О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
Тармақша 2
Тармақша 3
3) «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында: 20-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1- тармақтың 1) тармақшасының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтарын және 3) тармақшасын қоспағанда, мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.