О введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, установлении мест и сроков их пользования Күшін жойған
Басқа 0
Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Тармақ 2-1
2-1. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 190 бұйрығына
1-қосымша
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі – шектеу мен тыйым салу) Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту мақсатында шектеу мен тыйым салу олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
Тармақ 3
3. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 тіркелген) Балық аулау қағидаларында айқындалатын ғылыми-зерттеу (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде), бақылау, мелиоративтік аулауды, өсімін молайту мақсатында (жасанды өсімін молайту және балық өсіру материалын алу мақсатында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке балық өсіру шаруашылықтары жүзеге асырады) аулауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлы балықты жасанды өсіру үшін пайдаланылатын су айдындарына қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың 8%-нан және сүзгіш аулау құралдарында 5%-нан артық көлемде өзге балық түрлерінің және кәсіпшілік мөлшеріне сәйкес емес балықтың аулануына тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 5
5. Мына:
Тармақша 1
1) үшкір аулау құралдарын (шанышқы, найза, қапқан), өздігінен аулау құралдарын (ілмек, тартпа, артпа), жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқпен атылатын қаруларды қолдана отырып;
Тармақша 2
2) қолдануы Балық аулау қағидаларында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 тіркелген) Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне енгізілмеген балық аулау құралдарымен, әдістермен және тәсілдермен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 тіркелген) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес нысан бойынша балық аулау қағидаларында және жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатында көзделген тор көзі кіші аулау құралдарын қолдана отырып;
Тармақша 4
4) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде, мерзімдерде және орындарда;
Тармақша 5
5) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;
Тармақша 6
6) үркіту, сылдырлау арқылы шошыту, қуалау тәсілдерімен;
Тармақша 7
7) балық аулау қағидасында белгіленген кәсіпшілік мөлшерден аз балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынсын.
Тарау 2. 2. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
2. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
Тармақ 6
6. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
Тармақша 1
1) Шардара су қоймасының су айлағында 1 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) сағадан Түркістан блысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 5
5) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 6
6) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 7
7. Артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 8
8. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
Тармақша 1
1) Арыс және Келес өзендерінде;
Тармақша 2
2) Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 километр (бұдан әрі - км), Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде;
Ескертпе: балық өлiмiн болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын жылғада балық аулауға жол беріледі.
Тармақша 3
3) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы) негiзгi уылдырық шашу учаскелерiнде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 8-1
8-1. Шардара су қоймасының платиналды аймағында қоймалы ауды қолдануға тыйым салу енгізілсін.
Тарау 3. 3. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу мен тыйым салу
3. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу мен тыйым салу
Тармақ 9
9. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
Тармақша 1
1) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта.
Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 25 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары , сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 5
5) Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 6
6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 7
7) Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 10
10. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
Тармақша 1
1) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе кенті) дейінгі Іле өзенінде және Іле өзенінің барлық атырауында;
Тармақша 2
2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде;
Тармақша 3
3) Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауындағы Үтік шоқысын (аңшылық шаруашылығы кордоны) және оң жақ жағалаудағы бұрынғы 90 км (қорықшылар үйі) және қосатын тік сызықтан Іле өзенінің ағысымен жоғарғы бағытта Шарын өзенінің сағасына дейін;
Тармақша 4
4) Жалаңашкөл көлінде;
Тармақша 5
5) Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде кәсіптік аулау құралдарын қолдана отырып, осы өзендердің сағаларын, ағындарын және жайылмаларын олардың Балқаш көліне құятын сағасынан және өзендердің барлық ұзындығы мен олардың негізгі ағындарының ағысы бойынша жоғары қарай пайдалана отырып жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 1
1. Балқаш көлінде жылымдарды қолдана отырып қанаттары толық ашылғаннан кейін екі қанатын бір уақытта моторлы тарту (тралдау тәсілі) арқылы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тарау 4. 4. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу
мен тыйым салу
4. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу
мен тыйым салу
Тармақ 12
12. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
Тармақша 1
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына 16 сәуірден 30 мамыр қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 15 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 5
5) бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша 15 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 13
13. Ақсаха балық түрлері уылдырық шашу және артемияның көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
Тармақша 1
1) Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында және Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында ақсаха балық түрлерін 10 қарашадан
10 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта аулауға;
Тармақша 2
2) Павлодар облысының тұзды су айдындарында артемия жұмыртқаларын 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта жинауға және дайындауға;
Тармақша 3
3) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 10 қарашадан 10 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 14
14. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
Тармақша 1
1) Ұлтарақ мүйiсiн бұрынғы Ескi Қарақас кентімен байланыстыратын сызығынан батысқа қарай Жайсан көлiнiң солтүстiк-батыс бөлiгiнде;
Тармақша 2
2) Аманат-Сақтаған-Қамысзауыт сызығынан шығысқа қарай Қара Ертiс өзенiнің атырауында;
Тармақша 3
3) Қара Ертіс өзенінде Зайсан көліне құйылудан ҚХР Мемлекеттік шекарасына дейін және Кендірлік және Ақсу өзендерінде Қара Ертіс өзеніне құйылудан Зайсан-Майқапшағай автожолына дейін;
Тармақша 4
4) Ойран-Жасыл сызығынан шығысқа қарай (Торанғы шығанағы);
Тармақша 5
5) Қозғалмалы механикаландырылған колона мүйісімен Қуандық мүйiсін байланыстыратын сызықтан шығысқа қарай Үлкеннарым шығанағында;
Тармақша 6
6) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып бастауынан сағасына дейінгі аралықтағы Боқан, Көкпектi, Күршiм, Бұқтырма, Нарым, Калжыр, Ақ-Қаба, Қара-Қаба өзендерiнде және олардың құймаларында;
Тармақша 7
7) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шүлбі су қоймасының Қызыл-Су, Шүлбi, Ковалевский, Осиха шығанақтарында, Өскемен су қоймасының Таловский шығанағында және Оба өзенінің жылғасында жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 15
15. Бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға жыл бойы тыйым салу енгізілсін.
Тарау 5. 5. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша
шектеу мен тыйым салу
5. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша
шектеу мен тыйым салу
Тармақ 16
16. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
Тармақша 1
1) Есіл бассейнінің су айдындарында:
шортан, аққайран және көксерке – 15 сәуірден 15 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) – 20 мамырдан 20 маусымды қоса алғандағы аралықта;
гамарус – 1 тамыздан 14 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта;
артемия жұмыртқалары – 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
өзен шаяндары – 1 маусымнан 15 шілдені қоса алғандағы аралықта аулауға (жинауға, дайындауға);
Тармақша 2
2) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық құймалары мен су қоймаларында 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тарау 6. 6. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
6. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
Тармақ 17
17. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында мынадай орындар мен мерзімдерде:
көксерке – 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) – 15 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 18
18. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
Тармақша 1
1) Шерубай-Нұра су қоймасы – Шерубай-Нұра өзенiнiң сағасынан 1 км, Шерубай-Нұра өзенінің сағасынан су қойманың оңтүстік жағалауымен 2 км және сағадан солтүстiк жағалаумен 1 км жердегі Шерубай-Нұра өзенiнің саға алды учаскесінде;
Тармақша 2
2) Самарқанд су қоймасы – солтүстiк жағалаумен 2 км бойы және оңтүстiк жағалаумен 1,5 км бойы су қойманың шығыс бөлігінде, сондай-ақ 500 метр (бұдан әрі – м) сағадан шығысқа қарай Нұра өзенiнiң арнасында;
Тармақша 3
3) Шалқар және Рудный көлдерi – өзара байланыстыратын жылғада, шығанаққа дейiнгi Рудный көлiнде, 500 м Шалқар көлінің iшкі бағытындағы учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тарау 7. 7. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
7. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
Тармақ 19
19.
