Об установлении зоны санитарной охраны Аулиекольского централизованного хозяйственно-питьевого водозабора в Аулиекольском районе Күшін жойған
Басқа 0
Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 451 «Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы
Әкімдіктің
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 318 қаулысына
қосымша
Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймағының мөлшері
І - белдеу
ІІ - белдеу
ІІІ - белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
Ұңғымалар:
№ 01э (0907)
Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр
3,14 гектар
Ұзындығы – 258 метр
Ені – 244 метр
25,2 гектар
Ұзындығы –
2405 метр
Барынша ені –
2620 метр
630 гектар
№ 02э (0908)
Ұзындығы – 258 метр
Ені – 244 метр
№ 03э (0909)
Ұзындығы – 258 метр
Ені – 244 метр
№ 04э (0916)
Ұзындығы – 258 метр
Ені – 244 метр
Ескерту: «Әулиекөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі» жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймағының шекарасы көрсетілген (Тапсырыс беруші – «Мерей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).