О введении временного запрета на вывоз дизельного топлива Қолданыста
Басқа 0
Дизельдік отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизельдік отынның қажетті қорын жасау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейін тұрмыстық пеш отынынан басқа дизельдік отынды (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 610 - 2710 00 690) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.29. N 1268
қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп 2001 жылғы 20 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметіне республика ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизельдік отынмен қамтамасыз ету ісінің жай-күйі туралы ақпарат беріп отырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.