Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Шетского района Күшін жойған
Басқа 0
Шет ауданының
шалғайдағы елді мекендерінде
тұратын балаларды жалпы білім
беретін мектептерге тасымалдаудың
схемасы мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес Шет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Шет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Азамат Азатұлы Әбілдинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№28/02 қаулысына
1-қосымша
Ақсу, Шопа ауылдарында, Майзавод бөлімшесінде тұратын балаларды Қошқарбай ауылының Нұраталды жалпы орта білім беретін мектебіне тасымалдау схемасы
Басқа 6
Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№28/02 қаулысына
2-қосымша
56 разъезде тұратын балаларды
Алихан ауылының Алихан негізгі орта білім беретін мектебіне тасымалдау схемасы
Басқа 7
Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№28/02 қаулысына
3-қосымша
Қармыс ауылында тұратын балаларды
Үңірек ауылының Шет жалпы орта білім беретін мектебіне тасымалдау схемасы
Басқа 8
Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№28/02 қаулысына
4-қосымша
Қарамұрын станциясында тұратын балаларды
Красная поляна ауылының Красная поляна жалпы орта білім беретін
мектебіне тасымалдау схемасы
Басқа 9
Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№28/02 қаулысына
5-қосымша
Тұмсық ауылында тұратын балаларды Ақсу-Аюлы селосындағы
Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясына және Жамбыл
Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясына тасымалдау схемасы
Басқа 10
Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№28/02 қаулысына
6-қосымша
Жыланды ауылында, Целинный елді мекеніндегі тұратын балаларды
Көктіңкөлі ауылының Көктіңкөлі жалпы орта білім беретін мектебіне тасымалдау схемасы
Басқа 11
Шет ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№ 28/02 қаулысымен
бекітілген
Шет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабымен және «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабымен сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасымен» сәйкес құрастырылған.
Балаларды тасымалдау осы Қағиданың талаптарына сәйкес «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншігіндегі және оралымды басқару құқығына ие болып табылатын жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:
Тармақша 1
1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;
Тармақша 2
2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.
Тарау 2. 2. Балаларды тасымалдау тәртібі
2. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 3
3. Балалардың 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) тыйым салынады.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
Тармақ 4
4. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.
Тармақ 6
6. Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
Тармақ 6
6. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
Тармақ 7
7. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 8
8. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Тармақ 10
10. Балаларды тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде тасымалдаған жағдайда фаралардың жақын немесе алыс жарығымен қоса тұманға қарсы фаралар пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушiге:
Тармақша 1
1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқуға және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзуға;
Тармақша 2
2) қозғалыс барысында автобусты басқарудан алаңдауға (сөйлесуге, тамақ iшуге, кабинада қатты музыка қосуға);
Тармақша 3
3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүруге;
Тармақша 4
4) топырақ жолдарға шығып кетуге және олармен жүруге (балаларды жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа) тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
Тармақ 13
13. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) салонда тұруына және жүруiне;
Тармақша 2
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
Тармақша 3
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
Тармақша 4
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
Тармақша 5
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
Тармақша 6
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
Тармақша 7
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
Тармақша 8
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
Тармақша 9
9) есiктердi ашуына;
Тармақша 10
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
Тармақша 11
11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
Тармақша 12
12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
Тармақ 14
14. Ерiп жүрушiлер мыналарды қамтамасыз етедi:
Тармақша 1
1) барлық оқушылардың қозғалыс, аялдау, тамақтану, түнеу кезiнде жеке гигиена ережелерiн сақтау;
Тармақша 2
2) әрбiр топта дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуге қажеттi дәрiгерлiк және тану құралдарының жиынтығымен жабдықталған медициналық дәрi қобдишасы болуын;
Тармақша 3
3) балалардың хал-жағдайын әрдайым қадағалауын, қажет болған жағдайда ауырғандар мен жарақаттанғандарға дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуiн.
Тармақ 15
15. Барлық маршрут бойы балалар автобусқа алғашқы отырғызу кезiнде оларға бөлiнген орындарды алады. Автобустың қозғалыс барысында және аялдамадан (тұрақтан) кейiн ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз орыннан орынға отырғызуға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Автобус салонындағы терезелер (желдеткiштер) жабық болады. Салонды желдету қажет болған жағдайда және тек ерiп жүрушiнiң рұқсатымен ғана төбедегi желдету люктерi ашылады.
Тармақ 17
17. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы тиiс.
Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көру жағдайында аялдама (тұрақтау) жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы жарық құралдарын пайдаланған жөн.
