Об утверждении Правил содержания животных на территории населённых пунктов Костанайской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 403 «Қостанай облысының елді мекендері аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидасын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қостанай облысының әкімі _______________ Н. Садуақасов 2015 жылғы «31 » 07 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесінің басшысы ________________________О. Батырбеков 2015 жылғы «31» 07 «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы __________________ Б. Мурзин 2015 жылғы «31» 07 «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы __________________ Б. Қайыпбай 2015 жылғы «31» 07
Басқа 4
Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 шешімімен бекітілген Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Ветеринария туралы» Заң) сәйкес әзірленген және Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағида жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – иелері) таратылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидамен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу қажет.
Тарау 2. 2. Жануарларды асырау тәртібі
2. Жануарларды асырау тәртібі
Тармақ 4
4. Жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақытылы вакцина егуге және олардың диагностикасын;
Тармақша 2
2) өз жануарларының зиян келтіруінен айналасындағы адамдардың және жануарлардың, сондай-ақ мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Жануарларды олардың тұрақты тұратын орнынан (асырау) жаятын орнына дейін және кері (бұдан әрі - айдау) жаю, сондай-ақ жүргізу жануарлардың иелерінің, немесе олар сенім білдірген тұлғалардың қадағалауымен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көгалдандыру екпелерінің аумағы арқылы жануарларды айдауға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес тиісінше аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі айқындаған орындардан тыс елді мекен жерлерінде жануарларды жаюға жол берілмейді.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды тиісті аумақ тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті аумақтың әкімі өз құзыретінің шеңберінде қамтамасыз етеді.