Об установлении ограничительных мероприятий в селе Жинишкесу Каратальского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Қаратал ауылдық округіндегі
Жіңішкесу ауылына шектеу
іс –шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қаратал ауылдық округіндегі Жіңішкесу ауылының тұрғыны Р. Момбаевтың ұйымдастырған отарындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты осы отарға шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторы С. Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарынының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зайсан ауданының бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитарлық инспекторы С. Қожекенов
02.06.2015 жыл