке ісіне тіркеу үшін тиісті құқық қорғау органына жолданады, үшінші данасы магистранттқа/докторанттқа беріледі. Магистрант/докторант Академия Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Академия ректоры ________________ жеке басын куәландыратын құжаттың №_____________________________________ _________________________берілген _______________________________________ Қолданыс мерзімі ______________________ _______________________________________ _________________________________ (Академияның заңды мекенжайы) ЖСН ____________________________ БСК __________________________ Тұрғылықты жері _______________ _______________________________ БСН___________________________ Телефоны _________________________ Қолы __________________________ Электрондық пошта Қолы __________________________ Академияның Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиямен, Ішкі тәртіп қағидаларымен, осы Келісімшартпен таныстым ________________________________ (магистранттың/докторанттың қолы)