О представлении аудиторских отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензиялар иеленген ұйымдардың аудиторлық есептер ұсынулары туралы
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы заңының 4-бабы 2-тармағын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 37) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Ұлттық комиссия берген лицензияның негiзiнде бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыратын ұйым соңғы аяқталған қаржы жылындағы өзiнiң жылдық қаржылық есебiне аудиторлық есептердi жыл сайын Ұлттық комиссияға мынадай мерзiмдерде ұсынатындығы белгiленсiн:
Тармақша 1
1) банктiк емес ұйымдар - есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей;
Тармақша 2
2) екiншi деңгейдегi банктер және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар - аталған ұйымдардың соңғы аяқталған қаржы жылындағы жылдық қаржылық есебiне аудиторлық есептер ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген мерзiмдерде.
Тармақ 2
2. Банктiк емес ұйымның жылдық қаржы есебiне аудиторлық есеп ұсыну мерзiмiн оның өтiнiшi бойынша аталған есептiң аудитiн осы Қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмде аяқтауға мүмкiндiк болмаған жағдайда және осындай аудиттiң есептi жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанында басталу шартымен Ұлттық комиссия жылдың 10 қыркүйегіне дейiн ұзартатындығы белгіленсiн.
Тармақ 3
3. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн 2002 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлетiндiгі белгіленсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау департаментi:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол қолданысқа енгізiлгеннен кейiн) Ұлттық комиссия берген лицензиялардың негізiнде бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен
келісілген
Ұлттық Банктің Төрағасы
2001 жылғы 11 мамыр