Об утверждении Правил выдачи административным органом разрешений на ввоз на территорию Республики Казахстан и вывоз с территории Республики Казахстан видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкiмшiлiк органның рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкiмшiлiк органның рұқсаттар беру қағидалары бекiтілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________Ә. Исекешев 2015 жылғы 23 шілде «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы 16 шілде
Басқа 0. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауғаәкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығымен бекітілген «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауғаәкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әкiмшiлiк орган – «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес ұрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұлттық әкімшілік орган;
Тармақша 2
2) өтiнiш беруші –лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
Тармақша 3
3) Конвенция –Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 26 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция;
Тармақша 4
4) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
Тармақша 5
5) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
Тармақша 6
6) рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;
Тармақша 7
7) тарап – өзі үшін Конвенция күшіне енген мемлекет.
Тарау 2. 2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртiбi
2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртiбi
Тармақ 3
3. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияныңкүші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың бірі конвенцияның III-V бабына сәйкес ғылыми органның қорытындысы болып табылады. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауғағылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға қағаз нысанында мыналарды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтінішті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияға 1, 2, 3-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың көшірмесін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алу жағдайында электрондық құжат нысанындағыаң аулауға арналған рұқсаттың көшірмесін;
Тармақша 4
4) аушы жыртқыш құстарды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау, аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде сақиналары (микрочиптері) бар фотосуреттерді, сондай-ақ аушы жыртқыш құс паспортының көшірмесін;
Тармақша 5
5) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау, аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде аталған іс-қимылды жасау ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесін, сондай-ақ импортталатын, экспортталатын және (немесе) кері экспортталатын өнімнің саны мен көлемі, жынысы, өнім түрі мен оның сипаттамасы (тірі, консервіленген, ұрықтандырылған, криоконсервіленген) туралы мәліметтер көрсетілген құжатты;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында қолдан өсірілген үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмесі және (немесе) Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы куәлік, аралық бонитирлеу актілері, сондай-ақ сатып алған жағдайда үлгілерді сатып алу туралы құжаттардың (жүкқұжат, шарт, актілер) көшірмелерін жібереді.
Тармақ 4
4. Ғылыми ұйым Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтiнiш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайды және ғылыми қорытынды береді не мынадай:
Тармақша 1
1) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға белгіленген нысан бойынша өтініш берген;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
Тармақша 3
3) егер үлгілерді импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда ғылыми қорытынды беруден бас тартады.
Тармақ 5
5. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
Тармақ 6
6. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті атынан әкімшілік орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға өтініш;
Тармақша 2
2) жеке мақсатта импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың электрондық көшірмесін;
Тармақша 3
3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың электрондық көшірмесін;
Тармақша 4
4) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесін;
Тармақша 5
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беру үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын мәліметтерді;
Тармақша 6
6) жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағында мекендеу табиғи ортасынан алып қойған жағдайдаэлектрондық құжат нысанында аң аулауға рұқсатты береді.
Тармақ 8
8. Құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус жіберіледі. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төлеуді, аң аулауға рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні рұқсат алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді (көрсетілетін қызметті алушы сағат 18.00-ден кейін немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді. Құжаттар топтамасы толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралықсауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру туралынемемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралышешім қабылдайды. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Тармақ 11
11. Рұқсат осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру журналына қол қойғыза отырып, өтініш берушінің сенімхаты бойынша өтініш берушіге (не сенімхат бойынша өкіліне) беріледі.
Тармақ 12
12. Рұқсатта осы Қағидаларға4-қосымшада көрсетілген ақпарат, оны берген сәттен бастап тек алты ай ішіндегі үлгілерді импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау үшін қолданылу кезеңі қамтылады.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша Нысан Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкiмшiлiк органның ғылыми ұйымы кімнен _____________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның (дара кәcіпкердің) ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) мекенжайы__________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй №, пәтер № (бар болса), телефоны) деректемелері________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) 1. Импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және музейлер арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер) 2. Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі 3. Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) 4. Үлгілердің саны және (немесе) салмағы 5. Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды) 6. Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса) 7. Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса) 8. Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні 9. Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш берілген күн 20____жылғы «___»________________.
