Об утверждении Правил заключения и типовой формы договора о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау қағидалары;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау қағидаларын және үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 235 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8793 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 19 қарашада № 174 (2375); 2013 жылғы 20 қарашада № 175 (2376) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысына 1-қосымша Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау қағидалары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау тәртібін айқындайды.
Тарау 2
2-тарау. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасау тәртібі
Тармақ 2
2. Салымшы (алушы) «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті зейнетақы жарнасының бастапқы сомасы немесе аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының бастапқы сомасы түскен немесе кепілдік берілген өтемақының талап етілмеген сомасы түскен күннен бастап Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып саналады.
Тармақ 3
3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалатын қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын салымшы (алушы) жалпы ұсынылған шартқа қосылу арқылы ғана қабылдайды..
Тармақ 4
4. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың үлгілік нысаны Қордың интернет-ресурсына орналастырылады.
Басқа 2. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ (қосылу шарты)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 137 қаулысына 2-қосымша Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ (қосылу шарты) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) (бұдан әрі – Шарт) _________ (бұдан әрі - Қор) және ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы (ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушы) (бұдан әрі – Салымшы (Алушы)) арасында соңғысының Шарттың талаптарына қосылуы арқылы жасалды және тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, сондай-ақ Қордың және Салымшының (Алушының) арасындағы өзге де ерекшеліктерді белгілейді.
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Шарттың талаптарына сәйкес Салымшы (Алушы) ерікті зейнетақы жарналарын салады, ал Қор оларды қабылдауға және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына және Шарттың талаптарына сәйкес міндеттерді орындауға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), Қордың ішкі құжаттарымен бекітілген Қордың зейнетақы қағидалары (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша) (бұдан әрі – Қордың зейнетақы қағидалары) талаптарына сәйкес жасалатын қосылу шарты болып табылады. Шарт, Қордың зейнетақы қағидалары, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қордың интернет-ресурсына және Қордың филиалдарында көрінетін қолжетімді жерге орналастырылады.
Тармақ 3
3. Қорда ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қорға түскен ерікті зейнетақы жарналары салымшысының ерікті зейнетақы жарнасының бастапқы сомасы немесе Салымшының (Алушының) басқа жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған ерікті зейнетақы жинақтарының сомалары не депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан бастапқы талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы негізінде жүзеге асырылады. Салымшы (Алушы) Қордағы ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ерікті зейнетақы жарнасының сомасы не салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жинақтарының сомасы не бастапқы талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы жеке зейнетақы шотына есептелген күннен бастап Шартқа қосылған деп саналады.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. Тараптардың құқықтары және міндеттері
Тармақ 4
4. Қордың:
Тармақша 1
1) өз қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
Тармақша 2
2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотта Салымшының (Алушының) мүдделерін білдіруге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға, сондай-ақ Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес Салымшының (Алушының) құқықтарына нұқсан келтірмейтін және нашарлатпайтын өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Қор:
Тармақша 1
1) ерікті зейнетақы жарналарын қабылдауға;
Тармақша 2
2) Шартқа және Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес Салымшыға (Алушыға) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының және оған төленген зейнетақы төлемдерінің жеке есебін жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Салымшыға (Алушыға) оның сұратуы бойынша жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұратылған күнгі жағдай бойынша оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және өзге тәсілмен қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті. Егер Салымшы Зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын заңды тұлға (немесе жеке тұлға) болып табылатын болса, Қор Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген Алушының жазбаша келісімі болған кезде Алушының зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты Салымшығы беруге құқылы;
Тармақша 5
5) Салымшыға (Алушыға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;
Тармақша 6
6) Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын және Қордың зейнетақы қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік атқаруға;
Тармақша 8
8) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорын немесе сақтандыру ұйымына аударуға;
Тармақша 9
9) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабында және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар басталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, Шартта және Қордың зейнетақы қағидаларында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) өзінің деректемелері өзгерген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұл туралы Салымшыға (Алушыға) қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі кемінде 2 (екі) мерзімді баспа басылымында хабарландыру жариялау арқылы хабарлар етуге;
Тармақша 11
11) Салымшының (Алушының) деректемелері Қордың міндеттемелерді орындауына әсер ететіндей өзгерген жағдайда, осы өзгерістерді растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде автоматтандырылған ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізуге;
Тармақша 12
12) Өзінің Салымшыларын (Алушыларын) тең жағдайлармен қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Салымшының (Алушының):
Тармақша 1
1) Қордың зейнетақы қағидаларымен танысуға;
Тармақша 2
2) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) Қордан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер алуға;
Тармақша 4
4) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген тәртіппен зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорын немесе сақтандыру ұйымына аударуға;
Тармақша 5
5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтар туындаған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, Шартта және Қордың зейнетақы қағидаларында белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін алуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға;
Тармақша 7
7) Қордың шешімдері, әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша сот тәртібімен шағым жасауға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Салымшы (Алушы):
Тармақша 1
1) Қордың міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы олар басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға хабарлауға міндетті. Қордың міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістерге мыналар: ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірінің, бұрын қорға ұсынылған электрондық мекенжайдың (e-mail); зейнетақы төлемдерін алу мақсатында Қорға ұсынылған зейнетақы төлемдерін алушының банктік деректемелерінің өзгеруі жатады.
