Об утверждении Стандарта организации оказания урологической и андрологической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Стандарт урологиялық және андрологиялық пациенттерге амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 3
3. Урологиялық және андрологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарына және штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
Тармақша 2
2) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жіберу жолдамадарын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 3
3) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Тармақша 4
4) пациент – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
Тармақша 5
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы
2. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы
Тармақ 5
5. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – МҰ) мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы.
Тармақша 2
2) Олардың құрылымында жүктелген функцияларына байланысты: республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер; облыстық және қалалық стационарлардағы урологиялық бөлімшелер; орталық аудандардың, аудандық ауруханалардың базасындағы урологиялық төсектер; консультациялық-диагностикалық орталықтардың, бөлімшелердің базасындағы өңірлік ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтары; амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы урологиялық кабинеттер, ұйымдастырылған медициналық ұйымдар жатады;
Тармақ 6
6. МҰ міндеттері, функциялары мен ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9139 болып тіркелген) бекітілген урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеде айқындалған.
Тарау 3. 3. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
Тармақ 8
8. МҰ медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып пациенттерді профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге, оңалтуға бағытталған іс-шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. «Урология және андрология» (ересек, балалар) бейіні бойынша аурулары бар пациенттерге медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетіледі:
Тармақша 1
1) амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
Тармақша 2
2) стационарлық көмек;
Тармақша 3
3) стационарды алмастыратын көмек;
Тармақ 10
10. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі урологиялық және андрологиялық көмек мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) пациенттердің жай-күйін айқындау мен диагноз қою мақсатында дәрігердің қарауы;
Тармақша 2
2) урологиялық және андрологиялық патологияларды анықтау мақсатында азаматтарды зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау;
Тармақша 3
3) анықталған нозология мен клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі – КХ) сәйкес емді таңдау және тағайындау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 болып тіркелген) бекітілген Портал арқылы ТМККК шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектіұсыну үшін МҰ жоспарлы емдеуге жатқызуғатаңдау және жіберу;
Тармақша 5
5) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау;
Тармақша 6
6) урологиялық және андрологиялық патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылау;
Тармақша 7
7) урологиялық және андрологиялық патологиясы бар пациенттерді диспансерлеу;
Тармақша 8
8) урологиялық және андрологиялық патологиясы бар пациенттерді медициналық оңалту;
Тармақша 9
9) «Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы рәсімдеу және жүргізу.
Тармақша 10
10) еңбекке уақытша жарамсыздықты белгілеу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге дәрілік препараттарға рецептілер беру, оның ішінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне» сәйкес тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындыларды ресімдеу;
Тармақша 13
13) саламатты өмір салтын насихаттау.
Тармақ 11
11. МСАК урологиялық және андрологиялық патологиясының профилактикасы, диагностикасы мен емдеуі және шұғыл емдеу жағдайлар бойынша, медициналық оңалту бойынша қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін көздейді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге ұсынылған МСАК Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 13
13. МСАК шеңберінде мынадай қызметтердің түрлері көрсетіледі:
Тармақша 1
1) профилактикалық, оның ішінде профилактикалық тексеріп-қараулар, саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімдіжәне дұрыс тамақтану жөніндегі ұсынымдарды ұсыну, диспансерлеу мен кейіннен динамикалық бақылау;
Тармақша 2
2) диагностикалық, оның ішінде МСАК маманының тексеріп-қарауы, зертханалық және аспаптық зерттеу;
Тармақша 3
3) емдік, оның ішінде шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету, КХ сәйкес емдік манипуляциялар, амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікті дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 31наурызындағы № 183 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру қағидаларына сәйкес ауырған кезеңде жеке адамның еңбекке қабілетсіздігін ресми тану, оны міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу.
Тармақ 14
14. Мына азаматтарға:
Тармақша 1
1) шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетілген жағдайда бекіту фактісіне байланыссыз;
Тармақша 2
2) жоспарлы тәртіпте – тіркеу, алдын ала жазу немесе өтініш бойынша МСАК көрсетіледі.
Тармақ 15
15. МСАК медициналық ұйымдарында диагнозды нақтылау және (немесе) белгілеу мүмкін болмаған жағдайда урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттер бейінді мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жіберіледі.
Тармақ 16
16. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге КДК Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылады.
Тармақ 17
17. КДК урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді қамтитын, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету түрінде ұсынылады.
Тармақ 18
18. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге КДК көрсету МСАК дәрігерін немесе ТМККК шеңберінде басқа бейінді мамандарды жіберуі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. КДК көрсетуге жіберу кезінде МСАК дәрігері немесе басқа бейінді маман жолдама беру кезінде № 907 бұйрықпен бекітілген 027/е нысаны бойынша науқастың амбулаториялық, стационарлық медициналық картасының үзінді көшірмені ресімдейді.