Тармақша 1
1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдындарында:
шортан – 20 наурыз бен 20 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта аулауға;
Тармақша 2
2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
мөңке – 20 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
шортан, аққайран – 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
нәлім – 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
шаян – 15 қазан мен 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;
Тармақша 3
3) Ақтөбе облысының су айдындарында:
шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балық – 10 сәуірден 10 мамыр қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан -10 мамырдан 5 маусымды алғандағы аралықта;
нәлім – 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері - 20 қазан мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
шаян – 1 ақпаннан 5 маусымға қоса алғандағы аралықта аулауға;
Тармақша 4
4) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 шілдені қоса алғандағы аралықта:
сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 20
20. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
Тармақша 1
1) сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
Тармақша 2
2) Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында;
Тармақша 3
3) Ырғыз-Торғай жүйесінің көлдері арасындағы жылғаларда, сондай-ақ сағадан Дүкен аулына дейінгі Өлкейік өзенінде, Ақтөбе облысы шегіндегі Телқара және Торғай өзендерінде жыл бойы кәсiпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тарау 8. 8. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша шектеу мен тыйым салу
8. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша шектеу мен тыйым салу
Тармақ 21
21. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындарда, учаскелерде және мерзімдерде:
Тармақша 1
1) Каспий теңiзi қазақстандық секторы солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 25 мамырдан 31 тамызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Каспий теңiзi қазақстандық секторының Түпқараған мүйiсiнен Бұрыншық мүйiсiне дейiнгi Маңғышлақ мыңаралы аралдары мен жапсарлас жағалауында 15 қарашадан 15 наурызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Жайық пен Қиғаш өзендерiнiң жанама су айдандарында 1 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде 16 мамырдан 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;
Тармақша 5
5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде 25 мамырдан 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;
Тармақша 6
6) Құшым өзенiнде және Киров, Битик, Донголюк, Пятимар су қоймаларында 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 7
7) Шалқар көлiнде, Жайық-Құсмұрын суғару-суару жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самара жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 8
8) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарында 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 22
22. Жайық өзенiндегі стационарлық ұйықтық учаскелерінде (күндіктер) мынадай шектеулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көктемдiк балық аулау маусымында 25 сәуiрге дейiн 5:3 (5 күн балық ауланады, 3 күн тыйым салынады), 25 сәуірден бастап 15 мамырға дейін 5:5 (5 күн балық ауланады, 5 күн тыйым салынады);
Тармақша 2
2) күздiк балық аулау маусымында мұз қатқанға дейiн 5:2 (5 күн балық ауланады, 2 күн тыйым салынады).
Тармақ 23
23. Кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
Тармақша 1
1) Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарда 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 24
24. Барлық суда 1 сәуірден 15 маусымды қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 25
25. Мына:
Тармақша 1
1) өсімін молайту кәсіпорындарын (мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде);
Тармақша 2
2) ғылыми зерттеу үшін аулауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарын;
Тармақша 3
3) бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға, бекіре тұқымдас балықтарды және оның дериваттарын (уылдырығын) пайдалануға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 26
26. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
Тармақша 1
1) сағадан Кіші Дамба ұйықтық учаскесіне дейінгі және Төменгі Татар ұйықтық учаскесінен Батыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Жайық өзенінде;
Тармақша 2
2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде;
Тармақша 3
3) шекара ауданындағы Жайық өзенінің құярлық аймағында:
батыста – солтүстік ендікте (ары қарай - с.е.) 46°44'38.74" нүктесінен сызық бойымен, 52°17'10.89" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°28'07.6" нүктесіне дейін 52°16'08.6" шығыс бойлықта;
шығыста – солтүстік ендікте 46°55'33.18" нүктесінен сызық бойымен 50°48'53.29" шығыс бойлықта солтүстік ендіктің 46°43'40.36" нүктесіне дейін 50°48'26.55" шығыс бойлықта;
оңтүстікте – солтүстік ендікте (ары қарай – с.е.) 46°50'37.3" нүктесінен тура сызықта, 51°22'39.2" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°38'47.7" нүктесіне дейін 51°42'27.9" шығыс бойлықта;
Тармақша 4
4) Қиғаш өзенінің (Еділ өзені атырауының шығыс бөлігі) төменде көрсетілген шегінде:
батысында – Каныченский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Телячинский балық өту каналымен қиылысқан жерінен Коневский балық өту каналымен қиылысқан жеріне дейін;
шығысында – Ганюшкинский балық өту каналының оң жақ жағалауымен 70 км-нан 112 км (Коневский балық өту каналымен қиылысқан жері) дейін;
оңтүстігінде – Коневский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Каныченский балық өту каналының қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 112 км дейін;
солтүстігінде – Каныченский балық өту каналымен Телячинский балық өту каналы қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 70 км дейінгі тік сызық бойымен саға алды кеңістігінде;