Тармақша 2
2) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу үшін қолданылатын жеке өлшемдердің (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі және т. б.) сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) қасақана және/немесе абайсызда әрекет ету нәтижесінде оларға қол жеткізген үшінші тұлғалардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (логин, пароль, электрондық мекенжай, телефон нөмірі және т. б.) алу үшін қолданылатын жеке өлшемдерді пайдаланғаны үшін жауапкершілік алуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
Тарау 3. 3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтары мен зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары
3. Ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, зейнетақы жинақтары мен зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары
Тармақ 8
8. Салымшы (Алушы) жеке тұлға болып табылатын Алушыны қоспағанда, Шарт бойынша ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері мен төлеу кезеңділігін дербес айқындайды, оның пайдасына Алушы болып табылмайтын заңды тұлғаның (немесе жеке тұлғаның) ерікті зейнетақы жарналары жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Зейнетақы төлемдері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 33-бабына сәйкес жүргізіледі. Зейнетақы төлемдерін алу тәртібін Алушы Қордың зейнетақы қағидаларына сәйкес дербес айқындайды.
Тармақ 10
10. Зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі мен талаптары Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген.
Тарау 4. 4. Қордың Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ұсыну тәртібі
4. Қордың Салымшының (Алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат ұсыну тәртібі
Тармақ 11
11. Қор Салымшыға (Алушыға), оның ішінде Қордың интернет-ресурсы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілетін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат:
Тармақша 1
1) сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы;
Тармақша 2
2) сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақының мөлшері;
Тармақша 4
4) сұратылған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдардың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;
Тармақша 5
5) сұратылатын кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, Салымшының (Алушының) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы ақпаратты қамтиды.
Тармақ 12
12. Егер Салымшының (Алушының) сұрау салуында өзгеше көрсетілмесе, Салымшының (Алушының) сұрау салуы бойынша ол сұратқан кез келген күнге Қор ұсынатын ақпарат Шарттың 11-тармағында санамаланған, сұрау салынатын кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жасалған мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 13
13. Қор Салымшыны (Алушыны) оның сұрау салуы бойынша оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы кез келген сұратылған күнге хабардар етуді өтемақысыз жүргізеді.
Тармақ 14
14. Салымшының (Алушының) өтініші бойынша хабардар ету байланыс құралдары (пошта, электрондық пошта және Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген басқа да байланыс құралдары) арқылы немесе Салымшы (Алушы) жеке өтініш жасаған кезде жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Салымшының (Алушының) өтінішін қарау
5. Салымшының (Алушының) өтінішін қарау
Тармақ 15
15. Салымшы (Алушы) Қорға жазбаша, ауызша нысанда не өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мынадай түрде:
Тармақша 1
1) Салымшының (Алушының) өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініші не Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың бұзылуы, Қордың, лауазымды адамдардың жұмысындағы кемшіліктер не олардың қызметін сынау туралы хабарламасы;
Тармақша 2
2) Салымшының (Алушының) құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы, Қор қызметкерлері мен өзге де адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы шағымдары;
Тармақша 3
3) Салымшының (Алушының) Шарт шеңберінде ақпарат беру туралы сұрау салуы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген өтініштің өзге де нысаны түрінде өтініш жасайды.
Тармақ 16
16. Салымшының (Алушының) өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Қордың комиссиялық сыйақысы
6. Қордың комиссиялық сыйақысы
Тармақ 17
17. Қордың комиссиялық сыйақы шамасы зейнетақы активтерінің бір айдағы ____ пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тарау 7. 7. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі
7. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 18
18. Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап береді.
Тармақ 19
19. Қордың кінәсінен зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару кешіктірілген жағдайда Қор Салымшының (Алушының) пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе базалық мөлшерлемесінің мөлшерінде аударылатын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір кешіктірілген күн үшін (аудару күнін қосқанда) өсімпұл төлеуге міндетті.
Тармақ 20
20. Зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін Қор құқықтары бұзылған тұлғалардың пайдасына төлемдерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе базалық мөлшерлемесінің мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін (төлем күнін қоса алғанда) өсімпұл төлеуге міндетті.
Тармақ 21
21. Өсімпұлды төлеу Қорды зейнетақы жинақтарын аудару (зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру) бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды.
Тармақ 22
22. Шартпен реттелмеген жауапкершілік мәселелері Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес регламенттеледі.
Тарау 8. 8. Тараптардың дүлей күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапкершілігі
8. Тараптардың дүлей күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған жағдайда жауапкершілігі
Тармақ 23
23. Шарттың тараптары, дүлей күш жағдайларына байланысты міндеттемелерді тиісінше орындау мүмкін болмаған жағдайда, Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 24
24. Дүлей күш жағдайлары өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, табиғи апаттар, қоршаулар, ереуілдер, әскери қимылдар, террористік актілер және оларды тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен басқа да осыған ұқсас жағдайлар болып табылады.
Тармақ 25
25. Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Қор Шарттың 23-тармағында көрсетілген мән-жайлардың туындағанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Тарау 9. 9. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен шарттары
9. Шартты өзгерту немесе бұзу тәртібі мен шарттары
Тармақ 26
26. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, Қор Салымшыға (Алушыға) осындай өзгерістер мен толықтырулар туралы, көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ Шарттың жаңартылған редакциясын Қордың интернет-ресурсында және Қор филиалдарында көрінетін қолжетімді жерде орналастыру арқылы хабарлайды.
Тармақ 27
27. Шарттың қолданысы зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бір) ай өткеннен кейін тоқтатылады.
Тарау 10. 10. Қорытынды ережелер
10. Қорытынды ережелер
Тармақ 28
28. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
Тармақ 29
29. Тараптар Шарттың мәніне қатысты және Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.
Тармақ 30
30. Шарт заң күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде жасалған.