О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9943 тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 200 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 3
3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы, осы қаулының 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Төраға __________ Ә. Смайылов
2015 жылғы 24 тамыз
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 155 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
1-қосымша
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесі
Тармақ 1
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 155 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
6-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 155 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына
11-1-қосымша
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Басқа 4. Қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 155 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 200 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу ережесіне
1-қосымша
Қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат
Банк клиенті Кодтар Банк белгілері
___________________________________________________________________________
(толық атауы)
___________________________________________________________________________
Банк клиентінің орналасқан жері
___________________________________________________________________________
тел.
___________________________________________________________________________
Банк (банк филиалы, бөлімшесі)
___________________________________________________________________________
(толық атауы)
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) орналасқан жері
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
тел.
___________________________________________________________________________
Банктік шоттың түрі
___________________________________________________________________________
Клиенттің жеке сәйкестендіру коды
___________________________________________________________________________
Осы құжатта көрсетілген үлгілер клиенттің келісімін талап ететін банктік шот
бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде міндетті деп саналсын
___________________________________________________________________________
Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қол қою үлгісі Мөр бедерінің
үлгісі
___________________________________________________________________________
Бірінші
қол _______________________________________________________________________
Екінші
қол _______________________________________________________________________
Сыртқы беті
Үлгілерді куәландыруға уәкілетті адамдардың аты-жөні
Үлгілерді
куәландырған күн
Үлгілерді куәландыратын адамдардың қолдары және мөрлері
(қолдар)
(мөр)».