О создании исправительного учреждения Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемесін құру туралы Сотталғандарды ұстаудың жағдайларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Сотталғандар мен тергеу-қамауындағы адамдарды ұстауға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне көзделген қаражат есебінен және шегінде ("Түзеу мекемелері" кіші бағдарламасы) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/26 түзеу мекемесі" (бұдан әрі - мекеме) мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекеменің штат санының лимиті 375 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мекеменің штат санын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен;
Тармақша 3
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлімет көздерінің құпиясын ашу тәртібін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы, оның 3-тармағынан басқасы, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.