О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "Об амнистии граждан Республики Казахстан в связи с легализацией ими денег" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
Бап 1
1-бап. "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (2001 жылғы 4 сәуірде "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 3 сәуірде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-баптың 2-тармағында "жиырма" деген сөз "отыз" деген сөзбен
ауыстырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.