Тармақ 18
18. Ерiп жүрушiлер қауiпсiздiк шараларын сақтау қажеттiгi, топтың артында қалып қоюына жол берiлмейтiндiгi және егер бала қалып қойған жағдайда iс-қимыл тәртiбi туралы балаларға ескерте отырып, әрбiр аялдаманың алдында тұрақтау уақытын хабарлайды.
Тармақ 19
19. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiктер арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушiлер шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: бiреуi – автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екiншiсi – автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
Балалар автобусқа оралғаннан кейiн ерiп жүрушiлер балалардың өз орындарында орналасқандығына көз жеткiзедi, содан кейiн ғана жүргiзушiге сапарды жалғастыру мүмкiндiгi туралы хабарлайды.
Тармақ 20
20. Маршрут бойынша автобустың қозғалысы мына жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) автобуста Жол жүру ережесiне сәйкес қозғалыс немесе оларды пайдалану тыйым салынған техникалық ақаулар пайда болғанда;
Тармақша 2
2) жол-метеорологиялық жағдайлар өзгергенде және қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес автобустар қозғалысына тыйым салынған тасымалдаудың қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн өзге де жағдайларда (көк тайғақ, тұман, жолдардың бұзылуы, жүретiн жолдың маңында авариялар болу);
Тармақша 3
3) жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талғанда;
Тармақша 4
4) жүргiзушiнiң хал-жағдайы нашарлағанда.
Тармақ 21
21. Техникалық ақауға байланысты автобусты мәжбүрлi тоқтатқан кезде жүргiзушi және еріп жүрушілер Қазақстан Республикасының заңнамасын негізге алады.
Тармақ 22
22. Жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда жүргiзушi және ерiп жүрушiлер көлiк құралынан балаларды олардың жеке заттарын шығармай жедел эвакуациялау қажет.
Тармақ 23
23. Көлiк құралында өрт пайда болған жағдайда ерiп жүрушiлер:
Тармақша 1
1) өрт жөнiнде жүргiзушiге белгi беруге;
Тармақша 2
2) көлiк құралы тоқтағанға дейiн балаларды өрт көзiнен мүмкiндiгiнше алысырақ апаруға және оны салонда бар өрт сөндiргiшпен және қол астындағы заттармен сөндiруге кiрiсуге;
Тармақша 3
3) тоқтағаннан кейiн балаларды және барлық жолаушыларды көлiк құралы жарылған кезде жарақаттарды болғызбайтын қауiпсiз қашықтыққа жеке заттарсыз жедел шығаруға міндетті.
Тармақ 24
24. Жол-көлiк оқиғасы және өрт кезiнде балаларды көлiк құралынан эвакуациялағаннан кейiн ерiп жүрушiлер және жүргiзушi:
Тармақша 1
1) зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге және оларды жақын орналасқан дәрiгерлiк мекемеге жеткiзуге;
Тармақша 2
2) жол-көлiк оқиғасы немесе өрт орнына жол полициясы және егер қажет болса «жедел көмек» қызметкерлерiн, құтқарушыларды, өртке қарсы қызметтiң мамандарын шақыру шараларын қабылдауға;
Тармақша 3
3) зардап шекпеген балаларды олардың қауiпсiздiгiне қауiп төнбейтiн орынға жинап, оларды тыныштандыруға, қажет болған жағдайда денсаулығы әлсiреген, жүрек-тамыр және асқынуы стреске әкеп соғуы мүмкiн өзге де аурулары бар балалардың дәрiгер белгiленген дәрiлердi қабылдауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) өрттi сөндiрудi аяқтағаннан кейiн, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасы орнында қауiп болмаған кезде жол полициясы қызметкерлерiнiң келiсiмi бойынша топ жетекшiлерiнiң және ересек ерiп жүрушiлердiң күшiмен мүмкiндiгiнше балаларды тартпай жеке заттарды жинап, оларды балаларға беруге;
Тармақша 5
5) балаларды онан әрi тасымалдау мүмкiндiктерiн және маршрутын анықтауға;
Тармақша 6
6) қажет болғанда орынға келiп жеткен жол полициясының қызметкерлерiне балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтiнiш жасауға;
Тармақша 7
7) телефон арқылы оқиға және балалардың хал-жағдайы туралы тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiгiне хабарлауға, оның көмегiмен медициналық мекемелерге жiберiлген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және хал-жағдайы туралы, сондай-ақ зардап шекпеген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және топтың онан әрi жүру маршруты туралы жедел хабарлауын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 25
25. Балалардың тасымалдауын орындаған кезде автобустың жүргiзушiсi маршруттың соңғы пунктiне келген бойдан ол туралы тасымалдаушыға хабарлауға тиiс.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 26
26. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.