Об утверждении Правил проведения экспертизы качества хлопка-волокна и выдачи паспорта качества хлопка-волокна Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын бекіту туралы «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 04 тамыз
Басқа 1. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-1/618 бұйрығымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) классерлік әдіс – мақта жөніндегі сарапшы (классер) жүзеге асыратын, сұрыбы, сыныбы және штапельдік ұзындығы бойынша мақта талшығын қолмен бағалау;
Тармақша 2
2) мақта талшығының иесі – меншік құқығында мақта талшығы бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) мақта талшығының сапасы – стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақта талшығының тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;
Тармақша 4
4) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілері – мақта талшығының нақты сұрыбы мен сыныбына тән түсі, дақтарының болуы, құрылымы және ластануы бойынша мақта талшығының сапа сипаттамаларының жиынтығын білдіретін, бекітілген немесе белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген үлгілер.
Тармақ 3
3. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізуді «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары) (бұдан әрі – зертхана (орталық)) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу тәртібі
2-тарау. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізуді зертханалар (орталықтар) шарт негізінде мақта талшығының әр тайы бойынша (әр тайға) жүзеге асады.
Тармақ 5
5. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу:
Тармақша 1
1) сынамаларды іріктеуді;
Тармақша 2
2) сынамаларды сынақтан өткізуді;
Тармақша 3
3) мақта талшығының сапа паспортын ресімдеуді қамтиды.
Тармақ 6
6. Мақта талшығының әрбір тайынан сынама (100-150 грамм) іріктеуді мақта тазалау зауытында тай тығыздаудан шыққан кезде зертхананың (орталықтың) іріктеушісі жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Сәйкестендіру мақсаттары үшін зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мақта талшығының әрбір іріктеп алынған сынамасына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тай нөмірінің штрих-коды бар биркадан жыртылмалы купон салады. Купон жыртылып алынған бирка тайдың сынама алынған, кесілген бөлігіне салынады.
Тармақ 8
8. Зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мақта талшығының іріктеп алынған сынамаларын жыртылмалы купондарымен бірге полиэтилен пакеттерге буып-түйеді және оларды қапқа тығыздап салады. Қап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша затбелгімен мөрленеді.
Тармақ 9
9. Бір өнеркәсіптік және селекциялық сұрыптың және сыныптың шитті мақтасынан өңделген мақта талшығынан сынамалар іріктеп алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеп алу актісімен ресімделеді. Сынамаларды іріктеп алу актісіне зертхананың (орталықтың) іріктеушісі мен мақта тазалау зауытының өкілі екі данада қол қояды, оның біреуі мақта тазалау зауытының өкіліне, екіншісі сынамаларды зертханаға (орталыққа) тасымалдауды жүзеге асыратын зертхананың (орталықтың) өкіліне беріледі. Зертхананың (орталықтың) іріктеушісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сынамаларын әр тайдан іріктеп алуды тіркеу журналын жүргізеді.
Тармақ 10
10. Сынамалары бар мөрленген қаптарды зертхананың (орталықтың) өкілі зертханаға (орталыққа) тасымалдайды.
Тармақ 11
11. Зертханаға (орталыққа) жеткізілген сынамалары бар қаптарды зертхананың (орталықтың) маманы қабылдап алады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тазалау зауытында іріктеп алынған мақта талшығының сынамаларын қабылдап алуды тіркеу журналына тіркейді.
Тармақ 12
12. Мақта талшығының сынамаларын сынау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу кезінде қолданылатын стандарт тізбесіне сәйкес зертханада (орталықта) жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Мақта талшығының сынамалары жылдам желдету қондырғысында алдын ала ұсталады немесе жиырма төрт сағат бойы мынадай стандартты климаттық жағдайдағы үй-жайда желдетіледі: ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 (алпыс бес) пайыз + 2 (екі) пайыз, ауа температурасы Цельсий бойынша 21 (жиырма бір) градус + Цельсий бойынша 1 (бір) градус.
Тармақ 14
14. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесі (НVІ типті) арқылы; екінші кезең – классерлік әдіспен.