Ескертпе: Қиғаш өзенінің саға алды кеңістігінде Птичий, Ватажный, Иголкинский, Коневский, Мальцев, Новинский, Жар-Көсе, Тришкин, Деменьев, Верхняя коса учаскелерінде балық аулауға жол беріледі;
Тармақша 5
5) балық өту каналдардан 1 км екі жақ бағытта олардан 2 м тереңдікке дейін балық өту каналдарында;
Тармақша 6
6) Каспий теңізі қазақстандық секторының 67, 93, 94, 95, 98, 99, 123, 124, 125, 128, 150, 154, 155, 158, 159, 160, 181, 182, 187, 218, 219, 259, 260, 300 квадраттарында кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып;
Тармақша 7
7) Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында қойылмалы торларды қолдану арқылы жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 27
27. Қыс мезгілінде:
Тармақша 1
1) Жайық өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:
Буровиков – Буровиков ауылына қарама-қарсы, Бугорки ұйықтық учаскесінен 1,2 км жоғары Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 98 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 9 м, ауданы – 0,93 гектар (бұдан әрі – га). Координаттары: №47013.062 E051055.350;
Теңдік – Теңдік ауылына қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 150 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 13 м, ауданы – 1,35 га. Координаттары: №47009.825 E051056.408;
Водозаборлық – Жайық өзенінде, 1 учаске, қалалық су тарту Су-Арнасы. Параметрлері: ені – 88 м, ұзындығы – 135 м, тереңдігі – 10 м, ауданы – 1,18 га. Координаттары: №47007.813 E051055.733;
ОСВОД – ОСВОД-қа қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 140 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: №47006.750 E051055.147;
Қалалық – Жайық өзеніндегі АМӨЗ су жинақтағышына қарама-қарсы. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 120 м, тереңдігі – 16 м, ауданы – 0,6 га. Координаттары: №46057.240 E051o44.019;
Үлкен Дамба – мұз базасынан ағыспен жоғарға қарай 500 м Жайық өзенінің Золотой арнасында. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 300 м, тереңдігі – 8,7 м, ауданы – 3,0 га. Координаттары: №46057.813 E051045.252;
Кіші Дамба – Золотой арнасы Дамба жылғасымен түйіскен жерінен ағыспен төмен қарай ұзақтығы 200 м. Параметрлері: ені – 75 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,0 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: №46057.240 E051044.019;
Төменгі Пешной – Сасық өзектің жанында Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,9 га. Координаттары: №46 0 54.045 E051 0 30.558;
Үлкен Ганюшин – Яицкий жылғасындағы, сағадан жылғалармен 10 км ағыспен жоғары қарай балық қадағалау постының маңынан 240 м Жайық өзенінің атырауында. Параметрлері: ені – 60 м, ұзындығы – 50 м, тереңдігі – 8,0 м, ауданы – 0,3 га. Координаттары: №47000.564 E051047.368;
Кіші Ганюшин – Үлкен Ганюшин шұңқырынан 1 шқ ұзындығы 280 м құрайтын Яицкий жылғасында. Параметрлері: ені – 90 м, ұзындығы – 30 м, тереңдігі – 6,5 м, ауданы – 0,27 га. Координаттары: №47000.668 E051047.438;
Теңіздік – Яицкийдің оң жақ арнасында, Сол жақ Узенький жылғасының сағасынан 3 шқ ұзақтығы 150 м. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы – 20 м, тереңдігі – 4,5 м, ауданы – 0,04 га. Координаттары: №47000.317 E051044.802;
Қара – Золотой арнасынан бөлінген жерінен 300 м Яицкий арнасында. Параметрі: ені – 50 м, ұзындығы – 25 м, тереңдігі – 6,9 м, ауданы – 0,12 га. Координаттары: №47003.516 E051050.895;
Кукушин – Атырау қаласынан 208 км;
Абишев – Атырау қаласынан 397 км;
Круглов – Атырау қаласынан 400 км;
Камнов – Атырау қаласынан 461 км;
Сахарлық – Атырау қаласынан 472 км;
Бабров – Атырау қаласынан 578 км;
Жыра – Атырау қаласынан 629 км;
Вонючая – Атырау қаласынан 650 км;
Вертячая – Атырау қаласынан 654 км;
Джилимная – Атырау қаласынан 681 км;
Көк базар – Атырау қаласынан 718 км;
Тармақша 2
2) Қиғаш өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:
Дамба – Сумница өзенiндегi Дамба ұйықтық учаскесінің жылғасынан ағыс бойымен төменгі бағытта 850 м. Параметрлері: ені – 220 м, ұзындығы – 100 м, тереңдігі – 12 м, ауданы – 2,2 га. Координаттары: №46028.41 E048050.52;
Корзиналық – Корзиналық өзенiндегі Тік Каныча өзенiнiң бастауынан ағыс бойымен төменгі бағытта Манчаус өзенiнiң ойпатына дейiн ұзындығы 2000 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,3 га. Координаттары: №46028.37 E049004.40;
Канычин – Каныча өзенiнiң бойындағы Қызыл-Оба өзегінен төмен Тік Каныча өзенінің бастауына дейінгі ұзындығы 2500 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 80 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,1 га. Координаттары: №46028.56 E049002.30 балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тарау 9. 9. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен
тыйым салу
9. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен
тыйым салу
Тармақ 28
28. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
Тармақша 1
1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде 15 сәуірден 30 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 29
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 190 бұйрығына
2-қосымша
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері
Тарау 1. 1. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері
1. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) Шардара су қоймасының су айлағында 21 мамыр мен 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 31 мамырдан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 11 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 5
5) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарда 11 маусымнан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 6
6) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 тамыздан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 7
7) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда маусымның 11-нен бастап балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері (бұдан әрі – пайдалану орындары мен мерзімдері) мұздың ыдырауына дейін белгіленсін.