Тармақ 20
20. Республикалық деңгейдегі КДК алуға урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерді жіберуді облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанынан, ал Астана және Алматы қалаларынан медициналық ұйымдардан (аумақтық емханалар, стационарлар) құрылған және жұмыс істейтін өңірлік комиссияларжүзеге асырады. Пациентке республикалық медициналық ұйымда КДК көрсету туралы оң шешім қабылданғанда өңірлік комиссия республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға жолдаманы № 907 бұйрықпен бекітілген 021/е нысаны бойынша береді. Пациентке республикалық деңгейде КДК көрсетуден бас тартқан жағдайда өңірлік комиссия медициналық ұйымға жіберген жазбаша уәжделгенбас тартуды қоса отырып құжаттарды қайтарады.
Тармақ 21
21. Стационарлық деңгейдегі урологиялық және андрологиялық көмек мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) алдын ала клиникалық диагнозды және пациенттің жағдайын анықтау мақсатында дәрігердің тексеріп-қарауы;
Тармақша 2
2) КХ-ға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау жүргізу;
Тармақша 3
3) клиникалық-аспаптық және зертханалық зерттеу деректеріне бағалау жүргізу;
Тармақша 4
4) бөлімше меңгерушісімен бірлесіп емдеуші дәрігердің КХ-ға сәйкесемдеуі және таңдауы және тағайындауы;
Тармақша 5
5) тағайындалған емдеуді жүргізу;
Тармақша 6
6) дәрігердің күнделікті (егер басқа мерзімділік көзделмесе) тексеріп-қарауы, емдеуді түзетуі;
Тармақша 7
7) түскен кезде және әрі қарай аптасына кемінде бір рет бөлімше меңгерушісінің қарауы;
Тармақша 8
8) бейін мамандарының консультациясын жүргізу (көрсетілімдер бар болғанда);
Тармақша 9
9) еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын сырқатнамадан және құжаттан үзінді көшірменің құжаттамасын ресімдей отырып, пациенттің қолына бере отырып, пациентті шығару (қажет болған жағдайда);
Тармақша 10
10) № 907 бұйрыққа сәйкес бастапқы медициналық құжатты ресімдеу және жүргізу.
Тармақ 22
22. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек Кодекстің 47-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылады.
Тармақ 23
23. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттер тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдері болған жағдайда Портал арқылы пациенттің ТМККК шеңберінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріліп, құрамында стационарлық урологиялық бөлімшесі бар медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызылады.
Тармақ 24
24. Жедел медициналық араласуды талап ететін пациенттерге жедел медициналық көмекті фельдшерлік көшпелі жедел медициналық көмек бригадалары, дәрігерлік көшпелі жедел медициналық көмек бригадалары көрсетеді.
Тармақ 25
25. Жедел медициналық көмек бригадасы өміріне қауіп төніп тұрған пациенттерді «урология және андрология» (ересек, балалар), «хирургия» немесе «анестезиология және реанимация» бейіні бойынша тәулік бойы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жеткізеді.
Тармақ 26
26. Медициналық көрсетілімдері болған жағдайда қатерлі ауруды жойғаннан кейін мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін пациенттер медициналық ұйымның урологиялық немесе хирургиялық бөлімшесіне ауыстырылады.
Тармақ 27
27. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті амбулаториялық-емханалық жағдайда орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері ұсынады.
Тармақ 28
28. Науқастанған кезде мамандандырылған диагностика әдістерін, медициналық оңалтуды және емдеуді талап етпейтін білікті медициналық көмекті жоғары медициналық білімі бар қызметкерлер (учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, хирургтар) ұсынады.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасында көзделген штат санында урология және андрология (ересек, балалар) мамандықтары бойынша маман дәрігерлері бар денсаулық сақтау ұйымдары медициналық көмек көрсетеді.
Тармақ 30
30. Стационарлық жағдайда көрсетуді қажет етпейтін медициналық көрсетілімдері болған жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін учаскелік дәрігер (терапевт, педиатр), жалпы практика дәрігері немесе хирург дәрігер пациентті медициналық ұйымның урологиялық кабинетіне жібереді.
Тармақ 31
31. Медициналық ұйымдарда урологиялық кабинет болмаған жағдайда мамандандырылған медициналық көмекті хирургиялық кабинеттерде бейінді маман уролог дәрігер көрсетеді. Андрологиялық және урологиялық бейінді онкологиялық ауру анықталған кезде пациентке емдеу мен бақылауды, аралас немесе үйлескен емдеуді қажет етпейтінонколог дәрігердің келісімі мен консультациясынан кейін уролог дәрігер жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Мамандандырылған медициналық көмекті стационарлық жағдайда және күндізгі стационар жағдайында бейінді уролог дәрігер мамандар көрсетеді және күрделі медициналық технологияларды арнайы әдістермен пайдалануды, сондай-ақ медициналық оңалтуды қажет ететін ауруларды емдеуді, профилактикалауды, диагностикалауды қамтиды.
Тармақ 33
33. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті тек стационарлық жағдайда уролог-андролог дәрігерлер ғана көрсетеді, сондай-ақ медициналық оңалтуды, арнайы әдістерді, инновациялық аз инвазивті, күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін ауруларды профилактикалауды, диагностикалауды, емдеуді қамтиды.