Тармақ 15
15. Мақта талшығын сынақтан өткізуді бастағанға дейін өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесін (НVІ типті) күйге келтіру жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Өнімділігі жоғары мақта талшығын сынаудың автоматтандырылған өлшеу жүйесі (НVІ типті) арқылы мақта талшығының мынадай көрсеткіштері өлшенеді:
Тармақша 1
1) микронейр;
Тармақша 2
2) түс (шағылысу коэффициенті, сарғаю дәрежесі);
Тармақша 3
3) ластану (трэш код, арамшөпті қоспалар алаңы, арамшөпті қоспалар саны);
Тармақша 4
4) ұзындық (жоғарғы орташа ұзындық, ұзындығы бойынша біркелкілік индексі, қысқа талшықтар индексі);
Тармақша 5
5) беріктік (үлестік үзілу жүктелімі, үзілгендегі ұзаруы).
Тармақ 17
17. Классерлік әдіс:
Тармақша 1
1) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілерімен салыстыру жолымен сұрыбы мен сыныбы бойынша мақта талшығын органолептикалық бағалауды;
Тармақша 2
2) штапельді қолмен төсеу жолымен штапельдік ұзындықты анықтауды көздейді. Сондай-ақ, микронейр көрсеткіші (аспаппен), мақта талшығының сынамаларында басқа қоспалардың (мақта тұқымының, линттің, шитті мақтаны бастапқы өңдеу қалдықтарының, майланған мақта талшығының, шірік иісінің) бар-жоғы және жабысқақтығы анықталады.
Тармақ 18
18. Мақта талшығының сапасын әр тай бойынша сынақтан өткізу нәтижелері бойынша әрбір тайға «Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12152 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапа паспорты ресімделеді. Мақта талшығы иесінің өтінімі бойынша мақта талшығының әр тай бойынша сапа паспорттары негізінде мақта талшығының біртектес партиясына біріктірілген мақта талшығының сапа паспорты ресімделуі мүмкін.
Тармақ 19
19. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісі қара немесе көк түсті шарикті немесе қауырсынды қаламмен қолмен не машинкамен басу тәсілімен толтырылады. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісін толтыру кезінде түзетулерге жол берілмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібі
3-тарау. Мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібі
Тармақ 20
20. Мақта талшығының сынамаларын сынау нәтижелері бойынша «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» 17025 ҚР СТ ISO/IEC Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес сынақ хаттамасы ресімделеді, оның негізінде зертхана (орталық) мақта тазалау зауытында мақта талшығының сынамаларын іріктегеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей мақта өңдеу ұйымының мақта талшығы сапасының паспортын береді.
Тармақ 21
21. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу нәтижелері негізінде мақта өңдеу ұйымы типі, өнеркәсіптік және селекциялық сұрыбы бойынша біртекті, үш сыныпқа дейін болуға жол берілетін мақта талшығының партиясын жинақтайды, жинақталған мақта талшығы партиясының кондициялық салмағын айқындайды. Мақта талшығын тиеп-жөнелту кезінде мақта өңдеу ұйымы тиеп-жөнелту құжаттарына мақта талшығының сапа паспортын салады.
Тармақ 22
22. Мақта талшығының сапа паспорты мақта талшығын сақтау шарттарын сақтаған жағдайда, берілген күнінен бастап және сегіз ай бойы қолданылады.
Тармақ 23
23. Мақта талшығының сынамалары сынақтан өткізілгеннен кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп-жөнелткенге дейін, бірақ мақта талшығының сапа паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге зертханада (орталықта) сақталады, содан соң мақта өңдеу ұйымына қайтарылады.
Басқа 1-1. Тай нөмірінің штрих-коды бар бирка
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 1-қосымша Нысан Тай нөмірінің штрих-коды бар бирка Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) атауы 777 000023 777 000023 777 000024 777 000024 777 – мақта тазалау зауытының коды; 000023, 000024 – мақта тазалау зауытындағы мақта талшығы тайының нөмірі. Ескертпе: 1-жыртылмалы купон іріктеп алынған мақта талшығы сынамасына салынады, 2-бирка тайдың кесілген тілінген бөлігіне салынып, тігіледі.