Тарау 2. 2. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
2. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 2
2. Мынадай:
Тармақша 1
1) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 6 маусымнан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 6 шілдеден 24 наурызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта.
Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 9 маусымнан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 5
5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Тарау 3. 3. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
3. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Мынадай:
Тармақша 1
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 31 мамырдан 15 сәуiрді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiнгі ағыстан төмен Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 11 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде 31 мамырдан 15 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 5
5) барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 6
6) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының ащы тұзды су айдындарында 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 7
7) ақсаха балық түрлерін аулау үшін Бұқтарма және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 8
8) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Тарау 4. 4. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
4. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 4
4. Мынадай:
Тармақша 1
1) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі Есіл, Нұра, Селеті өзендерінде және олардың барлық құймалары мен су қоймаларында 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) басқа су айдындарында:
шортан, аққайран, көксерке – 16 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) – 21 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
гамарус – 15 қыркүйектен 31 шілдені қоса алғандағы аралықта;
артемия жұмыртқалары – 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
өзен шаяндары – 16 шілдеден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Тарау 5. 5. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
5. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 5
5. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:
көксерке – 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) – 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта.
Тарау 6. 6. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
6. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 6
6. Мынадай:
Тармақша 1
1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдандарында:
шортан – 21 сәуірден 19 наурызды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 31 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
мөңке – 11 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
шортан, аққайран – 11 мамыр мен 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 1 шілдеден 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
нәлім – 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
шаян – 1 шілдеден 14 қазанды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Ақтөбе облысының су айдындарында:
шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпан, тарақ балық – 11 мамырдан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан – 6 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
нәлім – 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері – 1 желтоқсаннан 19 қазанды қоса алғандағы аралықта;
шаян – 6 маусымнан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында, сондай-ақ Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында 2 шілдеден 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Тарау 7. 7. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
7. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 7
7. Мынадай:
Тармақша 1
1) балық аулауға тыйым салынған орындарды есептемегенде, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 1 қыркүйектен 24 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) Түпқараған мүйiсiнен Бұрыншық мүйiсiне дейiнгi Маңғышлақ мыңаралы аралдары мен жапсарлас жағалауында 16 наурыздан 14 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Жайық және Қиғаш өзендерінің жанама су айдындарында 1 қыркүйектен 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 4
4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 15 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 5
5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 24 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 6
6) Құшым өзенiнде және Киров, Бітік, Донголюк, Пятимар су қоймаларында 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 7
7) Шалқар көлiнде, Жайық-Құсмұрын суғару-суару жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самара жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 8
8) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарында 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 9
9) шаяндарды аулау үшін барлық суда 16 маусымнан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 10
10) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 16 маусымнан 14 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Жайық өзенінде, оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 16 маусымнан 14 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Батыс Қазақстан облысының шегіндегі басқа су айдындарда 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Тарау 8. 8. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
8. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Тармақ 8
8. Мынадай:
Тармақша 1
1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 2 шілдеден 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 2
2) басқа су айдындарында 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Тармақша 3
3) Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде 1 шілдеден 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Басқа 3. Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті төрағасының міндетін
атқарушының 2015 жылғы
24 шілдедегі № 190 бұйрығына
3-қосымша
Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу
Тармақ 1
1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі – шектеу мен тыйым салу) Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Шектеу мен тыйым салу жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға қолданылмайды.
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2024 жылға дейін тыйым салу енгізілсін.