Тармақ 34
34. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек күндізгі стационар жәнебейінді мамандарды жіберу бойынша үйдегі стационар жағдайларында (оның ішінде пациентке тәуліктік медициналық бақылауды талап етпейтін, кішігірім операцияның көлемі бойынша-операциялық емдеу) ұсынылады. ТМКК тізіміне кірмейтін стационарлық алмастыру көмек көрсету бойынша қызмет ақылы негізде ұсынылады.
Тармақ 35
35. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге стационарды алмастыратын көмек Кодекстің 48-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынылады.
Тармақ 36
36. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге МСАК біліктілік медициналық көмек, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемдері, ең көп дәлелді тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларының негізінде медициналық көрсетілімдері бойынша айқындалады.
Тармақ 37
37. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігінің қарауындағы мемлекеттік, жекеменшік және ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету бағыты мен тәртібі «Мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттер медициналық көрсетілімдері болған жағдайда мамандандырылған медициналық және санаторийлік-курорттық ұйымдарға оңалту іс-шараларын өткізу үшін жіберіледі.
Тармақ 39
39. Пациентке стационарлық жағдайда мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету аяқталғаннан кейін № 907 бұйрықпен бекітілген 027/е нысаны бойынша науқастың амбулаториялық, стационарлық медициналық картасынан үзінді көшірме беріледі.
Тармақ 40
40. Урологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеу көлемі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 41
41. Андрологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеу көлемі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша Урологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі Урологиялық қызметті ұйымдастыру құрылымына сәйкес медициналық көмек көрсету деңгейлері Диагностикалық қызметтердің базалық пакеті Орындауға арналған күндердің саны Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтары, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, «бастапқы байланыс» дәрігерлері (жалпы практика дәрігерлері, терапевтер) 1) Анамнезді жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) қанның жалпы талдауы (бұдан әрі – ҚЖТ), несептің жалпы талдауы (бұдан әрі – НЖТ), қанның биохимиялық талдауы (бұдан әрі – б/х), коагулограмма, қан тобы, микрореакция, адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ), В гепатиті вирусының болуына талдау (бұдан әрі – НВS Аg), қан тобы; 4) стационарлық жағдайда жоғары мамандандырылған көмек көрсету үшін емдеуге жатқызу ағымының медициналық көрсетілімдерінің болуы. 1 тәулікке дейін Урологиялық кабинеттер 1) Анамнезді жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) ҚЖТ, НЖТ, қанды б/х талдау, коагулограмма, қан тобы, микрореакция, несепті бактериялық егу, АИТВ, НВS Аg, қан тобы; 4) флюорография, электрокардиография, несеп-жыныс жүйесін ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі – УДЗ), шолу, экскреторлық урография, уретроцистография; 5) бейінді мамандардың консультациясы; 6) көрсетілімдер болған жағдайда стационарлық емдеуге жіберу 4 күнге дейін урологиялық төсектер, аудандық, қалалық, облыстық ауруханалардың бөлікшилері Тереңдетілген қосымша зерттеп-қарау: Медициналық көрсетілімдері болған жағдайда төменде айтылған әдістерді пайдаланып – УДЗ, несепті бактериологиялық егу, Реберг, Зимницкий сынамалары, компьютерлік томография, ретроградтық уретеропиелография 10 күнге дейін Республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер, «Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының- республикалық урологиялық орталығы Тереңдетілген қосымша зерттеліп-қарау: Медициналық көрсетілімдері болған жағдайда төменде айтылған әдістерді пайдаланып- ультрадыбыстық доплерография, несепті бактериологиялық егу, Реберг, Зимницкий сынамалары, иммунология, гормондар, компьютерлік томография, ангиография, кавернозография, эластография, пункциялық биопсия және тағы басқа. 12 күнге дейін
Басқа 2
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша Андрологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің көлемі Урологиялық қызметті ұйымдастыру құрылымына сәйкес медициналық көмек көрсету деңгейлері Диагностикалық қызметтердің базалық пакеті Орындауға арналған күндердің саны Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтары, отбасылық дәрігерлік амбулаториялары, урологиялық кабинеттер 1) Анамнез жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қанның биохимиялық талдауы, коагулограмма, қан тобы, микрореакция, адамның иммун тапшылығы вирусы, В гепатиті вирусын тасымалдаушыға талдау, қан тобы; 4) медициналық көрсетілімдер болған жағдайда стационарға емдеуге жатқызу үшін жедел жіберу. 1 тәулікке дейін Ерлердің денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру өңірлік орталықтары 1) Шағымдар, анамнезді жинау; 2) физикалдық зерттеп-қарау; 3) тереңдетілген қосымша тексеру: әдістерді пайдаланып- ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі – УДЗ), иммунология, гормондар, ерекше антиген простатасы, пункциялық биопсия және т.б. 4) арнайы мамандардың консультациясы 5) көрсетілімдері болған жағдайда стационарлық емдеуге жіберу 5 күнге дейін Республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер, «Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының- республикалық урологиялық орталығы Тереңдетілген толық зерттеп-қарау: Төменде айтылған әдістерді пайдаланып - УДЗ, ультрадыбыстық доплерография, несепті бактериологиялық егу, Реберг, Зимницкий сынамалары, компьютерлік томография, ангиография, кавернозография, эластография, пункциялық биопсия және тағы басқа. 12 күнге дейін