Басқа 2
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www. egov. kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметтікөрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз тасығышта 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат не дәлелді бас тарту. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар бергені үшін мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес алынады және 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ электрондық үкіметті төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) порталы арқылы жүргізіледі. 7 Жұмыс кестесі Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес сағат 18.00-ден кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында- www.eсogeo.gov. kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі; 2) порталда. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауға жеке мақсаттары үшін жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауды жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың электрондық көшірмесі; 3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың электрондық көшірмесі; 4) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесі; 5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын мәліметтер; 6) жануарлар түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи мекендеу ортасынан алынған жағдайда, аң аулауға арналған рұқсаттың электрондық көшірмесі Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және (немесе) қайта әкетуге рұқсаттар беру үшін жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы, сондай-ақ рұқсат беруге арналған мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы мәліметтер, аң аулауға рұқсат – көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден ұсынылады. 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы. 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. 10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның VІ бабының талаптарына жауап береді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» құралы бойынша қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 3. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша Нысан __________________________________________ Қызмет көрсетушінің атауы кімнен____________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы), _________________________________________ Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________________ (жеке кәсіпкердің) адрес______________________________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй №, № пәтер (бар болса), телефон) деректемелері _________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған 1 Им­порт­тау, экс­порт­тау және (неме­се) ке­рі экс­порт­тау мақ­са­ты (ком­мер­ци­я­лық опе­ра­ци­я­лар, ғы­лы­ми зерт­те­улер, өсім­ді мо­лай­ту мақ­сат­та­ры, цирк­тер­де өнер көр­се­ту неме­се жы­л­жы­ма­лы көр­ме­лер, хай­у­а­нат­тар бақ­та­ры, бо­та­ни­ка­лық бақ­тар және му­зей­лер ара­сын­да­ғы ал­ма­су, сон­дай-ақ же­ке ба­сы­на бе­ру 2 Мем­ле­кет­тік, орыс және ла­тын тіл­де­рін­де ата­уы көр­се­ті­л­ген үл­гі 3 Үл­гі­нің си­патта­ма­сы (ті­рі жа­ну­ар­лар, те­рі­лер, тұлып­тар, ұша­лар, бас сүй­ек­те­рі, мүй­із­дер, азу ті­стер, қан, уыл­ды­рық, сон­дай-ақ бұй­ым­дар және бас­қа­лар, ті­рі жа­ну­ар­лар үшін – жы­ны­сы мен жа­сы, сәй­кестен­ді­ру бел­гі­ле­рі­нің бар-жо­ғы) 4 Үл­гі­лер­дің са­ны және (неме­се) сал­ма­ғы 5 Үл­гі­нің шы­ғу те­гі (та­би­ғат­тан алын­ған, жа­сан­ды жағ­дай­лар­да шы­ға­ры­л­ған неме­се өсі­рі­л­ген, бас­қа ел­ден қан­дай құ­жат­тар­дың негі­зін­де им­порт­тал­ды, тәр­кі­лен­ді, са­тып алын­ды, сый­ға неме­се мұ­ра­ға алын­ды және та­ғы бас­қа­лар) 6 Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның І және ІІ қо­сым­ша­ла­ры­на түр­ле­рі ен­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар­ды қол­дан өсі­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ды әкім­ші­лік ор­ган­да тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­дің (-тің) нө­мі­рі және кү­ні (бар бол­са) 7 Егер үл­гі­лер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жа­сан­ды жағ­дай­лар­да өсі­рі­л­ген бол­са, Құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның І және ІІ қо­сым­ша­ла­ры­на түр­ле­рі ен­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар­ды қол­дан өсі­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны неме­се тоқ­та­ты­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның (-лар­дың) нө­мі­рі және кү­ні (бар бол­са) 8 Егер жа­ну­ар­лар­дың түр­ле­рі, олар­дың бө­лік­те­рі мен де­ри­ват­та­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу ар­қы­лы та­би­ғи ор­та­дан алын­са, са­ны рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алу­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың нө­мі­рі мен кү­ні
Басқа 4
Құрып кету қаупі төнген жабайыфауна мен флора түрлерімен халықаралықсауда туралы конвенцияның күшіқолданылатын жануарлар түрлерінҚазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасыныңаумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органныңрұқсат беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (СИТЕС) ОРИГИНАЛ Original Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora (CITES) Қазақстан РеспубликасыЭкология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Министерство Экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ministry of Еcology, geology and natural resources of the Republic of Kazakhstan Экспорт Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы Административный орган СИТЕС в РеспубликеКазахстан Management Authorities for CITES in the Republic of Kazakhstan 010000, Ministry House, Mangelek El 8, Nur-Sultan city, Republic of Kazakhstan Tel.: (+7172) 749935 Fax: (+7172) 749926 Export Импорт Прочие Other Экспортер / Реэкспортер: Exporter / Re-exporter: Разрешение №: Permit №: Действительно до: Validuntil: Импортер: Importer: Особые условия: Special conditions: Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA Live Animal Regulations Русское и латинское название животного Russian and scientific name of animal Описание образца, включая метки Descriptionof specimens, including identifying marks or numbers Приложение Appendix Источник Sourcе Цель Purposе Количество экземпляров или вес Quantity: numberof specimens or weight A Страна происхождения Country of origin Номер разрешения и дата Permit № anddate В Страна происхождения Country of origin Номер разрешения и дата Permit № anddate Настоящее разрешение выдано: This permit was issuedon: ___________ _________________________ Дата / Date Защитная марка, подпись и печать Security stamp, signature and official seal Казахстан / Kazakhstan Подтверждение экспорта / реэкспорта Заполняется в пункте пересечения таможенной границы Республики Казахстан Пункт пропуска:____________ Дата:______________________ Подпись должностного лица и печать:_________________ Номер коносамента/авианакладной:___ ___________________________ Название образца Количество А В
Басқа 5
Құрып кету қаупі төнген жабайыфауна мен флора түрлерімен халықаралықсауда туралы конвенцияның күшіқолданылатын жануарлар түрлерінҚазақстан Республикасының аумағынаимпорттауға, Қазақстан Республикасыныңаумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органныңрұқсаттар беру қағидаларына 5-қосымша Нысан Р/с № Кімге берілді Үлгінің атауы Саны Қайда/қайдан Рұқсат берілген күні және нөмірі Алушының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі,сенімхат Алушының қолы 1 2 3