Об утверждении натуральных норм положенности транспортных средств для подведомственных организаций Министерства юстиции Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің ведомстволық бағыныстағы
ұйымдары үшін тиісті көлік құралдарының заттай
нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті арнайы көлік құралдардың заттай нормалары;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қызметтік және кезекші автомобильдерді пайдалану«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемелерінің басшысыларының бұйрығымен бекітілген тәртіппен, белгіленген жүріс лимиті шегінде жүзеге асырылады.
Кезекші автомобиль – жеңіл автомобиль немесе микроавтобус,немесе автобус соттар және құқық қорғау арнайы органдармен әрекеттестікке және қаржы-шаруашылық қызметке көліктік қызмет көрсетуге арналған.
Арнайы көлік - тек сот сарапшыларының оқиға орнын қарау және сараптама жүргізу, сондай-ақ, зерттеу объектілерінің сақталу орнын қарауға жедел шығыуы үшін бағытталған, зертханалық аспаптар және құрылғылармен жарақтандырылған жылжымалы зертхана.
Тармақ 3
3. Бекітілген заттай нормаларды іске асырыуы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» және «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» мемлекеттік мекемелері үшін тиісті қаржы жылына республикалық бюджеттен көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарыларына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов
07 қыркүйек 2015 г.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы»
мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің
заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 485
бұйрығының 1-қосымшасы
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы»
мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің
заттай нормалары
Басқа 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы»
мемлекеттік мекемесі үшін тиісті арнайы көлік құралдарының
заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 485
бұйрығының 2-қосымшасы
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы»
мемлекеттік мекемесі үшін тиісті арнайы көлік құралдарының
заттай нормалары
Басқа 3. «Қазақстан Республикасының Заңнама институты»
мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің
заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2015 жылғы 09 қыркуйектегі № 485
бұйрығының 3-қосымшасы
«Қазақстан Республикасының Заңнама институты»
мемлекеттік мекемесі үшін тиісті кезекші автомобильдердің
заттай нормалары
№ р/р
Көлік құралдарының атауы
Функционалдық мақсаты
Атауы
Кезекші автомобильдердің нормалары
Қозғалтқышының көлемі, куб.см.
(автобустар
дан бөлек)
1 көліктің
бір айдағы жүрген жолы (км)
1
2
3
4
5
6
7
1
Кезекші автомобиль
Қаржы -шаруашылық қызметіне көліктік қызмет көрсету
«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі
2
3000 артық емес
2600