Басқа 1-2. Затбелгі
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Затбелгі Мақта өңдеу ұйымының атауы ______________________________________ Мақта тазалау зауытының коды _____________________________________ Шитті мақта партиясы _____________________________________________ Шитті мақтаның өнеркәсіптік сұрыбы ________________________________ Шитті мақтаның сыныбы ___________________________________________ Селекциялық сұрыбы ______________________________________________ Сынамалар алынған тайлар: № ____________________ бастап № _______________________ дейін Іріктеп алынған күні 20____ жылғы «____»_______________ Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі: _________________________________________ ________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Басқа 1-3. Сынамаларды іріктеп алу актісі
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 3-қосымша Нысан Сынамаларды іріктеп алу актісі Мақта өңдеу ұйымының атауы және мекенжайы ______________________ Мақта тазалау зауытының коды _____________________________________ Сынамаларды іріктеп алу жүргізілген орын ___________________________ Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері __________________ Бірегей сәйкестендіру _____________________________________________ Қолданылған әдістің сәйкестендіруі_________________________________ Сынамаларды іріктеп алу үшін үлгіні (лерді) алу күні __________________ Сынамаларды іріктеп алу жүргізілген күн ____________________________ Сынамаларды іріктеп алу актісі берілген күн _________________________ Шитті мақта партиясының нөмірі ___________________________________ Шитті мақтаның өнеркәсіптік сұрыбы _______________________________ Шитті мақта сыныбы _____________________________________________ Селекциялық сұрыбы ____________________________________________ Тай нөмірі:   ____________ бастап _________ дейін Іріктеп алынған сынамалар саны___________________________________ Іріктеп алынған сынамалардың салмағы __килограмм_________________ Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі: _____________________________________________ _______________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Мақта тазалау зауытының өкілі _____________________________________________ _______________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Басқа 1-4. Мақта талшығының сынамаларын әр тай бойынша іріктеп алуды тіркеу журналы
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) акредиттеу белгісінің орны Мақта талшығының сынамаларын әр тай бойынша іріктеп алуды тіркеу журналы Кү­ні Бри­га­да және ауы­сым нө­мі­рі Сы­на­ма­лар са­ны Штрих-код нө­мі­рі _____ ба­стап _____ дей­ін Ірік­те­у­ші­нің аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі Ірік­те­у­ші­нің қо­лы Ес­керт­пе 1 2 3 4 5 6 7 Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі: __________________________________________ ____ ___________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Басқа 1-5. Мақта тазалау зауыттарында іріктеп алынған мақта талшығының сынамаларын қабылдап алуды тіркеу журналы
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 5-қосымша Нысан Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) акредиттеу белгісінің орны Мақта тазалау зауыттарында іріктеп алынған мақта талшығының сынамаларын қабылдап алуды тіркеу журналы Кү­ні Мақ­та та­за­лау за­уы­ты­ның ко­ды Сы­на­ма ірік­теу ак­ті­сі­нің нө­мі­рі мен кү­ні Жүк құ­жат нө­мі­рі мен кү­ні Сы­на­ма­лар са­ны Сы­на­ма­лар сал­ма­ғы, ки­ло­грамм Ылғал­ды­лы­ғы, пай­ыз % Се­лек­ци­я­лық сұ­ры­бы Шит­ті мақ­та­ның өнер­к­ә­сіп­тік сұ­ры­бы мен сы­ны­бы Штрих-код нө­мі­рі _____ ба­стап _____ дей­ін 1 2 2 4 5 6 7 8 9 10 Аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) іріктеушісі: _______________________________________ ______ ___________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Басқа 1-6. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу кезінде қолданылатын стандарттар тізбесі
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 6-қосымша Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу кезінде қолданылатын стандарттар тізбесі № п/п Стандартты белгілеу Стандарттың атауы Ескертпе 1. 1096 ҚР СТ Мақта талшығының стандартты үлгілері. Дайындау және қолдану тәртібі. 2. 1404 ҚР СТ Шитті мақтаның үлгі-эталондары. Дайындау және қолдану тәртібі. 3. 1403 ҚР СТ Шитті мақта. Техникалық шарттар. 4. 643 ҚР СТ РСТ Өз Шитті мақта. Сынама алу әдістері. 5. 1593 ҚР СТ Шитті мақта. Ластануды анықтау әдістері. 6. 644 ҚР СТ РСТ Өз Шикі мақта. Ылғалдылықты анықтау әдістері. 7. 593 ҚР СТ РСТ Өз Шитті мақта. Мақта талшығының сипаттамаларын анықтау әдістері. 8. 1594 ҚР СТ Шитті мақта. Сортты анықтау әдістері. 9. 1597 ҚР СТ Тұқымдық шитті мақта және егістік мақта тұқымы. Сынама алу әдісі. 10. 1595 ҚР СТ Шитті мақтаны өңдеу. Терминдер мен анықтамалар 11. 53236 ҚР СТ МЕМСТ Р Мақта талшығы. Сынама алу әдістері 12. 53232 ҚР СТ МЕМСТ Р Мақта талшығы. Ұзындығын анықтау әдістері